Саяси көшбасшылық және оның типтері, қасиеттері, қызметтері, белгісі мен сапа негіздері


Саяси көшбасшылық және оның типтері, қасиеттері, қызметтері, белгісі мен сапа негіздері.
Орындаган: Абдилазизов Жасур.
Бүгінгі күнде көшбасшылық мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология көшбасшының тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану көшбасшылықты әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология көшбасшылықты әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал, саясаттану саяси көшбасшылықты билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.
Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған сәтте сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.
Жалпы көшбасшылық саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде көшбасшылықты ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал, жалпы мемлекет көшбасшылығын зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық - қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.
Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси көшбасшы болып табылады, себебі кез-келген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.
Саяси көшбасшылықтың табиғаты барынша күрделі және оның түп-тамыры ғалым-ойшылдардың, консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде жатыр. Көшбасшылықтың феномені саяси психологиядағы ерекше мәселе. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Көшбасшылықтың саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т. б. жасаған.
Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, көшбасшы қоғамның саяси өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай бағытта дамитындығы байланысты болады. Көшбасшылықтың мән-мағынасы және формасы бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Көшбасшылық дегеніміз - билік, себебі ол белгілі бір адамның бірдеңе жасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Көшбасшы - халықтың, қоғамның, топтың және т. б. үстінен қарайтын адам. Бірақ, билік пен көшбасшылық қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебі көшбасшы өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, көшбасшылықтың негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен - ерікті болуымен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz