Қаңғыбас иттер: пайда болу себептері, қауіптері және басқару шаралары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ДӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Универсиеті

Жаратылыстану және География Институты

Эссе

Тақырып: Қараусыз қалған қаңғыбас иттер

Орындаған: Омарова Д; Оразгелдиева И.

Қабылдаған: Жумагулова К. А.

Әр түрлі елдерде әр қаланың көшелерінде қаңғыбас жануарлар бар. Бұл адамның қатыгездігі мен "кішкентай бауырларға"деген немқұрайлылықтың жарқын көрсеткіші. Өйткені, көшеде жиі кездесетін үй жануарлары: иттер мен мысықтар. Жасыратыны жоқ, “Ит- адамның досы”- деп аталады. Бұл жануарлар адамға жақын болғаны соншалық, ит қайтыс болғаннан кейін немесе иесінің кенеттен кетуінен кейін оны бірнеше ай бойы бір жерде күткен жағдайлар көп болған, бірақ бұл қолға үйретілген иттер.

Қаңғыбас иттер адам өміріне қауіп төндіреді. Өйткені, ол ит құтырған немесе ауру болған болса, кез келген адамды қауып алуы мүмкін. Мұндай жағдайға көбінесе ойын балалары тап болып жатады. Кейде адамдар көшеде жүрген қаңғыбас итті көргенде ит аулаушыларды шақыртады. Ит аулаушылар жануарларды арнайы паналайтын орынға апарады деуге болмайды. Ит аулаушылар деп жүргеніміз - «Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау изоляторы». Олар қаңғыбас жануарлардың санын азайту мақсатымен оларды ұстап, көзін жоюмен айналысады.

Ит аулау кезінде көбінесе осылай адамға үйренген иттер ұсталып кетеді. Өйткені, адамға жоламайтын, жабайы иттерді ұстау да оңай емес, өйткені олар адамның қарасы көрінген бетте қашып кетеді. Мұндай иттер көбіне қала сыртын мекендеп, тамағын да сол жақтан тауып жейді. Кейбір жағдайларда осындай себеппен де қаңғыбас иттер пайда бола бастайды. Қазіргі әлемде үйсіз жануарлар мәселесі өте өзекті. Біз фильмдер мен кітаптардан үйсіз жануарлар туралы оқиғаларды жиі көреміз. Өкінішке орай, бұл үйреншікті жағдайға айналды.

Мәселенің түп-тамыры қайда? Үйі жоқ жануарлар қайдан пайда болды? Көптеген адамдар асыл тұқымды тұқымдарды өсіреді, оларды сату арқылы жақсы ақша табуға болады. Егер кенеттен бірдеңе дұрыс болмаса, тұқымға сәйкессіздіктер болды, үй жануарлары енді қажет емес. Адамдар кішкентай бауырларымыз үшін жауапкершілікті ұмытып кетті. Өйткені, біз қолға үйреткендер үшін жауаптымыз. Алайда адамдар өзімшіл, жауыз және жүрексіз болып кетті. Басты мәселе - панасыз үй жануарларының барлығын табу физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Әсіресе үлкен қалаларда. Басқа проблемалар қаңғыбас жануарларға қатысты туындайды. Әдетте, бұл иттерге қатысты. Олар үйірге жинала бастайды және балалар мен адамдарға шабуыл жасай алады. Иттер ашуланады, көбіне аш болады. Олар қорқынышты өте жақсы сезінеді, көбінесе олар адамдарға деген жаман көзқарасы үшін кек алғысы келеді. Міне, тағы бір үлкен қауіп.

Көше кезген үй жануарларының мәселесі бүгінде шешімін таппай тұр. Оларға арналған Балқаш қаласында арнайы пана салынғанымен, оларды тамақтандыруға қаржы қарастырылмаған. Ал, бұларды асырап алуға бірде-бір жан құлық танытар емес. Тіпті, қаңғыбас иттердің арасында асыл тұқымдылар да кездесетін көрінеді. Біздің мекеме иесіз ит пен мысықты жою жұмысымен де айналысады. Қазір қала бойынша бригада жұмыс жасауда. Олар көлікпен, қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері 1 281 иттің, 235 мысықтың көзі жойылды. Қауіпсіздіктің алдын алу шаралары жасалуда. Балқаш қаласында, бізге қарасты Саяқ, Гүлшат кенттерінде 500 итке құтыруға қарсы вакцина егілді. «Сұраныс» болмаған, емделмейтін дерті бар иттерге «ізгілікті өлтіру» (эвтаназии) қолданылады: яғни, денесіне улы препарат егіледі. Халық арасында жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жазалау Заңы барлығын алға тартып ит пен мысықты аулауға кедергі жасайтындарда жоқ емес. Бұл уақытта иттердің санының артатын себебі - тұрғындар жаз айларында саяжайларда ит ұстайды. Саяжайдағы өнім алу уақыты аяқталған соң иттерді иелері қараусыз қалдырады. Сол иттер ашығып қалаға келеді. Қаламызда итті ұстайтын орын болғанымен, оларға беретін азыққа қаржы қарастырылмаған. Қаңғыбас ит-мысықтар мен мемлекеттің олармен күрес шаралары қоғамда ұдайы қызу пікірталас тудырады. Адамдарға қауіп тудыратындықтан, бір топ қаңғыбас иттердің көзін жою бағдарламасын толықтай қолдаса, енді біреулер, керісінше, қаңғыбас иттердің көзін жойғанмен мәселе шешілмейді деп біледі. Соңғылары адамға қаңғыбас иттен гөрі тұқымы ерекше, арнайы жаттықтырылған иттер қауіпті деген пікірде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су тасқынының пайда болу себептері және зардабын азайту шаралары
Невроздар: пайда болу себептері мен алдын алу шаралары
Басқарушылық қызметтегі келіспеушіліктер: түрлері, пайда болу себептері және басқару әдістері
Мемлекет теориясы: пайда болу себептері, нысандары, механизмі және басқару формалары
Әлеуметтік-экономикалық дамудағы тоқыраулар: пайда болу себептері, типологиясы және басқару жолдары
Цунами: пайда болу себептері, белгілері, ескерту жүйелері және қорғаныс шаралары
Қазақстан Республикасындағы инфляция: теориялық аспектілер, пайда болу себептері және реттеу шаралары
Қазақстандағы радикалды ислам ағымдары: пайда болу себептері мен алдын алу шаралары
Темекі шегудің зияндары: пайда болу себептері, құрамдық зияндары, статистикасы және алдын алу шаралары
Мемлекеттің пайда болу теориялары: себептері, түрлері және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz