БАҚ-тың жастардың дүниетанымына әсері қандай


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Студент: Аубакирова Марал

Тобы: Экология 2 курс

Оқытушы : Абдуразакова Гаухар

Сөз саны: 525

БАҚ-тың жастардың дүниетанымына әсері қандай?

Қазіргі өмірді бұқаралық ақпарат құралдарсыз елестету қиын. Себебі, қазір барлық мағлұматты теледидар көру, газет журналдар оқу, интернет желісі, әлеуметтік желіде достарымызбен сөйлесу арқылы білеміз. Жастар бүгінгі таңда әлеуметтік желілерге тәуелді, сонын себебінен, күнделікті БАҚ-пен кездеспеуі мүмкін емес. жастар БАҚ-тың қызу тұтынушысы, ал БАҚ өз уақытында жастар аудиториясына әсері зор. Сондай-ақ, біз жастарға оң және теріс медиа әсері бар екенін білеміз. Менің ойымша, бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың мінез - құлқына әсер ету проблемасы біздің қазіргі қоғамда өте өзекті, өйткені бүгінгі таңда халықтың көп бөлігін жастар (60% - дан астам) құрайды, ал БАҚ жастардың пікірін қалыптастыруға, жасөспірімдерді тәрбиелеуге және т. б. үлкен әсер ететін "төртінші билік" болып табылады [1] .

Қазір бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орынсыз мінез-құлқынан көрінетін теріс әсері туралы жиі айтылады [1] . БАҚ - қол жетімділігіне байланысты, бір жағынан, адамдарды ағартуға, олардың қоғамдық өмірге қатысуына ықпал етуге және көмектесуге қабілетті, ал екінші жағынан қоғамға қарсы мінез-құлықпен жалған ақпарат бере алады [2] . Жастар әлі толық жақсы мен жаманды ажырата алмайды. Пайдаланушы керек және керек емес ақпаратты ажырата алған жағдайда ғана БАҚ пайдалы бола алады. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалған білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар [3] . Ойындар, теледидар жастарға өте зиянды әрі қауіпті деген ой осыдан қалыптасады. Жастар БАҚ-та көрсетілген жалған ақпараттардың әсерінен өмірге көзқарасы өзгеріп дұрыс емес шешімдерді қабылдап, нашар жолға түседі. Қазіргі уақытта теледидарлық зорлық-зомбылық мәселесі ерекше өткір болды. Қазіргі заманғы барлық дерлік сериалдарда, фильмдерде және тіпті мультфильмдерде зорлық-зомбылық бар. Осындай көріністі көрген жасөспірімдерде агрессия пайда болады деп есептеймін. БАҚ сонымен қатар дөрекі ақпарат, порнография көзі болып табылады. Теледидарда көптеген эротикалық фильмдер таратылады, олар қазіргі жастарды бүлдіреді. Қорқынышты нәрсе, біз бұл өрескелдікті теледидардан ғана емес, газеттерден, журналдардан да көреміз [1] . Бұл БАҚ-тын жаман жақтары болып келеді

Пайдалы және жақсы жақтарына тоқталып кететін болсақ азаматтардың жекелеген саяси құбылысымен оқиғаларды қабылдауына белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы саясатқа көзқарасын қалыптастырады [4] . Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдары өте көп, сіз бәрін - және әртүрлі көзқарастардан біле аласыз. Егер аудитория саясатқа қызығушылық танытпаса әрбір адамды қызықтыратын тақырпты табуға болады [2] . Жастар өздеріне ұнайтын және де пайдалы бола алатын заттарды тез таба алады. Өмірде болып жатқан жаңалықтарды оқып, қарау арқылы ой-өрісін кеңейтеді, және де өз алдарына мақсат қояды. Керекті ақпарттарды өз өмірлерінде қолдану барысында ертеңгі таңды болжап дайын бола алады. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың жалпы, соның ішінде саяси мәдениетін арттырады. Сол себебті БАҚ жастар мен жасөспірімдердің өміріне тек зияның ғана емес пайдасын тигізеді деген ойдамын.

Қорытындылай келгенде, БАҚ жастармен жасөспірімдердің дүнеитанымына жақсы әсері ете ме әлде теріс әсер ете ме? деген сұраққа нақты жауап беру қиын. БАҚ- тың жастардың мінез-құлқына және де дүниетанымына оң және де теріс әсері бар. Жастар керексіз ақпаратты қабылдап, жалған білім немесе дұрыс емес дүниетанымға ие болу қаупі бар, бірақ сонымен қатар БАҚ- тың көмегімен дүниеде болып жатқан жаңалықтарды оқып, қарау арқылы ой-өрісін кеңейтеді, және де өз алдарына мақсат қояды. Менім ойымша теріс әсердің аз болуы үшін цензураны енгізу керек деп санаймын.

Қолданылған әдебиеттер

  1. СМИ и молодежь https://articlekz. com/article/8724
  2. Анализ эффективности воздействия СМИ на формирования мировоззрения молодежи в информационном пространстве https://cyberleninka. ru/article/n/analiz-effektivnosti-vozdeystviya-smi-na-formirovanie-mirovozzreniya-molodezhi-v-informatsionnom-prostranstve/viewer
  3. Ақпарат дереккөзі: https://massaget. kz/blogs/oy_tolgaular/20962/
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны https://martebe. kz/b-araly-a-parat-raldaryny-o-amdy-sanany-alyptastyruda-y-orny/
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ-та субмәдениеттің пайда болуы: 40-ы — 50-ы жж
Сауалнама жауабы
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары
Қазақстандағы жастар саясаты
Қоғамдағы газеттің рөлі
БАҚ - тағы діни жариялымдарға ислами талдау жасау
Ұлт және құндылық
Шаңырақ жарастығы
Қазіргі жастардың діндарлығы: өзіндік сана мен болмысы
Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz