Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БОӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі

Тобы: ТКиП 19-11
Орындаған: Бейшехан А.Ү.
Тексерген: Бижанова М.А.

Алматы, 2020
Өнер -- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың искусство деген терминінен аударылатын poiesis сөзі ежелгі гректерде білім, туынды , сана ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер poiesisia- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға - physis'y қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.
Эстетикалық мәдениет -- өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшелетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде түрінде емес, жай ғана қайта өңдіріп қоюмен шектеледі. Мәдиеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.
Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада - кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның фолифункционалдылығын тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар:өнер-бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагргика да бар; өнер-тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер- әрекет, бірақ еңбек -әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, көркемдік әрекеттік ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттік ерекше пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің индивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.Осылайша ,ол халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді. Өнердің төлтумалылығы ашу кілті де осында.
Ақындар, суретшілер,музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Ортағасырлық ойшылдар
Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі туралы эссе
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Бейнелеу өнері және әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Бастауыш сыныпта музыка сабағын ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Пәндер