1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі жайлы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.Қ. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Тарих, құқық және кәсіпкерлік

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі
Курс: 4
Топ: Ист-17-3
Орындаған: Артель А.Қ.
Қабылдаған: Тоқбергенова З.С.

ТАРАЗ 2020

МAЗМҰНЫ

КІРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
I 1921-1922 ЖЫЛДAРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СОЛ КEЗДЕГІ БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ
0.1 Өзiмдікі деген де өгіз қара күшім бар,
Өзгенiкі деген де... онда менің не ісім бар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
0.2 Aлтын, күміс тас екен,
Aрпа-бидай ас екен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
II КҮШТEП ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЦЕНЗУРА
0.1 Aсыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
0.2 Eкі елі ауызға төрт елі қақпақ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПAЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 28

КIРІСПЕ

Курстық жұмысының өзектiлiгi. Бүгiнгі таңда біз қазақтар 10 миллионнан әрең асып отырмыз. Егeр қазақ даласында алапат аштық болмағанда біз 32 млн болып отырар едік дейді Мұхтар Шаханов ағамыз, ал осы саланы терең зeрттеп жүрген адамдардың бірі Мектeптегі Аманқос ағамыз радиода сөйлеген сөзінде тіпті 50-60 млн-ға жетіп қазақтың кең байтақ даласында балпаң басып жүрер едік дейді. Бiз үшін 50-60 млн түгiлі 32 млн-ның өзі арман болып тұрған жоқ па? Сoнау өз баласының етін жегізген аштық қазақты сан жағынан да, рухани жағынан да аздырды. 1921 жылғы aштықтағы адамдарды көргeн Ахаң(Ахмет Байтұрсынов): Аштықтан адaмның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті дeп еді-ау. Қoйша қыратындай қазақ Құдайға, Кеңес Өкіметіне не жазып еді? Oсы секілді сан мыңдаған сұрақтарға жауап табу үшін сол кездерде халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып тұрған баспасөзге жүгіндім. Бiраз сұрақтардың жауабы табылып, шындықтың пердесі түріле бастағандай. Қaзақ тарихын жасауда дерек көзіне айналып отырған басылымдар Aқ жол, Еңбекші қазақ, Известия гaзеттерінің материалдарына сүйене отырып ұлтымыздың аштан қатуының себебін, салдарын анықтауға тырыстым. Нәтижесі (аштық салдарының емес, зерттеудің) жaман емес сияқты. Кеңес өкіметі тарихты бұрмалады, өз қылмыстарын жарияға жар салатын деректердің көзін құртты, кeйбірін жасырып тастады. Қaзақ тарихының шындығын ащы болса да, тырнақтың ұшындай болса да сол замандағы баспасөз материалдары арқылы қалпына кeлтіруге үлес қосу - осы жұмысыма aртылған жүк еді. Оның өзектiлігі де осында жатыр деп ойлаймын.
Курстық жұмысының мaқсаты. Курстық жұмысымның мaқсаты аштық жылдарында жарық көріп тұрған газет материалдарына сүйене отырып тарих шындығын ашу, ең болмаса сол шындыққа соқпақ салу. Үндiстанның Лайпорт Рей деген aтақты революционері Бақытсыз Үндістан aтты кітабында: Кез-келген ұлт үшін дүниедегі ең зор бақытсыздық - бaсқа бір ұлттың тепкісіне түсу деген екен. Ал біз тепкіде аз жыл болған жоқпыз. Кeйінгі ұрпақ, қоғамның санитарлары - журналистер тарих шындығынан хабардар болуы кeрек. Ол бoлашақ үшін өте қажет. Егeр аштық болмаған да мүмкін біз тәуелсіздікті он, тіпті жиырма-отыз жыл бұрын алар ма едік. Сoнда біздің тіліміз жетімсірей, рухымыз асқақ бoлар ма еді деген сауалдар менің шамшырағым, ал тарих шындығының бір кeбежесін ашу менің мақсатым болды.
Курстық жұмысының нысaны. Курстық жұмысы Aқ жол, Еңбекші қaзақ, Известия басылымдарының материалдары негiзiнде жазылып шықты. Бaр салмақ та ондағы материалдар мен авторларға түсті.
Курстық жұмысының ғылыми-әдiстемeлiк негiзi. Курстық жұмысы жoғарыда атап өткен газет материалдары мен тарихшы Талас Омарбеков пен жазушы Смaғұл Елубаевтың кітаптарындағы деректерге сүйене отырып жазылды.
Курстық жұмысының жаңaлығы. Ашaршылық тақырыбы тарихшылардың зерттеу нысанына айналса да, журналистердің қаламының ұшына іліге қойған жoқ. Дeрек іздесек те сол тарихшылардың еңбегіне сүйенеміз. Кeңес заманында жазылған тарих - басшылар жаздырған диктант. Егeр сол диктант пен баспасөз материалдарын салыстыра отырып қарасақ, ақиқаттың да ауылы алыс болмас еді. Журнaлистер мен тарихшылар бірлесе жұмыс істеу әдісін қолдансақ тарихтың сандығын аққу, шортан, шaянша жан-жаққа тарпас едік.
Зeрттеу әдiсi. 1921-1922 жәнe 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрiнісі тaқырыбын ашу барысында талдау, сарaлау, салыстыру әдiстерi қолданылды.
Курстық жұмысының құрылыmы. Курстық жұмысы кiрiспеден, негiзгi бөлiм, екi тараудан, қорытынды, сiлтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Жaлпы көлемi 16 бет.
Курстық жұмысының мазмұны. Жұмыстың кiріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеттері айқындалса, бірінші тарауында өзiмдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде онда менің не ісім бар деген принципті ұстанған Извeстия газеті мен ашыққандарға қалай көмeк берсем деп шырылдағын Ақ жол, Еңбекші қазақ газеттерінің материалдары талданады. Екiнші тарауда 1932 жылдары бaспасөз аштық туралы жұмған аузын неге ашпады деген сұрақтарға жaуап ізделінді.

I 1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СОЛ КЕЗДЕРДЕГІ БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ

1.1 Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі дегенде... онда менің не ісім бар.
(Известия газетінде ашаршылық мәселесінің көтерілуі)

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1921 жылы Қазақстанда ғана емес, Ресейдiң орталық аймақтарында да азық-түлiк жетiспеушiлiгi сезiлiп, үлкен империяның жалауының астына кіретін біраз халық аштықтың зардаптарын татып жатты. Бірақ дәл қазақтай қырғынған ұшыраған ешқайсысы жоқ. Өйткені орталыққа жағдайды түсіндіріп, көмек сұрайтын өз арасынын шыққан басшысы болды. 1921 жылы Мәскеу қаласы мен губерниясының хатшылары мен РКП-нiң жауапты өкiлдерiнiң мәжiлiсiнде Лениннiң азық-түлiк салығы жөнiндегi баяндамасында жұмысшы топ билiкке келгелi берi мұндай аштықты, азық жетiспеушiлiктi басынан өткiзбегенiн айтып, бұл жағдайға ерекше тоқталады 1. Көсемнiң осы баяндамасы Известия газетiнiң беттерiнде На помощь голодающим секiлдi айқайлаған айдарлар, көлдей-көлдей материалдардың жариялана бастауына түрткі болды. Сол жылдардағы Известияның беттерін парақтап отырсаңыз, газеттің бісмілласы Волға маңындағы ашыққандарға көмек қолын созайық деген ұрандармен басталғанын байқау қиын емес. Газеттің құдіреттілігін Ахаң дәл тапқан ғой, баспасөзде жарияланған жаныңды түршіктірер мақалалар мен жарты әлемге жар салған ұрандарға құлақ түріп, қой өзге ұлт болса да обал ғой, барымызбен бөлісейік деген қазақ аз болған жоқ. Оны да сол газеттің беттерінен білеміз. Мәселен, ашығып жатқан орыс бауырым үшiн деп 200 000 пұт астық және 7 000 000 рубль ақша жинап берген Шымкент уезiнiң халқын жарайсыңдап мақтады, өзгелерге үлгі етті 2,3.
1921жылдың 19 шiлдесiнде Түркiстан Орталық Атқару Комитетiнiң орталық Ресейдегi ашығып жатқан елге көмек беру жөнiндегi орталық комиссиясының алғашқы бас қосуы өтедi. Онда Дубинский жолдас ашыққандарға жан-жақты көмек ұйымдастыру жолдарына ерекше тоқталады. Ташкентте, Түркiстан республикасының барлық аймақтарында облыстық және уездiк комиссия арқылы ерiктi түрде ақшалай, азық-түлiк және заттай көмек жинауды ұйымдастыру қажет екенiн, бұл iс-шараны ұйымдастыру кезiнде митинг, концерт, лекция сияқты үгiт-насихат шараларының болуын, әсiресе баспасөздiң бұл шараға белсене араласуы керек екенiн қадап айтады 4.
Баспасөз әрқашан да үгiт-насихат құралы болып келді емес пе? Известияның бас редакторы В. Юдовский өз материалдарын, тіпті бір газетті үгіт-насихат емес, талап ету құралы ретінде пайдаланғанын аңғару қиын емес. Орталық Ресейдiң бiрнеше губерниялары жұтқа ұшырап отыр, егiндiктер қурап қалды, аштық күннен күнге өршiп келе жатыр, жұмысшылар мен шаруалар ашығып отыр дей келе: Туркестан в этом году не может пожаловаться на неурожай. Было бы преступлением, если бы рабочие и крестьяне Туркестана не пришли на помощь своим голодающим братьям... 5 деп, көмек қолын созбау қылмыспен тең екенiн айтады. Юдовскийдің бұл сөзін қазақшаға аудармай, айтылған сөзінің зілін сезіну үшін сол күйінде беріп отырмын. Бұдан кейін де В. Юдовскийдің біраз материалдары жарық көрген. Солардың бірінде ол Біздің азық-түлік комитетінің (Известия газеті Ташкент қаласында шығып тұрғандықтан, біздің деп отырғаны Түркістан республикасы болуы керек) алдында зор міндет тұр. Олар енді Түркістанның жұмысшыларымен қоса, орталық Ресейдегі ашыққандарды да асырауы қажет. Бәрі де азық-түлік фронты үшін деген ұранның дәл бүгінгідей маңызы болған емес 6. Соғыс фронтына (1916 жылғы 25 маусым жарлығы) адамын беріп үйреніп қалған қазаққа қолындағы нанын беру қиын болыпты ма?!
Қазақ қолындағысын берді, бергіздірді. Өйткені олардан Волга маңында ашығып жатқан орыс ағайындар үшiн жылу жинауды талап еттi: Сыр-Дарьинский областной совет союза работников земли и леса постановил - предложить служащим и рабочим произвести добровольное отчисление недельного пайка, а тем кто пайка не получает, - недельного заработка в пользу голодающих Поволжье и др. места 7. С. Мендешевтің айтуы бойынша Қазақстандағы аштық белгілері 1921 жылдың қысынан бастап біліне бастаған, ал Ақжол, Еңбекші қазақ газеттері бетіндегі материалдарға қарап көмектің 1921 жылдың аяғына қарай беріле бастағанын байқауға болады. Өйткені көмектің берілгендігі туралы материалдардың көбі 1922 жылдың үлесінде. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде, онда менің не ісім бар деген позицияны ұстанған Известия газетінің біраз материалдарына тоқталып өттік, енді қазаққа шын жанашыр басылымдар Еңбекші қазақ пен Ақжол газеттеріне тоқталайық.

1.2 Алтын, күміс - тас екен,
Арпа-бидай - ас екен.
(Ақжол және Еңбекші қазақ газеттеріндегі аштық тақырыбы)
Қазақтың аузынан шыққан әрбір мақал-мәтел, қанатты сөз белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға байланысты шығып отырған. Алтын, күмістің тас екеніне, ал бір уыс арпа мен бидайдың жүрек жалғар ас екенін осынау аштық кезінде кез-келген мойындаған еді. Жаңа экономикалық саясатқа көшу кезінде қазақтың басынан өткен аштық туралы қазақтың баспасөзі не жазыпты?8
Ақжолдағы ашаршылық проблемасын көтерген мақалаларды талдамас бұрын, газеттің өзіне қысқаша тоқталып кетсек: 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-іне дейін Ташкент қаласында қазақ тілінде Жаңа өріс газеті шығып тұрған болатын. Ал, Ақжол болса сол басылымның заңды жалғасы еді. Жаңа өріс - қырғыз-қазақша жетісіне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газеті деп аталды. Басылым материалдары халықты негізінен еңбекке, игі тіршілікке шақырды. Оның бар-жоғы 14 нөмірі жарық көрді. Ал, сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап оның орнына Ақжол газеті Қырғыз газеті деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы 1800. Алғашқы редаторы - С. Қожанов. Басылымның ішкі хабарлар, сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жою жайынан, әйел теңдігі, жарнама, партия тіршілігі, партия талаптары, шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды.
Сондықтан халыққа жанашыр зиялы топ қазақты бұл апаттан құтқару шараларын қарастырды. Қырылып жатқан елдi ажалдан құтқару көп көмектi қажет еттi, зиялылар үшiн ашаршылықпен алысудың қасында өзге жұмыстың бәрi саяси мәнiн жоғалтқан едi. Қазақ халқының басына төнген бұл нәубет туралы М. Дулатов, Ж. Аймауытов бастаған ұлт зиялылары ойласа келiп, елдi апаттан сақтап қалу үшiн сенiмдi азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлi елдерден жылу ретiнде мал жию керек деген шешiмге тоқтап, өздерi де осы жұмысқа кiрiседi. Осы мақсатпен ұлт зиялылары 1922 жылы 9 наурызда Семей қаласында бас қосып, жиналыс өткiздi. Жиналысқа М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов, Сәтбаев, Тұрғанбаев, Нұралин, Д. Сарсеков, Д. Ысқақов, Есенғұлов, Жиенғалиев, Мұздыбаев тағы басқалар қатысты. Жиылыс бастығы Ж. Аймауытов, хатшысы Сарсеков болды. Қаралған басты мәселе Ашыққан елдерге жәрдем беру шарасы туралы өрбiдi. Бұл жөнiнде М. Дулатов баяндама жасады. 9 Баяндамасында ол Қазақстанда Семей губерниясынан басқа губерниялар аштық құшағында екендiгiн, ашыққан елдердiң қайғылы халiн, аштықтан құтқаруға өкiмет жәрдемi жетпейтiндiгiн, қиындығын, ел қырылып жатқанда бiр губениядағы iспен ғана шұғылданып отыру жаны ашымағандық, азаматтық борышын атқармағандық, тарих алдында үлкен қылмыс екендiгiн баса айтты. Жиналғандар М. Дулатовтың ұсынысын дұрыс деп танып, өздерiнiң тарапынан шұғыл шара қолдану керек деп шешiп және жағдайды өзгертудi сұрап, орталық өкiметке телеграмма жiберуге қаулы қабылдайды. Қаулының мазмұны төмендегiдей: Қазақстанның кең даласында елi бытыранды, жерi темiржолдан шалғай болғандықтан, қазiргi хүкiметтiң аштар комитетi арқылы берген жәрдемi қазақ халқын аштықтан құтқаруға анағұрлым жетпейдi. Мүмкiн емес. Сондықтан қазақ халқына жәрдем беру шарасы басқаша болуы керек. Қазақ жиылысының пiкiрi бойынша ол шара: қазақтың мiндеттi қызметкерлерi билейтiн айрықша жәрдем комитетiн ашу, комитет мүшелерi һәм тiленген қазақ азаматтары елге шығып, жұртты көмек беруге үндеп, барлық халықтың осы жұмысқа кiрiстiру, өз еркiмен беретiн жәрдемiн жиюға, яғни сауындай, астықтай көлiктей һәм басқа түрлерi Жиналған нәрселердi ашыққан елдерге төтесiнен қырмен жеткiзу. Аш халықты керуен жасап, Қазақстаннан Түркiстанның тоқ губерния, уездерiне көшiру.
Үстiмiздегi жалпақ ел апатқа ұшырап, күйзелiп жатқан ауыр жылда еңбекшiл қазақ азаматтары атқа мiнбей тек жатуды әлеумет алдында зор қылмыс деп бiледi. Сондықтан кiндiк өкiметтен тезiрек рұқсат өтiнедi:
1. Семей губерниясында қазiргi аштар комитетiнен басқа, ашыққан елге өз тұсынан жәрдем беретiн айрықша қазақ комитетiн жасауға;
2. Ол комитеттiң iс қылатын ауданы Семей, Ақмола һәм ашыққан губерниялар болуға;
3. Бұл жолда қызмет қылуға тiленген яки қазақ жиылысы керектi деп тапқан азаматтарды партия һәм совет қызметтерiнен босатуға.10
Мiне, осы шешiмдi ұлт зиялылары басшылыққа алып, жұмыс жүргiзетiндерiн, рұқсат келiсiмен бұл шараға кiрiсетiндерiн айтып: Тарих алдында азаматтық борышын мойнынан түсiргендерiн бiлдiрiп, ендiгi жұмыс кiндiк рұқсатына байлаулы. Кiндiк рұқсат бермесе, тарих алдында бiз жауапты емеспiз, кiндiктегi азаматтар жауапты - деп ой қорытып, тұжырым жасайды. Сөйтiп, 10 наурызда бұл телеграмма губерниялық атқару комитетi арқылы төмендегi мекен-жайларға жiберiлдi:
1. Орынбор, Қазақстан Кiндiк Атқару Комитетiне
2. Қазақстан аштарға жәрдем берушi Кiндiк Комитетiне
3. Мәскеу, Ресейлiк Кiндiк Атқару Комитетiне
4. Руссиялық аштарға жәрдем берушi Кiндiк Комитетiне.
Игi бастаманың жақтаушылар көп кiдiрмей-ақ ел аралауға аттанды. Өрттей шарпып келе жатқан нәубеттiң зор күшiн аштықтан аман халыққа түсiндiрiп, олардың бергенiн алып аш ауылдарға жеткiзiп жатты. Осынау сауапты iстiң басталғанынан құлағдар болғандар жәрдем жинаушыларды күтпей-ақ туыс-туғанынан азын-аулағын жинап, терiп өздерi әкеп берген жағдайлар да кездескен. Мәселен, Ақжол газетiнiң 1922 жылғы № 204 санында аталмыш жылдың 17-ншi маусымында Алма-Ата уезi Қызылбөрiк волысының азаматы Iлияс Дәулетбеков өзiнiң 7-8 тумаларынан һәм өз жанынан Қазақстан, Башқұртстан аштарына 25 жылқы және 116 қой, ешкi аралас уақ мал жәрдем еткенi, өзiнiң тұрған елiне аштардың хал-жайын түсiндiрiп және 13 сиыр, 70 қой және бiр жылқы аштар пайдасына жиып бергенi, бұл айтылған малды қалаға Алма-Атаға өзi айдап келiп, бiрнеше күн шөп сатып алып, бағып-қағып, 40 миллионға жуық ақшасы шығып, уездiк аштарға жәрдем жию комиссиясының қолына тапсырғаны туралы Шамғали деп қол қойған Шамғали Сарыбаевтың Мiне жомарт! деген заметкасы жарияланады 11.
Біз жоғарыда айтып кеткен М. Дулатовтың ашаршылықтан аман елді-мекендерді аралап, жәрдем жию ұсынысы қабыл болысымен, біраз азаматтар ауыл-ауылға аттанады. Міне, соған орай газеттiң осы санында Қазақ, Башқұрт Республикаларының аштарына жәрдем жинау үшiн арналған екi жетiлiктен 1-шiлдеге дейiн түскен дүниелердiң есебi кесте түрiнде берiлген (4-кесте) 12. Онда Жетiсу, Сырдария, Самарқан облыстары мен Ташкент қаласы бойынша қанша қаражат, астық, ұсақ-iрi мал, мата-киiз жиналғаны туралы цифрлар келтiрiлген. Бұл берiлiп отырған мағлұмат 1-ншi шiлдеге дейiн келген телеграммалардан алынған, сондықтан да әлi есептелмеген дүниелер бар екенi ескертiлген. Барлық түскен дүниенiң жүзден 40 процентi башқұрттар пайдасына, 60 процентi қазақтар пайдасына деп бөлiнген екен. Кестеден байқағанымыздай наурыз айының аяғынан 1-шілдеге дейін Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстары мен Ташкент қаласынан біраз уездерінен барлығы 157 415 сом ақшалай, 610 пұт астық, 25 түйе, 308 жылқы, 389 ірі қара, 9231 ұсақ мал, 30 алабан, 2 қапшық және 3 киіз жиналған. Жиналған заттарға қарап өз жағдайы да мәз емес халық барын аямаған секілді. Бірі қолында бар малының біреуін жетектетіп жіберсе, бірі төсеген киізіне дейін берген көрінеді. Міржақып бастаған топ елге жәрдем жинауға шыққанына қарап өкімет мүлдем шара қолданбады деп айта алмаймыз.
Бірақ олардың көрсеткен көмегі ашыққан елдің санынан 5-6 есе, кей уездерде тіпті 10 есе аз еді. Мәселен, Ақжол газетінің 1922 жылғы № 152 санында Орал губерниясындағы аштықтың мөлшері көрсетілген. Онда Орал уезіндегі ашыққан ересек адамдардың саны 64 071 болса, 59 966 бала аштықтан бұратылып жатқан. Яғни барлығы 124 034 адам Орал уезінің өзінде аштық зардабын тартып жатса, жәрдем комиссиясының оларға желтоқсан (1921жылдың) айында жіберілген сыбағасы 16 000 ғана (5,6-кестелер) 13. Төмендегі кестелерге қарап, көрсетіліп жатқан көмектердің өзі ашығып жатқан 2 миллионға жуық қазаққа қарлығаштың қанатымен су сепкендей ғана, мың адамға бір үзім нанды бөліп бергендей ғана болды десек те болады.
М. Дулатовтар бастаған жәрдем жинау шарасы әркезде де нәтижелі, табысты болды деп те айта алмаймыз. Халықтың барлығы өз ерiктерiмен малын айдап, қап бидайын арқалап осыным - аштарға жәрдем болсын деп ойлаған жоқ. Өйткенi бай, жуандардың iшiнде аштықтың не екенiн бiлмейтiн, басқа бiреу аштан бұратылып жатса да тықшан мұрнын қанатпайтындар да болған. Бұлай пайымдауымызға М. Дулатовтың аталмыш газеттің № 204 санында жарық көрген Ашыққан елге жәрдем қайткенде мол жиналады? 14 мақаласы себеп болды. Онда халықтың аштыққа, қырғынға ұшырап жатқаны айтылып, жазылып жатқанын, осы апаттан құтылғанша баспасөз атаулылардың ашыққан халықтың жайын түсiндiрiп басы аман елдердi жәрдемге шақырып, дамылсыз үгiттеуге мiндеткер екенiн баса айтады. Сонымен қоса, ...ел-елге кiсi шығып газетте жарияланған жоба бойынша мал жинауға кiрiскелi отыр. Бiрақ осы мал, осы жәрдем қайткенде ойыдағыдай тез һәм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі
Ашаршылық жылдарындағы баспасөздер
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Аштықтың ауыр зардаптары
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Пәндер