Би мектебінің бизнес жоспары


«PVL-DANCE»
Би мектебінің бизнес жоспары
Түйіндеме
- Қарыз алушы туралы мәліметтер
Би мектебін құру
Пайда табу
- Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
- Жобаның түйіндемесі
Ұсынылып отырған жоба би мектебін құрудың бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Құлтай Ә. Ә.
Жобаның идеясы: Би мектептерін құру келесі мақсаттарды көздейді:
- Кәсіпорынды құру
- Пайда табу
- Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 353 592 тенге.
Кәсіпорынның сипаттамасы: би үйрету кызметін көрсету.
Жобаның құны: 353 592 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 4 ай.
Инвестордың табысы - 3 660 000 тенгені құрайды.
Алған несие бойынша төлемдер жобаның бірінші айынан басталады.
Іске асыру жобасының қарызын қайтару- бірінші айдан басталады.
Несие жылына 17% мөлшерлемесінде алынады.
Жобаның өмірлік циклы 1 жыл.
Жобаның жалпы экономикалық тиімділігінің соммасы 802 808 теңгені құрайды.
- Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
Жобаны іске асырылуы несие алған соң басталады. Аяқталу мерзімі 12 ай. Жобаның іске асыруылуы 1-ші кестеде сипатталған.
Жоба кезеңдері
1 кесте.
Кәсіпорынның тіркелуі
(Жеке кәсіпкерлік)
- Обьектінің сипаттамасы
Би мектептері биге қызығушылық танытып би үйренем деушілерге би үйрету. Сондықтанда бұл қызметті тұтынушылар:
- Өзінің дене-тәнін жақсы формада ұстап, би үйренгісі келетін адамдар;
- Казіргі заман талабына сай әдемі билеу мен әсерлі қимылдарды үйренгісі келетін адамдар;
Достары мен жастар арасында өзін еркін әрі жақсы сезінгісі келетін адамдар.
Казіргі таңда би билеу барлық жастар арасында танымал. Мысалы, балалар би арқылы дене икемділігін дамытады және денсаулығын жақсартады, ал үлкендер болса биді спорттың балама түрі ретінде пайдаланады, зейнеткерлер мен қарт адамдарға таныстық ортасын кеңейтіп, бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндігін береді.
Әлем тарихында 100 ден аса бидің түрлері бар. Қазіргі таңда келесі билердің түрлері үйретілуде. Соның ішіндегі танымалы:
- Классикалық би түрін үйрену: Классикалық вальс, вендік вальс, кадрил, квикстеп, мазурка, менует, чарльстон, ча-ча-ча.
- Латынамерикандың билер: Аргентиндік танго би, болеро, румба, сальса, самба;
- Шығыс би: «танец живота» (belly dance) ;
- Заманауи би: брейк, hip-hop, r’n’b, new style, club-dance, house, girls style, L. A. Style, break-dance.
Би мектебін ұйымдастыру жоспары 353 592 теңге сомма көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
Би мектебін ұйымдастыру үшін 80-100 шаршы метр көлемінде орынды жалдауды қажет етеді.
Биді сапалы үйрету мақсатында топтар 5-6 би үйренушілерден тұрады.
Бір би үйрену сабағынығ ұзақтығы 90 минут.
Айлық абонемент айына 12 би сабағынан тұрады (аптасына 3 рет) .
Би сабағы күні бойы өткізіледі. Жас өспірім балалар тобы түске дейін, үлкендерге түстен кейін өтеді. Сондай ақ би үйретуді жекеше өткізудіде жоспарлануда.
Бизнес ретінде би мектептері қысқа мерзімде өзін-өзі ақтау мүмкіндігі бар.
Би мектебін жайлы (спальный ) аудандарда ашуды жоспарланып отыр. Бұның себебі, би мектебінің адамдардың үйлерінен алыс емес жерде орналасуы клиенттердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни адамдар жолға кететін шығындары мен уақытын үнемдей алады. Көптеген адамдар үшін би мектебінің үйден екі қадам жерде жақын орналасуы, оларды сабақтан соң немесе жұмыс уақытынан кейін және үйде отырған қарапайым үй шаруасындағы адамдарға тартымды фактор болып табылады. Аэробикалық және би жаттығулары фитнес пен өзгеде спорт түрлерін алмастыра алады. Әрбір қыз баланың немесе әйел адамның кез келген шағындағы негізгі мәселесі әдемі әрі тартымды болу. Ал би денедегі артық салмақтан айырылуға жақсы көмектеседі.
Би мектебін ашу үшін орынды (би залын) іздестіру барысында, жалға алатын бөлменің жағдайына, оның таза ауамен желдетілу (вентиляция) мүмкіндіктерінің болуына аса көңіл бөлінуі керек.
Би үйретушілердің кадрлық құрамы - Павлодар қаласының хореографикалық колледждер мене академия студенттері арасынан іріктеліп алынады.
- Маркетинг жоспары
Бәсекелес ортаны қарастырмастан бұрын тұтыну нарығының жағдайына тоқталу керек.
Алдағы жылдары демалыс қызметтеріне соның ішінде би мектептерінің қызметтеріне деген сұраныс ұлғаймақ.
Казіргі таңда арнайы яғни эксклюзивті билерді үйрететін би мектептері танымал болуда. Бірақ Павлодар қаласы бойынша би мектептеріндегі бағалар жоғары, қарапайым тұтынушылар үшін қолжетімді емес болып тұр.
2020 ж Павлодар қаласы бойынша спорт және демалыс ұйымдарының көрсеткен қызметтері 16 млрд. теңгені құрап отыр. (1-ші сурет қара)
Павлодар қаласы бойынша 2020 жылы спорт және демалыс қызметін ұйымдастырудың құрылымында би және балет мектептері қызметінің үлес салмағы 0, 8% пайызын құрады. Бұл Павлолар қаласындағы спорт және демалыс қызметін ұыймдастыруда би мектептерінің әліде болса да жеткілікті деңгейде дамымағанын және игерілмендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен азаматтар арасында би мектептері мен олардың қызыметі туралы дұрыс ой-пікір қалыптастыру шараларды жүргізуді талап етіп отыр. Ол үшін нақты іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда:
- мектеп, балабақша, университет және өзгеде оқу орындарында би үйрету мектебінің қызметін жарнамалау;
- буклет, брошюра қағаздарын басу арқылы жарнамалау;
- арнайы журналдар мен газеттер, сайттарда жарнамалау.
Негізі қандайда бір қызмет пен кәсіпті жарнамалау арқылы істі алға қарай жылжытудың негізгі жолы болып табылады. Қосымша жарнамалау ретінде би кештері мен би жарыстарын өткізуге болады. Осындай іс шаралар қатысушыларды ынталандырады.
Бүгінгі күні Павлолар қаласында 20 астам би мектептері мен студиялар бар. Павлолар қаласының тұрғындарының саны 700 000 мыңнан астам, және бұл көрсеткіш күнен күнге өсуде екенін ескерсек би үйрету мектептері қызметіне сұраныс ұлғайатыны сөзсіз.
Павлолар қаласы бойынша би мектептері қызметінің орташа ақысы
2 кесте.
Би мектептерінің негізгі клиенттері балалар, жас -өспірімдер, 30 жасқа дейінгі жас адамдар және зейнеткерлер. Олардың мақсаттары денсаулығын жақсарту мен биді кәсіби деңгейде үйрену болып табылады.
Бүгінгі күні нарықтағы күшейіп келе жатқан бәсекеге қарамастан би мектебі болашағы бар бизнес ретінде қарастыруға болады.
- Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
Би мектептебін ұйымдастыруға қажетті негізігі құрал жабдықтар:
- Музыкалық құрал-жабдық (Музыкалық орталық) ;
- Дауысты күшейтушілер;
- Ілгіш;
- Қалқа (ширма) ;
- Стол;
- Орындық;
- Ұзарытқыштар мен жалғастырушылар;
- Қаржылық жоспар
Болжамданған кірістер (табыстар) құрлымы келесі талдауларға негізделген:
- Би мектептерінің қызметіне тұтынушылардың сұранысын талдау;
- Нарықтағы би мектептері ұсынған қызметтерді талдау;
- Би үйрету мектептері қызметтерін жалпы нарықтық жағдайын талдау.
Би мектепбінің қызмет көрсетудің есептік кезеңіндегі жоспары
3 кесте.
Егерде нарықтағы жағдай кәсіпорынның дамуына оң әсерін тигізсе, би үйрету мектебінің көрсететін қызметінің көлемін 390-420 мың теңгеге жеткізуге болады.
Жоспарланып отырған шығындар - капиталдық және ағымдағы шығындардан құралады.
4 кесте.
Шығын атаулары
(Капиталдық шығындар)
Саны
(дана)
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz