Қазақстандағы ашаршылық: cебептері мен салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

“Қазақстандағы ашаршылық: cебептері мен салдары”

Ашаршылық - саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден ашаршылыққа ұшырайды. Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған.

1929-1930 жылдардың қысында жұт болды.

1931-1933 жылы жаппай ашаршылық орын алды, ол тарихта “ҰЛЫ ЖҰТ” деп аталды.

Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы - 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы-Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы, екіншісі- табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ға дейін азайған.

Екінші ашаршылық 1930-1933 жылы болды. Оның себебі- Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т. б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1930- 1933 жылдардағы аштықтан, суықтан және өзге де ауру сырқаулардан 2 млн. 200 мыңдай қазақтар мен 200-250 мыңға жуық басқа ұлт өкілдері қаза тапты. 1млн 700 Мың адам Қытайға, Монғолияға, Иран және Ауғанстанға көшіп кетті.

Осыдан 86 жыл бұрын, 1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді.

1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған Голощекин тұсында қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді.

«АША ТҰЯҚ ҚАЛМАСЫН»

«Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы 28 тамыздағы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, совет өкіметі ірі байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды.
Бұл советтік саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранмен жүзеге асты.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40, 5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4, 5 млн бас еді . 1931-1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6, 2 млн республика халқының 2, 1 млн-ы қырылды.

Осылайша, Голощекиндік геноид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы - большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.

Әкімбай Несібелі. ТФП 2020 004-01қ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстанда ашаршылық жылдары
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Әскери коммунизм саясаты
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz