Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бұрынғы дәуірлердің қай - қайсына да шоқтығы биігірек көрінетін, көркемдік бейнелеу тұжырымдамасын анағұрлым байытқан сондай бір қызғылықты бағыт ХYІ-ХYII ғасырларда Голланд пейзажынан басталады. Сараптық, жасанды көріністерге толы шартты туындылар аясынан тұңғыш рет табиғат өз алдына бейнелеу, сұлулықты зерттеу нысанасы ретінде жеке дара бөлініп шықты. Жаратылыс құбылысының жанды келбетін, қаз-қалпын, бар бояу-бедерімен мейлінше көрнекі мүсіндеуді мұрат тұтқан, кәдімгі біз білетін шын мағынасындағы пейзаж жанры қалыптасты.
Дүниені сұлулық жанрымен сезіну, көркемдік тұрғыдан тану жалпы өмір құбылысына табиғи қатынас түрлерінің бар өзгерісі қоғамдық даму үрдісімен қаншалықты дәрежеде сабақтастығын кейінгі өнер тәжірбиелерінен де аңғаруға болады.
Тельжанов шығармасында адам табиғаттың өзекті арқауы, оның мән мағынасын ашатын тиянақты - тірегі ретінде білдіріп, ұлттық бояу рухы да айқын аңғарылған.
Көрініс тектес бейнесі ата қонысымен бауырласып, біте қайнасқан байсалды бір парасаттылық бабын жеткізеді. Жер мен адам жарасымы бірегейлік табиғат құшағында адам салтанатын даралап, әсемдеп жырлауға мол мүмкіндік туғызған. Дала төсінде терең ойға шомған еңселі қазақ сол суретке жан бітіріп, жаратылыс келбетіне айрықша ажар дарытқан.
Көркем бейне тіршілік тынысының қыруар құбылысын түсіндіре алады өйткені, ол сезіну үндестігі, көрнекілік негізі арқылы табиғаттың өзімен табысып кеткен. Байырғы құбылыс өңін ашу тереңдігін өнер иесінің ойшылдық парасаты аңғарылады.
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Жұмыстың мақсаты: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін Жаратылыс адамы теориясын қалыптастырды.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді: Үйірме жұмыстарында тақырыптық сурет салу арқылы оқытудың мазмұны мен әдістемесін анықтап, теориялық тұрғыдан негіздеу; Көрініс тектес бейнесі ата қонысымен бауырласып, біте қайнасқан байсалды бір парасаттылық бабын жеткізеді. Жер мен адам жарасымы бірегейлік табиғат құшағында адам салтанатын даралап, әсемдеп жырлауға мол мүмкіндік туғызған. Дала төсінде терең ойға шомған еңселі қазақ сол суретке жан бітіріп, жаратылыс келбетіне айрықша ажар дарытқан.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.
Көркем өнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы аралайды. Сұлулықты тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп қана қоймайды, ол сол құбылыстың тыныстану, өмір сүру заңдылығын айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес адамзат мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің түрлері
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихын зерттеудің маңыздылығы
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме шығармалары
Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Өнер және бейнелеу өнерінің танымдық тарихы
Сөзден ұтылған хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz