Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу


Шоқан Уалиханов атындағы мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы:Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Орындаған:Ботиева Г. К ХК-81
Тексерген:Зулкарнаева Ж. А
2020ж
Бүгінгі таңда сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Инклюзивті білім - бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.
Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі - олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру.
ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде. Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Бүгінгі таңдазерде бұзылыстары бар балаларды түзету, білім беру үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды енгізу қажеттігі - айқын мәселе. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының, моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мына қызметтерді атқаруы тиіс: оқыту-тәрбиелеу, түзетіп-дамыту, санитарлық-гигиеналық, емдеп-тәрбиелейтін, әлеуметтік-бейімдейтін.
Соқыр және нашар көретін балалардың психикалық дамуы, компенмсаторлық процестердің қалыптасуы біріншіден әлеуметтік жағдайға және біліміне тәуелді.
Елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы біім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер үш сатыдан тұрады.
I саты- бастауыш мектеп, II саты - негізгі мектеп және толық емес орта мектеп, III саты - орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.
I сатыдағы мектеп:
баланың тұлға ретінде қалыптасуын оның потенциалдық мүмкіндіктерін толық дамытуды, емдеуді, көз гигиенасын сақтауды, оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепке көру арқылы қабылдау, есту, логопедиялық жаттығулар, кеңістікте бағдарлану жұмыстары жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушылары оқу іс-әрекет дағдысына, жазуға, санауға, түсінгенін айта білуге, гигиена талаптарын орындауға, өзін-өзі күте білуге үйренеді. Оқу арнайы жоспар бойынша, программамен, оқулықпен жүргізіледі.
II сатыдағы мектеп:
жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл-қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады. Ғылыми көз-қарасын қалыптастырады, әр түрлі еңбек іс-әрекетінің түрлерін таңдай алу мүмкіндігін арттырады.
III сатыдағы мектеп:
жалпы білім беру дайындығын және кәсіптік оқу курсын тамамдауды қамтамасыз етеді. Орта мектеп әлеуметтік-психологиялық бейімдеушілікке, олардың өмірінде еңбектің белсенді қатысуына жағдай жасалады. Осы мақсатпен оқу жоспарына баланың өзінің қалауы бойынша таңдалатын факультативтік сабақтар қосылған. Соқыр және нашар көретін балаларға арнлаған жалпы білім беру мекемесінің арнайы сыныптарының орыс тілі, математика, айналамен танысу, табиғаттану программалары жай мектептегі өтілген материалдың мазмұны мен көлемі жағынан аналогикалық программаға сәйкес келеді. Арнайы білім беру программалары көрмейтін және нашар көретін балалардың даму ерекшеліктері бойынша құрылған.
Осы программамен коррекциялау және компенсациялау әдістерін қолдану негізінде тифлорқұралдарын, релифтік-графикалық оқулықты (соқырларға), жалпақтаңбалы оқулықты (нашар көретіндерге) қолдану қарастырылған.
Ана тілін үйретудегі программаның ерекшелігі .
Соқырларға арналған мектептің тілді үйрену программасының өзіндік ерекшелігі, онда тактилді қимыл-қолзғалыс сезімінің негізінде Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға көп көңіл бөлетіндігі болып табылады. Нашар көретін балаларға арналған мектептегі «Айналамен танысу және табиғаттану» программасында экскурсия мен практикалық сабақтар саны көбейтілген. Көшеде жүруі үшін арналған таяқшаны қалай қолдану керектігі жөнінде үйрететін арнайы сабақтар да бар. Орта мектептегі көру бұзылыстары бар балаларды оқыту программасы жалпы білім беретін мектептің программасымен сәйкес келеді, бірақ мұнда арнайы әдістер, тифлотехникалық құралдар қолданылады. Көру бұзылыстары бар балалар жалпы мектепте оқуға болады, бірақ оған арнайы білім беру жағдайы қарастырылуы керек. Арнайы тифлопедагогпен, тифлопсихологпен жұмыс жүргізу керек. Көру бұзылыстары бар балалармен арнайы түзету жұмыстары ритмика, емдік денешынықтыру, сөйлеу тілі бұзылуын түзету, көру арқылы қабылдауды дамыту және т. б. жұмыстар жүргізіледі.
Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады. Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек - нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары:
- офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (көзілдірік, линзалар, лупалар, телескопиялық көзілдірік) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz