1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау


1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау
Тәуелсіздік жолындағы күрескерлер тарихының тамыры тереңде. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихы Ресей отаршылдығынан бастау алатыны белгілі. Оның хронологиялық шегі - үш ғасырды (ХҮШ-ХХ ғғ. ) қамтиды. Бұл кезеңде патшалық билік те, кеңестік билік те «ұлы державалық» ұстанымда болды. Әріге бармай-ақ, ХХ ғасырдың басында азаттық күрестің жаңа формаларын ұсынған Алаш қайраткерлерінен бастап жетпіс жылдық кеңестік жүйеге бірінші болып соққы берген желтоқсандықтардың күрескерлік қызметін шартты түрде былайша кезеңдеуге болады:
1-кезең. Алаштық кезеңдегі күрескерлер (1917-1937 )
2-кезең. Соғыс қарсаңындағы күрескерлер (1940-1950 )
3-кезең. Тоқырау жылдарындағы күрескерлер (1960 -1970)
4-кезең. «Қайта құру» кезеңіндегі күрескерлер (1985-1990 ) .
2 кезең Соғыс қарсаңы және соғыстан кейінгі күрескерлер (1940 - 1950 жж. ) .
1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында сталиндік қуғын-сүргіннің үшінші толқыны өзінің жалғасын тапты. 1946 жылдың тамыз айында «Звезда» және «Ленинград» журналдарының ұжымы, драма театрлардың репертуарлары, «Болшая жизнь» кинофильм туралы БК(б) П қаулылары осыған жол ашты. Саяси-идеалогиялық қысым әдебиеттен бастап музыка, жаратылыстану, қоғамдық ғылымдарды түгел қамтып, 1953 жылы «дәрігерлер ісімен» аяқталды. Бұл науқандар Қазақстанда да жаңғырып, ескі феодалдық қоғамды дәріптеуге, буржуазияшыл ұлытшылдарға қарсы күреске әкелді. Осы бағытта ҚК (б) П орталық комитетінің 1947 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысының жағымсыз рөлі ерекше болды.
1940-1941 жж. Батыс Қазақстанда Ғарифолла есімді азамат ұлттық мәселелерді көтерді. Кеңестік мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы байқалды. Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда (сталиндік кезең, партиялық қатаң қадағалау) дамыды. Қоғамдық ғылымның одан әрі дамуына интеллигенцияны, жаңаша ойлап, жаңа жолдар іздейтін зиялы қауым өкілдерін қудалаудың жаңа кезеңі басталды.
Қазақстан Компартиясы ОК үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі Ілияс Омаровты «Е. Бекмахановтың көзқарастарын жақтағаны» мен «түсініксіз ұстанымда» болғаны үшін айыптады. 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын Қазақ әдебиеті оқулықтарының барлық басылымдарын алып тастауға» бұйрық берілді. Надандық жеңісі салтанат құрды. 1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» күрделі еңбектің авторларының бірі, дарынды тарихшы Е. Бекмаханов, 1946 жылы КСРО ҒА-да докторлық диссертациясын қорғап, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы үшін айыпталып, 25 жылға сотталғаны белгілі.
Көрнекті қоғамтанушы ғалымдар - А. Жұбанов, Қ. Жұмағалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайыловтарға саяси айыптар тағылды. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қ. Сәтбаев пен заңғар жазушы М. Әуезов қудаланды. Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Одан кейінгі жылдары қазақ әдебиетінде І. Есенберлин, Б. Момышұлының шығармалары елдің ұлттық сана сезімін оятты.
Кеңес өкіметі мен КОКПОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М. Елікбаев Н. С. Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М. Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М. Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды.
50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жәнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т. б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның хальқтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметгік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Көтеген ұлт өкілдері жер аударылды. 1941 жылы Кеңес-Герман соғысы кезінде халықтарды жер аударудан Кеңес өкіметі, тоталитарлық жүйе ерекше «тәжірибе» жинақтады. Кеңес Үкіметі Президиуымының 1941 жылы 28 тамыз қаулысында Еділ бойында тұрып жатқан немістерді қоныс аударуға ұйғарды. Осы қаулыдан кейін Ленинград аймағынан 96000 мың адам немістер мен финдерді жер аудару көзделіп, олардың 15000 адамын Қазақстанға жіберуге ұйғарылған.
1941 жылдың 6 қыркүйегінен басталған күштеп көшіруге бес күннің ішінде Мәскеу қаласынан және Мәскеу облыстарынан 8617 немісті және Ростов облыстарынан 21400 немісті Қазақстанның Қарағанды (8000 адам), Қызылорда (8000 адам), Оңтүстік Қазақстан облыстарына (10017 адам) жер аударды.
1941-1945 жылдары КСРО-да 1, 4 млн-дай неміс ұлтының азаматтары тұрған. Кейін соғыс басталғаннан кейін бұл этнос жан-жаққа күштеп таратылды және неміс автономиясы жойылды. 1941-1942 жылдары Қазақстанға немістердің 1 209 430 адамы қоныс аударылды.
Н. С. Хрущевтік билік тұсында Тың өлкесіне кірген қазақ жерлері үшін кеңестік жүйемен айқасқан Жұмабек Тәшеновтің ерлігі дербес әңгіме.
30, 40, 50 жылдары (ХХ ғ. ) жаппай саяси қуғын-сүргіннің нәтижесінде облыстың 3 мыңнан аса адамы түрлі жазаға ұшырады. Облыстың 58 басшы қызметкерінен 36 адам ату жазасына кесілді. Олардың ішінде партия комитетінің бірінші хатшысы Ә. Досов, облатком төрағасы В. Случак, облатком жауапты хатшысы Б. Ержанов, облыстық газеттердің редакторлары П. Грехнев пен Р. Жаманқұлов және т. б. болды. Қазақстанда 1940 жылдары нық қадам басқан диссиденттік қозғалыс 1960 жылдары жалғасын тапты.
Жалпы қорытындылай келе, Қазақ халқына тәуелсіздік жеңіл жолмен келген жоқ. XX - ғасырда тәуелсіздікке ие болуға қазаққа екі рет мүмкіндік туды. Осы екі мүмкіндікті де қазақ қайраткерлері пайдаланып үлгеруге қажетті әрекеттер жасады. Алғашқы мүмкіндікті Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері билікті қолдан шығармау үшін Алашорда үкіметін құрды. Ал екінші мүмкіндік - КСРО-ның құлағанын пайдаланып, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасын құруымыз. Алғашқы мүмкіндікті күйретіп жіберген коммунистер екенін ұмытпайық. М. Фрунзе бастаған қалың әскерді жіберген большевиктер көсемі В. Ленин қазақтың осы ғасырдағы алғашқы тәуелсіз мемлекетінің дербес өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. Орталықтан басқару жүйесі күшті болды. Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы тұрған, осы кезеңдегі ел қамын ойлаған зиялылар талай тар жол, тайғақ кешулерді, қуғын-сүргін, ауыр азапты бастарынан өткізді.
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15. 02. 1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 06. 05. 1966, Алматы) - тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл) .
Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шормановтың немере інісі Зында Шормановтың малын баққан. Бекмаханың Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болады. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады. 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді. Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады. Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасысының жағдайы ағасы Діншенің аудандық деңгейлегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі. Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханның қатты қажытады. Бұған қоса, анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді.
Семейде оқып жүрген кезде елдегі орын алған ашаршылық Баянауылды да айналып өтпегенін естіген Ермұхан және оның ауылдастары жақындарына көмектесудің амалын іздейді. Сөйтіп бала кезінен досы, өзінен сәл үлкендеу, сол кезде Семейдің медициналық училищесінде оқып жүрген Сәлкен Сұбханбердинге өз ойын айтады. Сәлкен болса Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі Асылбек Сейітовтен кеңесіне жүгінуге ұсыныс айтады. Асылбек Сейітов ол кезде өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бастығы болатын. Жас жігіттердің елге көмектескісі келетіндігі туралы ойын естіп, оларға елден бұрын әркім өзіңнің бас амандығын ойлау керектігін айтып, елге бармауға үгіттейді. Өмір көрген Асылбек Сейітов жас жігіттердің елге көмектесуге қауқарсыз екенін, егер елге баратын болса, аман қайтуы екіталай екендігін білгендіктен солай кеңес берген еді. Ермұхан және оның бір топ жерлестері туған-туыстарына қаншама көмектескісі келсе де, Асылбек ағаның айтқан сөздері шындық екенін түсініп, елге қайту идеясынан бас тартады. Кейінрек Асылбек Сейітов Ермұханды өз қамқорлығына алып, бар көмегін аямайды. [1]
1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев Ермұханға Алматыға оқуға түсетін болсаң, осындағы шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп ескертеді. Диқан Әбілев Ермұханға Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесін алған Ермұхан Халықтық ағарту комиссариатына барады. Комиссариаттағы құжат қабылдаушы адам Ермұханның кешікенін алға тартып, Мәскеу және Ленинградтың оқу орындарына түсе алмайтынын айтады. Алайда Тамбов қаласындағы ашылған педагогикалық институтқа түсуге мүмкіндігі бар екенін айтып, шешімді бүгін шығару керексің, болмаса ол оқу орнына да түсе алмайсың деп ескертеді. Ермұхан сол жерде Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды. Тамбов қаласындағы оқу Ермұханның көңілінен шыға қоймайды. Сөйтіп, 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Ал ол кезде сол Воронеж қаласында айдауда Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлы айдауда жүрген еді. Ермұхан жоғары білімді, озық ойлы Алаш зиялыларына кездесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде тарихқа деген қызығушылығы арта түседі. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді. [
Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұрышында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап жіберді. Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың! Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары - алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», - деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады»
Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz