Кәсіпкерліктің экономиканы дамытуға қосатын үлесін қарастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)
Курстық жұмыс



Бөлім: Қазақстан экономикасының дамуы
Тақырып: Экономикалық прогресті талдау және баға беру негізінде экономикалық реформалардың өзіндік жобасы.
Тақырыпша: Шағын және орта бизнестің даму тенденциялары мен проблемалары

(ХХХ сөз)

Орындаған: Налаев Айзор
(аты-жөні, қолы) _________________
Жетекші: Әміртай Эльмира Төлебайқызы
(аты-жөні, қолы)_________________
Ішкі модератор: Аманкулова Шолпан
(аты-жөні, қолы)_________________

Алматы, 2022
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . . . . . . 3
Негізгі бөлім
А-бөлім. (Теория) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
В-бөлім.Зерттеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
С-бөлім.Зерттеу қорытындысы (Анализ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
D-бөлім. Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланған ресурстар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15



Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнге қойып отырған басты мақсаттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы қамтамасыз етіледі. Шағын және орта кәсіпкерлік еліміздің ішкі экономикалық нарығының тұрақтылығын, жұмыссыздық деңгейінің азаюы мен алып компаниялардың монополиясының шектелуін қадағалайды. Олай болса, еліміздегі шағын және орта кәсіпорындарының ашылуына жағдай жасап, дамуын, кедергісіз жұмыс жасауын қамтамасыз етіп, біз еліміздің болашағына инвестиция жасап отырамыз. Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар еліміздің орта табын, яғни болашағымыз үшін жұмыс жасайтын адамдарды қалыптастырады. Кәсіпкерлер жалпы халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, инфрақұрылымның дамуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне және өмір деңгейінің артуына үлесін қосатын қоғамның басты, ат салысатын таптарының бірі болып табылады. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік әр мемлекеттің ішкі экономикалық секторын қалыптастырушы салаларының бірі болып табылады. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік осы саланың үнемі дамытылуын, жаңа инновациялық шешімдер мен идеялардың, дәстүрлі емес жобалардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің салалары алуантүрлігімен ерекшеленеді. Кішкентай кафеден бастап, балаларға арнап киім сататын онлайн дүкенге дейін бәрі де шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызылады. Қазіргі таңда жас ұрпақтың кәсіпкерлікке деген қызығушылығы күннен күнге артып бара жатыр. Осыны қолданып, шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейін біренеше есе көтеруге болады. Алайда, елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлі де оңайға соқпайды. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің аздығы, салық мөлшерінің алып болуы мен жеңілдіктердің берілмеуі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын шектеп отыр.

Зерттеу мақсаты:
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығын қарастыру. Қазіргі таңдағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралардың жұмыс процесстері мен нәтижелігін зерттеу. Шағын және орта бизнестің еліміздің ішкі экономикасына әсері мен дамытылуға кедергі келтіретін мәселелердің туындау себептерін анықтау.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек бағдарламаларын қарастыру.

Зерттеу өзектілігі:
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін, алдымен ішкі нарықтағы қатынастар мен процесстерді реттеп алған дұрыс. Ішкі экономиканың маңызды салаларының бірі шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлік - ішкі нарықты қалыптастырып, ірі мекемелердің монополизмін шектеп, бәсекелестікті дамытады. Сонымен қатар қоғам сұраныстарын қанағаттандырып, жұмыссыздық мәселесін шешуге үлесін қосады. Инновациялық шешімдер мен жобаларды ұсынып, жүзеге асырады. Бірақ, қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің, ұсынылып отырған бағдарламалардың нәтижелігі байқалмайды. Шағын және орта кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының экономика саласын дамытуда үлкен үлес қосуда деп айтуға болады. Сондықтан да, осы саланының үнемі дамып отыруын қамтамасыз ету үшін жасалынған әрекеттердің тиімділігін бақылап, статистикалық мәліметтерге анализ жүргізу керек. Бұл жұмыс жоғарыда айтылған барлық салаларды қамтып, зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Зерттеу міндеттері:
* Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің жағдайын бағалау
* Кәсіпкерліктің экономиканы дамытуға қосатын үлесін қарастыру
* Еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту жобаларының тиімділігін бағалау
* Кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасап жатқан мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсыну

Зерттеу сұрақтары:
* Қазақстан Республикасы үшін шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы қаншалықты маңызды?
* Қазақстандағы шағын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақ бизнес
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік туралы
Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі
Кәсіпкерлікке қолдау көрсету
Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибелері
Пәндер