Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған:Ботиева Гульназ ХК-81

  1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Эссе

Біздің Мемлекеттің білім үдерісіне осы жаңартылған білім беруді енгізуі балалардың заман талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыруга бағытталған бағдарлама болып келеді.

Жаңартылған білім берудің алдыңғы оқыту бағдарламасынан ерекшелігі- балаларды сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты кең көлемде қолдана білуге үйретеді. Оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді тәсілдерді қолдануға үйретеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы- ақпараттық-коммуникативті технологияларды кеңінен қолданып, зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту болып келеді. Мысалға, біз мектепте оқығанда информацияны тек қабылдауға бағытталған болатын. Ал бұл жаңа жүйе бойынша оқушы өзі ізденіп, зерттеуге деген ынтасын оятады. Коммуникативті қарым-қатынасқа түсіп, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға үйретеді.

Оқушыларды бағалау да түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялды бағалау жүйесіне өтті. Бұл бағалау балалардың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Және де бағалау жаңа баллдық шкаламен өлшенетіндіктен баланың тақырыпты қалай түсінгендігін ғана бағалайды.

Жаңартылған білім берудің айқынды ерекшелігі туралы айтсақ, бұл пән мазмұнының спиральді түрінде берілуі. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі оқушы мектепте тақырыпты бірнеше рет оқиды. Яғни, әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі. Қайталау-оқытудың анасы демекші, бұл білім алушылар үшін өте маңызды.

Келесі айтып кететін ерекшелігі, бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі болып келеді. Яғни, бұл ерекшелікте балалардың алдында өткен тақырыптарды еске салатындай қасиеті бар.

Және де тағы бір ерекшелігі, оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарларының жүйелі түрде орындалуы.

Қорыта келгенде, бағдарламаның басты мәні - баланың сауаттылығын дамыту. Оқушы мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде асыра білуі керек.

2. Критериалды бағалау жүйесінің Сіздің көзқарасыңыз бойынша артықшылығы мен кемшілігі.

Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.

Енді бұл бағалаудың артықшылықтарына келетін болсак, оқушылардың мазасыздығы азаяды. Бала сабақта «Қазір мен дұрыс жауап бермесем маған жаман баға қояды» деген қорқынышты ойлар келе бермейді. Мысалға, мен үшін бұл үлкен артықшылық болып табылады. Өйткені, мен мектепте оқығанда дұрыс жауап бермеуге, бір нәрсені білмеуге қатты қорқатынмын. Сыныптың үздігі болғандықтан, егерде қателік жіберсен бұл лезде сенің бағана қатты әсер ететін. Сондықтан да менің ойымша бұл үлкен артықшылық деп ойлаймын.

Келесі артықшылығы бала тек өзін ғана емес басқа балаларды бағалай алады. Бұл неге артықшылық? Бала тек өзін ғана емес басқа балаларды да тыңдай білуді үйренеді. Мен мектепте оқығанда біз ешқашан сыныптасымыздың қалай сабақ айтатының тыңдамайтынбыз, ал енді осы бағалау жүйесімен оқушы концентрациясын жоғалтпай, өз сыныптасын тыңдауға міндетті болады. Бұл тек мектепте ғана емес өмірде де керек болатын қасиет.

Оқушының тек қана жұмысы бағаланады. Жұмысын бағалау алдын -ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Егерде бала бір бөлімнен нашар балл алып қалса, ол үмітін жоғалтпайды. Өйткені, оқушы білімін жетілдіріп, келесі жолы көбірек ұпай жинауға тырысады.

Келесі артықшылық: мұғалім «судья » рөлінен бағыттаушы, тьютор рөліне ауысады. Оқытушы мен оқушы арасында қақтығыс аймағы жоғалады, бағалау екі жақ қабылдаған критерийлер бойынша бірлескен жұмысқа айналады. Бағалау процесінің ашықтығы, мөлдірлігі, өз көзқарасын білдіру қабілеті оқушының нақты білім алу субъектісіне айналуына көмектеседі.

Енді кемшіліктеріне келетін болсақ, бұл бағалау тек оқушыларда ғана емес ата-аналарда да үлкен сұрақты туғыздырды. Бұрыннан келе жатқан бағалауға үйреніп қалған адамдар, бұл бағалау жүйесіне әлі көп уақыт бойы үйренеді. Өйткені, бұрын ата-ана баласынан «Бүгін неше алдын?» дегенде, бала нақты не 5 не 4 тб деп айта алатын. Ал қазір, ата-ана бұл жүйені әлі де толығымен түсіне алмай жатыр. Бірақ менің ойымша бұл тек уақыт мәселесі.

Келесі кемшілікті айтсақ : бұл жүйе барлық балалардың ерекшеліктерін ескермейді. Өйткені, балалар әр түрлі болады. Кейбір оқушылар интроверт бола алады, басқа балалармен қарым-қатынас жасағысы келмей, топтық жұмыс кезінде өзін жаман сезініп, ешқандай белсенділік танытпайды. Бұл әрине де бағалауына әсер етеді. Ал керісінше өзі жалғыс жұмыс істегенде өзін сенімдірек сезінеді.

Ал соңғы мен байқаған кемшілік:Біз мектепте практика өткен кезде, қатты көзіме түскен нәрсе бұл- тоқсандық жиынтық бағалау кезінде тым көп қағаз қолдану. Әрине, бұл қазір проблема болмауы мүмкін. Бірақ бұл үлкен экологиялық проблема деп санаймын. Егерде біз болашақ өз мемлекетін ойлайтын азамат өсіргіміз келсе, бұндай қателіктерді болдырмауымыз керек.

  1. Мұғалімдік мамандық. Талдау жасаңыздар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Азот және Фосфор элементтерін және олардың қосылыстарын жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі
Стандарт туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz