Бүгінгі біздің ата-бабаларымыз берік ұстанған кісілік құндылықтар


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырып : Бүгінгі біздің ата-бабаларымыз берік ұстанған кісілік құндылықтар?
Орындаған : Илесова Шолпан
Тобы : 129-28
Курс : 2
Қабылдаған : Арынғазиева Б. Б.
1. Бүгінгі біздің қоғамда ата-бабаларымыз берік ұстанған кісілік құндылықтар?
Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр. Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол ежелден бала тәрбиесіне, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерлерге байланысты үш түрге бөлінген. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мәселен, шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу. Тұрмыс-салт дәстүріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдары жатады. Мал бағу, егіншілік, аңшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері халқымыздың дәстүріне сай жүргізіледі. Ұлтымыздың ұлттық сөз өнері, аспаптары, мерекелері, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден біздің биік тұрғанымызды көрсетеді. Оның бір дәлелі, баспанасы киіз үй болған уақытта қазақтардың оның ішіндегі түрлі тұрмыста қолданылатын заттарын, бұйымдарын, киім-кешектерін шебер жасай білгендігі. Тағы бір айта кетерлік жайт, қазақ халқы дәстүрліқолөнер түрлеріне өте бай ел.
2. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеуірінді ықпалы қандай деңгейде?
Менің ойымша қазіргі кезде Батыстық бұқаралық мәдениеттің ықпалы айтарлықтай жастарға әсер етуде. Қазір ұлттық мәдениет батыстық бұқаралық мәдениетпен сипатталатын вестернизация үлгісімен өзгерістерге ұшырауда. Нарықтық қатынастар қалыптастыратын индустриалды қоғам талаптары мен заңдылықтарына жауап беретін құндылықтар тамырдан ажырап босаған сана мен өмір салаларына дендеп енуде. Ауызекі мәдениеттен жазба және кітап мәдениетіне көшу, одан экрандық виртуалды мәдениетке өту, әліпбидің қысқа уақыт ішінде бірнеше мәрте ауысуы да өзіндік әсерін тигізеді.
... жалғасы3. Поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталған ба?
Қазіргі кезде кез-келген әнші қазақы қоңыр дауыспен ән сала алмайды. Осыған қарай бұл бірте-бірте жоғалып бара жатқан дарынымыз десекте болады деп ойлаймын. Дегенмен қазақтың ерекше дауысын дәріптеп бүкіл әлемге паш етіп жүрген Димаш Құдайберген және Айгүл Қосанова және т. б. Сонымен бірге қазақы аспаптарды дәріптеп жүрген Қоңыр тобында айтуға болады. Қазақи өнерімізді жас ұрпаққа таныстырып, баулу керек.
4. Күнделікті тіршіліктен, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан нені анық байқауға болады?
Ең бірінші байқалатыны өсу мен даму, ал рухани мәдениет тұманданып материалды тәуелділік көбейгендей. Ғылымда күннен-күнге жаңалықтар ашылып, жаңа технологиялар қолға алынып жатыр.
5. Не құнды?
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Әр адамға құндылық әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы біріне ақша, біріне өмір ал біріне махаббат. Ал маған ең құндысы менің осы өмірім және жақындарым. Құндылық бұл өмір сүруіге ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын категория.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz