Психологиялық зерттеудің Қазақстандағы психология ғылымы и аппараты және оның негізгі әдіснамалық базасын негіздеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Психологиялық зерттеудің Қазақстандағы психология ғылымы и аппараты және оның негізгі әдіснамалық базасын негіздеу.
Әңгімемізді психология ғылымына жан-жақты талдау жасаудан бастасақ. Бұл ғылым біз үшін беймәлімдеу сала. Ғалымдар бұл құпиясы ашылмаған әлем деп жатады. Психология нені зерттеп, немен шұғылданады?
- Қазіргі кезде жасына, әлеуметтік жағдайына, білім деңгейіне, мамандығына қарамай-ақ, адамдардың психология ғылымына назар аударуы, қызығушылық танытуы айқын аңғарылады. Бұл қоғамның ізгілікті бағытта, адамдардың рухани ділінің дамуын қамтамасыз етуде психологияның маңызды рөл атқаруы тиіс екендігінен шығатын болуы керек. Әрі психологиялық білімнің осы заман адамдарының әрқайсысының күнделікті өмірі мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны көпшілікке мәлім. Әсіресе, қазіргі кезде жастарға, жалпы кез-келген тұлғаға іс-әрекет пен қарым-қатынасты субъект ретінде жетілдіруі үшін психологиялық даярлықты жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт.Десек те, біз үшін психология, психолог ұғымдары таныс болса да, осы психология ғылымының нені зерттеу керектігін тіпті жоғары білімді адамдардың өздері дәлме-дәл анықтай алмай шатасып жатады.
Барлық дерлік психология оқулықтарында адамның да, жануардың да психикасын зерттейтін ғылымды психология деп анықтайды. Нақты айтсақ, психологияның зерттеу нысаны психика болады. Ал психиканың өзіне берілетін ғылыми анықтамаларды сөзбе-сөз келтіріп, талдамай-ақ, оларды былайша жалпылап түсіндірейін: адам психикасының дамып, жетілуі ең алдымен мидың даму деңгейімен, мидың қызметімен байланысты болса, екіншіден, адамның қоғамдағы қатынастар жүйесімен, яғни алған тәрбиесімен, білім деңгейімен, мәдениетті меңгеруімен анықталатын күрделі, біртұтас құбылыс болып табылады. Осыған орай адам психикасы оның іс-әрекеті, ортамен өзара әрекеттестігі, өзіне және басқаларға деген қатынастары, мінез-құлық пен жүріс-тұрыстарының барша көріністері арқылы танылады. Сондықтан, психология әлбетте адам баласының жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму белгілерін; психикасындағы оңды және теріс өзгерістерді; бұл өзгерістердің себептері мен салдарларын; тұлғалық жеке-дара қасиеттері, танымдық процестері және психикалық жай-күйі туралы психологиялық деректерді талдап, психологиялық дамудың заңдылықтарын тағайындайды, осы дамудың психологиялық механизмдерін анықтап, зерттейді.
Психология адам өміріндегі көкейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Психология ғылымының теориясы мен тәжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы адам баласы өз өмірінің сценаристі, режиссері және актері ретінде дамуын, оның зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің мүмкіндігі артады.
Алайда, қазіргі жаһандану заманындағы қоғамда адамдардың жан күйзелісін басу үшін ғылыми-әдіснамалық негізі жоқ, түрлі бақсы-балгерлік әдіс-тәсілдердің ықпалынан оңалмас зиян шегу жайттары да аз кездеспейді. Сондықтан психология ғана адам баласының тұлға, маман ретінде психологиялық сауаттануын қамтамасыз етіп, оның психологиялық құзіреттілікке жетуіне, психологиялық мәдениетті игеруіне ықпал етеді.
- Елімізде психология ғылымының бүгінгі ау-жайы қалай? Қазақ психология ғылымы саласы қандай жетістіктерге жетті, неден кеш қалды?
- Жалпы психология ғылымдар жүйесінде жас ғылыми сала болып табылады. Ал қазақстандық психология ғылымының негіздері өте ертедегі даналардың ұлағатты ойлары мен тағылымы мол еңбектерінен, қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі психологиялық мазмұннан бастау алғанмен, оның ғылым ретінде орнығып, қарқынды дамуына көп уақыт бола қойған жоқ.
Психология өте көп ғылыми салалардан тұрады. ХХ-ғасырдың орта тұсында ресейлік танымал ғалым К.К. Платонов оның 100-ге тарта салаларын ажыратып, жіктеген еді. Одан бергі қаншама 7-8 онжылдықта бұл сан еселеп артқан шығар. Осы салалардың арасында педагогикалық психология ерекше орын алады. Себебі дәл осы педагогикалық психология саласындағы зерттеулерге байланысты Қазақстанда ғылыми психология пайда болып, қазір де қарқынды дамуда деуге болады.
Ана тілімізге психологиялық ұғымдардың кірігіп, қордалануы үшін, жастардың психологиялық сауатын ашып, олардың даму процесін жеделдету мақсатында Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев көшбасшылық танытып, жанкештілікпен зор еңбек еткені мәлім. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов алғаш рет қазақ тіліндегі Психология, Жан жүйесі мен өнер таңдау кітаптарын 1926 жылы-ақ жарыққа шығарған.
Қазақстанда психологияның жеке ғылыми сала болып шығуына негіз, тұғыр болған педагогикалық психологияның жаңа бір қарқынмен дамуға беталысы ХХ-ғасырдың екінші жартысында болды. Бұған республикада 1946-жылы тұңғыш психология кафедрасының қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылуы, жоғары мектеп оқытушыларының психология-педагогика ғылымдары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуі, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар дайындауы орасан ықпалын тигізді.
Педагогикалық психология бойынша құнды еңбектерімен, жоғары мектептегі озық іс-тәжірибелерімен - Ш. Әлжанов, Ә. Асылбеков, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Ә. Сыдықов, С. Балаубаев, Е. Суфиев, М. Мұқанов, А. Алдамұратов, Р. Қарамұратова, Қ. Рақымбеков сияқты талай тұлғалар ғылыми қорды байытып, тарихта есімдері қалды.
Республикада педагогикалық психологияның дамуына академик Төлеген Тәжібаев елеулі үлес қосты. Ол түрлі деңгейдегі аса жауапты басшылық қызметтер атқара жүріп, Қазақстанда алғаш рет психолог-педагог маман дайындау ісіне бастамашы болған-ды. Т.Т. Тәжібаев білім беруде психология мен педагогиканы үйлестіре отырып, педагогикалық психология аясында зерттеу жүргізген, К.Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарастарын талдап, қарастырған.
Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының дамуына академик Т. Тәжібаевтың шәкірті Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың қосқан үлесі зор болды. М.М. Мұқанов республикада тұңғыш психология ғылымдарынан докторы ғылыми дәрежесіне ие болған ғалым еді. М.М. Мұқанов оқу-тәрбие психологиясына, білім берудің жас ерекшелікке байланысты психологиялық астарларына қатысты Педагогикалық психология очерктері (1962 ж.); Жас және педагогикалық психология (1982 ж.) сияқты көптеген осы кезге дейін теңдесі жоқ 200-ден астам еңбектер жазған. Сонымен қатар, М.М. Мұқановтың өзі адамның тұлға және маман ретінде дамуын зерттеп, жетілдіруге үлес қосқан талай шәкірт дайындаған.
Жоғары мектепте психологиялық білім беруге арналған қазақ тіліндегі оқулықтар дайындау республикада психология ғылымының дамуымен астасатыны анық. Осыған байланысты, 1966 жылы А. Темірбеков пен С. Балаубаевтың педагогикалық институттар мен университеттердегі студенттерге арналған Психология атты қазақ тіліндегі алғашқы оқулықты дайындап жарыққа шығаруы, психологияның дамуында ерекше рөл атқарды.
Содан бергі уақытта, өз егемендігімізге қол жеткізгеннен кейін елімізде психология ғылымының қарқынды даму беталысы айқын аңғарылады. Оны республикада тек педагогикалық психология емес, этнопсихология, тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, заң психологиясы, әскери психология сияқты қоғам дамуында маңызы зор психологияның бірқатар салалары бойынша әріптестерімнің зерттеулер жүргізіп, әлемге танымал баспаларда еңбектерінің жариялануы дәлелдейді.
Алайда, ғылым қашанда объективтілікті талап етеді. Сондықтан, біздің елдегі психологияның теориялық та, тәжірибелік те жақтарының дамуында кештеу қалған тұстарымызды да айта кету керек. Барлығын тізбелемей-ақ, мына жайды атап кетейін.
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуына ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы неміс ғалымдарының зерттеулері себепкер болды. Неге психология ғылымның отаны Германия болды? Себебі, Германия үкіметі ХIХ ғасырда психология ғылымының дамуына ерекше назар аударып, оқу орындарында психологиялық зертханалар мен психологиялық көмек көрсету орталықтарының ашылып, жұмыс істеуіне орасан қаржы құяды. Ал бізде әлі күнге дейін психологиялық зерттеу жүргізу шын мәнісіндегі күрделі мәселе болып табылады. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін біздің еліміздің бірде-бір ғылыми мектебінде толымды психологиялық эксперимент жүргізуге керекті арнайы құралдармен жабдықталған психологиялық мекемелер, орталықтар тұрмақ, бір бөлмелі зертхана да жоқ. Сондықтан, зертханасыз-ақ, психологиялық диагностикада, зерттеулерде қолданылатын әдістемелермен зерттеу жүргізіп жатқан жайымыз бар. Бірақ осы әдістемелерді мемлекеттік тілде сөйлейтін адамдарды психологиялық зерттеуге қолданудың өзіндік талап-шарттары бар. Осы талаптарды басшылыққа алар болсақ, басқа тілдегі әдістемелер күрделі бейімделу, стандартталу сатыларынан өтіп, әр әдістеме бір-бір докторлық диссертация деңгейінде зерттеліп, қазақ тілінде қолдануға лайықталуы керек. Сонда қазіргі кезде толымды, барлық талап-міндеттерге сай психологиялық зерттеу жүргізіп, психология ғылымын дамыту еліміздегі осы саладағы ғалым-зерттеушілердің белсенділігіне, бастамашылығына, ерен еңбегі мен жауапкершілігіне ғана арқа сүйеп отыр. Бірақ, бұл тұлғалық сапалар - психология ғылымының даму мәселесін шешуге қажетті бір ғана шарт.

Ғылым даму үшін сәйкесінше материалдық база керек, ғалымдарға объективті зерттеу жүргізуге жағдай жасалынуы тиіс. Психологиялық зерттеу, психологиялық диагностика кез-келген мекемедегі немесе кез-келген тұлғаға психологиялық қызмет, психологиялық қолдау көрсетуге негіз болатыны анық. Ал қоғамда психологиялық білімге, психологиялық қызметке деген зәрулік өте жоғарыболғандығына қарамастан елімізде психология ғылымының теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дамуына айтарлықтай көңіл аударылмауда.
Бұл пессимизмді оптимизмге ауыстырайық. Елбасының соңғы Жолдауындағы ғылымның алдыңғы орынға қойылғанын, екіншіден, Мен жастарға сенемін - деп, М. Жұмабаев айтқандай, қазіргі жастардың зияттылығын, өздерін танытуға деген ұмтылысын, қоғамның ғылым-білімге деген талап-зәрулігін ескерсек, еліміздегі тек психология ғылымының ғана емес, басқа да көптеген ғылымдардың әлемдік білім қорын байытып, айтарлықтай биіктен көрініп, танылатын уақыты алда дегім келеді.
- Тәуелсіздік алып, еңсемізді түзегелі бергі уақытта Қазақстан психология ғылымы саласында ашылған жаңалықтар бар ма? Болса қандай және болмаса себебі неде жатыр?
- Қазір жоғары оқу орындарында дәріс оқып, ғылыми-зерттеу мектептерін құрған ғалымдар Қазақстандағы психология ғылымдарының сан саласын дамытып келеді. Олардың жоғары мектеп психологиясының дамуына қоғам талабына сай маман дайындау, психологиялық білім берудің оқу-әдістемелік негізін нығайту, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасау арқылы атқарып отырған еңбектері орасан зор. Қазақстанда психология ғылымының әрқашан көкейтесті болатын мәселелерін зерттеу арқылы республика аумағында ғана емес, әлемдік психология-педагогика ғылымдарының қордалануына себепкер болған ғалым-тұлғалар баршылық. Сондықтан, республикадағы психологияның өсіп-өркендеуі Р.Б. Қарамұратова, С.М. Жақыпов, Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Ы. Намазбаева, Х.Т. Шерьязданова, В.К. Шабельников сынды белгілі психолог-ғалымдардың есімдерімен тікелей байланысты.
Мәселен, маған студент кезімде білім берген ұстазым, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Раиса Башибайқызы Қарамұратованы педагогикалық эмпатия бойынша республикада ең алғаш зерттеу жүргізген, болашақ мұғалімдерде педагогикалық эмпатияның қалыптасу заңдылықтарын тұжырымдаған ғалым екендігін үнемі мақтанышпен айтамын. Ұстазымның ғылыми еңбектеріне Ю.Б. Гиппенрейтер сынды мүйізі қарағайдай ресейлік ғалымдардың берген жоғары бағасы, жасаған сілтемелері қаншама. Сонымен қатар, М.М. Мұқановтың шәкірті болған Раиса Башибайқызы Грузиядағы белгілі К.Д. Узнадзенің психологиялық ғылыми мектебінде диссертациясын қорғаған қазақ қыздарының тұңғышы еді. Раиса Башибайқызынан білім алып, кейін оқытушылық қызмет таңдаған Ж.Қ. Әубәкірова, Н.Д. Унарбекова, М.Д. Ауренова, А.З. Теңкебаева сияқты психолог-оқытушылардың психологиялық зерттеулері де бірегейлікпен, аса өзекті мәселелерді жан-жақты қарастыруымен ерекшеленеді.
Студенттердің оқу әрекетінің психологиясы, танымдық іс-әрекеті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыповтың ғылыми мектебінде қарастырылып, болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытудың механизмдері тағайындалған. Ғалымның жасаған зерттеу тұжырымдамалары оқытудың психологиялық құрылымын, теориялық-әдіснамалық негіздерін дәйектеп, бірегей ғылыми ұстанымды танытады. С.М. Жақыпов - жоғары мектептің оқу процесіне жүйелі психологиялық талдау жасаған тұңғыш зерттеуші. Студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдірудің, жоғары білім беру тиімділігін арттырудың негізгі шарттары мен кешенді құралдары профессор С.М. Жақыповтың еңбектерінде негізделіп, тұжырымдалған. С.М. Жақыповтың теориялық-эксперименттік зерттеулерінде, іс-тәжірибесін таратуда бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет оқу процесінің құрылымындағы жүйе ұйыстырушы фактор болатындығы, оқу әрекетінің, оқытудың тиімділігін анықтайтыны жан-жақты зерттеледі.
Ал Қазақстандағы психологияның өркендеуіне көлемді еңбек сіңірген, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырып келе жатқан ғалым - педагогика ғылымдарының докторы және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев. Ғалымның этнопедагогика, этнопсихология, психология тарихы бойынша бірегей зерттеулері; студенттерге психологиялық білім беруді жүзеге асыруға қатысты жазған оқу құралдары, оқулықтары құндылығымен, республика аумағында барынша таралып, қолданумен ерекшеленеді. Қ.Б. Жарықбаев ғылыми жетекшілігі арқылы магистр, ғылым кандидаты, ғылым докторы сияқты жоғары академиялық, ғылыми атақтарға ие болған шәкірттерімен де республикадағы психологияның дербес ғылым, пән болуында ерекше орын алады.
Психологиялық дамудың өзекті мәселелерін кешенді теориялық-әдіснамалық негізде шешуді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалымы, психология ғылымдарының докторы, академик Жәмилә Ыдырысқызы Намазбаеваның ғылыми мектебі қарастырады. Ғалым Ж.Ы. Намазбаева қазіргі психология, дефектология ғылымдарының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған Л.С. Выготскийдің ғылыми зертханасында ізденуші болып, С.Я. Рубинштейн, Ж.И. Шиф сияқты ғалымдардың жетекшілігімен нәтижелерінің өміршеңдігімен ерекшеленетін зерттеулер жүргізген. Мәселен, Ж.Ы. Намазбаева студент кезінде өзіндік бағалауды анықтауға бағытталған белгілі Дембо-Рубинштейн әдістемесін бейімдеп, модификациялауға қатысады. Ж.Ы. Намазбаева - қазақ қыздарының арасында алғашқы психология ғылымдарының докторы. Сонымен қатар, 1993-жылы Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет психология ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғататын Арнайы Кеңестің ашылып, оған Ж.Ы. Намазбаеваның төрайым болуы, психологияның жаңа сатыға көтеріліп, дамуына айтарлықтай қосылған үлес еді. Сондай-ақ, қазір Ж.Ы. Намазбаева Қазақстанда тұңғыш ашылған Психология ҒЗИ-ның директоры ретінде психология ғылымының өркендеуіне жағдай жасауда.
Менің докторлық диссертация қорғауыма ғылыми кеңесші ретінде көп көмек берген ұстазым Хорлан Шерьязданованың психология ғылымының дамуына қосқан үлесі тіптен ерекше. Жоғары оқу орнында психологиялық дайындауды, тұлғаның өзін-өзі тану процесін және қарым-қатынастың коммуникациялық, интеракциялық, перцепциялық құрылымдарын жетілдірудің заңдылықтары мен мүмкіндіктерін негізге алып, психологиялық технологияларды оңтайлы қолданудың теориялық және практикалық тұрғылары Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Хорлан Тоқтамысқызы Шерьязданованың ғылыми мектебінде жан-жақты зерттеліп келеді. Х.Т. Шерьязданова - Бөбек балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Намазбаева басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқан Өзін-өзі тану республикалық жобасының психологиялық тұжырымдамасын алғашқылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
ХХ – ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси әлеуметтік жағдаяттардың психология ғылымының дамуына ықпалы
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер