Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Алматы технологиялық университеті

БОӨЖ

Тақырыбы:Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының сипаттамасы

Орындаған:Рахман Әйгерім

Тобы: ТОП 19-12

Тексерген: Нигметова Алия

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының негізі - өндірістік- техникалық бірлік болып табылады, ол дайындалатын өнімнің жалпылығын анықтайды немесе оны өндіру процестері болып табылады. Кәсіпорын технологиялық біртекті немесе әртекті процестерден тұрады: өнімдерді бірлесіп шығару нәтижесінде өндірілетін өнімді шығаратын цехтардан, бөлімдерден тұрады. Бұл процестер бірлік өндірістік процестерден тұрады.

Әрбір жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың Паспорты болу керек. Паспорт кәсіпорын жұмыс құруда және оны социалды және экономикалық тұрғыда дамыту үшін қолданылады. Ол қызмет көрсету мәдениетін, қосымша өнім өндіру резервтерін, қызмет көрсетудің түрін және жұмыс сапасын көтеруді жылдамдату үшін қажет. Паспортта обьектінің жалпы көрсеткіштері, негізгі шаруашылық- финанстық көрсеткіштері, берілген материалды- техникалық базалары және т. б. анықтамалар көрсетіледі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының жүйесінде әртүрлі ӨСҚ бойынша 2 түрлі кәсіпорын жұмыс істейді: фабрикалар және дайындаушы асханалар. Бұлар шикізатты дайын өнімге айналдырады, өздерінде бар сауда бөлімдеріне тартады.

Қоғамдық тамақтану жайлы алғашқы деректер б. д. д. 1800 жылдарда жазылған көне жазбаларда табылған. Атақты Хаммурапидің заңдар кодексінде белгілі бір тамақтану орындарында сыраға су қосқан үшін өлім жазасы тағайындалған. Көне Римде қоғамдық тамақтану орындары кең таралды. Көне грек және рим таверналары әдетте пұтқа табынушылардың шіркеулерінің қасында орналасты. Шіркеулерде құдайларға құрбандыққа шалынған жануарлардың етін таверналар қолданған. Құрбандыққа шалынған жануарлардың етінен басқа таверналарда шарап, ірімшік, кептірілген көкөністер ұсынылатын. Көне қоғамдық тамақтану орындары аса көп еді: көне римдік Помпей қаласының қазба жұмыстары жүргізілген кішігірім ауданында 118 тавернаның орны табылды. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары деп кулинарлы және аспаздық өнімдер, сонымен қатар әртүрлі ұннан жасалған кондитерлі, тоқашты өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды айтады. Қоғамдық тамақтанудың басты мақсаты халықты рационалды тамақтандыру, тағамдардың биологиялық құндылығын сақтай отырып, оның дәмдік және сапалық көрсеткіштерінің жоғары болуы. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі қызметі - тамақтандыру қызметін көрсету.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының көп түрлі ұйымдастырылған формалары кездеседі. Осыған байланысты олардың жіктемесі туындайды. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының келесідей типтерін бөледі: ресторан, бар, кафе, жеңіл асхана, асхана

Мейрамхана - күрделі дайындалатын көп ассортиментті, арнайы тапсырыс пен фирмалық тағамдар, арақ - шарап, темекі және кондитер өнімдері мен демалу, қызмет көрсету деңгейі өзара үйлескен қоғамдық тамақтану кәсіпорыны

Люкс - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнындағы сауда залдарының архитекторлық ансамбілі мен интерьері аналогсыз көркем әшекейленген және комфорттылық ең жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған. Мейрамханаларда фирмалық және тапсырыстық тағамдардың, тәтті және ұнды-кондитерлі өнімдердің, барларда фирмалық және тапсырыстық сусындар мен басытқылардың түрлері көп болу керек.

Жоғары дәрежелі - интерьері жақсы талғаммен орындалған, тағамдар мен сусындардың түрлі ассортименттілігі, залдардың комфорттылығы ескерілген болу керек. Мейрамханалардағы сауда және банкет залдарының дастархан сервировка деңгейі жоғары болу керек. Орналасуына, қызмет көрсетуіне байланысты мейрамханадағы тағамдарға үстеме баға 200 - 300% көтеріледі. Ыдыс - аяқ, құрал - аспаптар кәсіпорынның қызмет көрсету дәрежесіне сай болу керек

Бірінші деңгейлі Интерьері үйлесімділікпен орындалған, күрделі және жай дайындалған тағамдар мен сусындар ұсынылады.

Кафе - мейрамханаға қарағанда тағам ассортименті шектеулі, тұтынушылардың демалатын орны. Кафеде фирмалық, арнайы тапсырыс бойынша дайындалуы қиын емес тағам ассортименті, біраз шектеулі, сонымен қатар ыстық (кофе, шай, какао) және суық (шырын, сусын), сүтті, ұнды, тәтті өнімдер болады. Екінші тағам ретінде жұмыртқа, сосискалар, сарделька, блины ұсынылады. Бірінші тағам ретінде тек сорпа беріледі.

Асхана - қоғамдық тамақтанудың ең жақсы тараған түрі. Негізгі мақсаты - халыққа өз тағамдарын дайындау, тұтынушы өтініші бойынша толық рацион: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас немесе жартысы ұсынылады. Асханаларда түстіктер үйге босатылады, тапсырыс қабылдайды, жартылай фабрикаттар мен кулинарлы өнімдер сатылады.

Дәмхана - белгілі бір шикізат түрінен дайындалатын, келушілерге жылдам қызмет көрсететін, тағам ассортиментінің шектеулі болуымен сипатталатын қоғамдық тамақтанудың кәсіпорны. Дәмхана ассортименті - суық және ыстық тағамдар, дайындалуы оңай закускалар (сосискалар, түшпара, жұмыртқа, сарделька), сонымен қатар сусындар (шай, кофе) . Сатылымда сүтті және кондитерлі өнімдер, кәмпиттер, шоколад болу керек. Алкогольді сусындарды сатуға тиым салынады.

Қоғамдық тамақтану - халық шаруашылығы экономикасының айрықша кіші саласы. Кез-келген ел үшін қоғамдық тамақтану орындары зор экономикалық рөл атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейрамхана қызметінің жүйесін автоматтандыру
Бас жоспардың жел тармақтары
Кәсіпорын бөлмелерінің тізімі
Мейрамхана түрлеріне анықтама
Қонақ үйдегі тамақтану жүйесін талдау
Көкөніс цехының есебі
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметікерлерін басқару және жұмыстарын ұйымдастыру
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны, оның сипаттамалары, принциптері
Кәсіпорын өндірістік дана
Мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz