Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Көкшелік халық ақыны Ш.Отызбаев шығармашылығы

Қабылдаған:
Орындаған:

2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
1 Ш.Отызбаевтың өмір жолымен поэзиясына әдебиеттік шолу

1.1 Ш.Отызбаевтың өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ақын поэзиясының тіл шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ақын туралы естеліктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5

5
7
9

2 Ш.Отызбаевтың шығармашылығы

2.1 Ш.Отызбаевтың айтыскерлік өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Ақын өлеңдеріндегі соғыс сарыны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ақын шәкірті - Көкен Шәкеев ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14

14
19
22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұлы Отан соғысы жылдары қазақ әдебиетінің дамуындағы ерекше ерекше және жарқын кезең болды. Жаумен кескілескен күрестің ең қиын жағдайында халық жадында мәңгілік сақталып қалған көптеген шығармалар туды.
Бұл жолы да көптеген жазушылар мен ақындардың құнды туындыларында мыңдаған майдангерлер асқан ерлігімен ерекшеленді. Әрине, қазақ әдебиетінде бұл әскери төрт жылдың тарихи мазмұны орасан зор болды.
Әдебиетіміздегі Ұлы Отан соғысы тақырыбы ең көп қырлы және мәнді болып табылады, өйткені ол еліміздің ғана емес, бүкіл әлем халықтарының қасіретті тағдырындағы ұлы тарихи оқиғамен байланысты.
Дегенмен, соңғы онжылдықтарда дүние жүзіндегі тарихи өзгерістерге байланысты 1941-1945 жылдардағы соғысқа байланысты мәселелерге әртүрлі көзқарастар қалыптасты.
Осы көзқарастарды біртарапты ұстауда сол жылдары жырларымен халық шерін толғаған ақындардың орны бөлек болды. Олардың ішінде Көкше ақыны Ш.Отызбаев та бар.
Ш.Отызбаев өлеңдері Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттің белгілі бір кезеңдеріндегі дамуын талдау және еліміздің тарихи өткенін түсінуде қазіргі уақытта жүріп жатқан процестерді зерттеуде ерекше үлес қоса алады.
Ш.Отызбаев туындыларын оқығанда тарихи оқиғаның табиғатын түсіну үшін оның бастау көздерінен сусындап, әрең байқалатын ағындарынан, адам жүрегін үрейге толтырып, сілкіністерді бастан кешіретін алапат тасқынды байқаймыз.
Сонымен қатар, Ш.Отызбаев жырларында туған ел, туған жер, кәрілік, қоштасу, денсаулық тақырыптары жиі қозғалған. Соның ішінде, соғыс батыры М.Ғабдуллинге арнаған жыры ерекше еді.
Сөзге шебер ақын айтыстық өнерімен алғаш қазаққа танылған болатын. Талай жерде бағын сынап, Жамбыл ақынмен дидарласып, ел аузында қалған. Сонымен қатар, қазақ фольклорындағы батырлар жырын бір сарында жатқа айта білген.
Курстық жұмысымыздың өзектілігі де осы Көкшенің дарабозы, азулы ақыны Ш.Отызбаевтың өмірі мен шығармашылығын саралау болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - Көкше ақыны Ш.Отызбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша деректер жинап, өлеңдерінде қозғаған тақырыптарының маңызын зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттері шешілуде:
1. Ш.Отызбаев шығармашылығының ерекшеліктерін қарастыру.
2. Ш.Отызбаевтың өмір жолын зерттеу.
3. Ш.Отызбаевтың айтыскерлік қыры бойынша ақпарат жинау.
4. Ш.Отызбаевтың өлеңдеріндегі 1941-1945 жж. соғыс лебін анықтау.

Зерттеу нысаны: Ш.Отызбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Зерттеу пәні: Қазақ әдебиеті
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды:
- үздіксіз іріктеу әдісі.
- теориялық талдау әдісі.
Курстық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ш.Отызбаевтың өмір жолымен поэзиясына әдебиеттік шолу

1.1 Ш.Отызбаевтың өмір жолы

Көкшенің әйгілі сал серілері, атағы дүйім қазаққа мәшһүр Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтардың сал-серілік дәстүрін өз дәуірі мұрсат қылған мазмұн-пішінде алып жүрген шәкірттері біршама. Олардың әрқайсысы өзіндік даралық сипатқа ие болғанымен, әдебиеттану тарихында ХХ ғасырдағы халық ақындары деп атайды. Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Омар Шипин т.б. халық ақындарын өздері туып-шыққан өңірдің фольклорлық қазынасын және ән шырқау мақамының дәстүрін, сондай-ақ шынайы суырыпсалма ақындықтық жаңа ғасырға аманаттаушылар деп қарастырамыз. Өз кезегінде олар да соңынан шәкірт ертті. Арғыдан жалғасқан игі дәстүрдің жүлгесі кейінгі толқындарға жалғасты. Қазақ даласының әр түкпірінде халық ақындарының тұтас шоғыры болды. Олардың өмір сүрген дәуірі ұлы төңкерістерге, империялардың құлап, екінші бірінің құрылып нығаюына, идеологиялық көзқарас салдарынан туындаған аласапыран зобалаң-зұлматтар мен екі бірдей дүниежүзілік соғысқа тап келді. Яғни шығармашылық ғұмыры, мұраларының мазмұндық ауаны екі дәуірді қамтитындығына халық ақындарының барлығының дерлік баспа бетінде қалған туындыларына қарап көз жеткізуге болады.
Шығармашылығы екі дәуірдің шежіресі болған халық ақындарының бірі - көкшетаулық Шәкен Отызбайұлы. Өзі өмір сүрген тұста Көкше өңірінде қанаттаса қатар жүрген халық ақындарымен айтыс аламанына түскен суырыпсалма ақын болғандығын соңында қалған жазба мұраларынан аңғаруға болады. Туғанына 135 жыл толуына орай Шәкен Отызбайұлы туралы қолда бар деректерді оқырман санасында жаңғыртып өтуді жөн санадық.
Халық ақыны, әнші, әуесқой сазгер, жыршы Шәкен Отызбайұлы 1887 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданы, (бұрынғы Көкшетау) Шағалалы аулы аумағында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Шәймерден болса да, ата-анасының еркелеткен Шәкен деген есімімен тарихта қалады. Шәкен Отызбайұлының шыққан тегі - арғын қарауылдың ноғай табының аман атты бөлімі. Отызбай Саполатұлы - өз заманының көзі ашық, еті тірі азаматы, ескіше діни сауатты молла адам болыпты. Отызбайдың Рамазан, Қожахмет, Сүлеймен, Шәймерден атты ұлдары болыпты.
Шәкен Отызбайұлының өмірдерегіне қарағанда, сол дәуірдегі хат танып сауат ашудың ауыл молдасынан немесе орыс-қазақ школынан деген сияқты баспалдақ білім жолынан өтпеген. Өзінің табиғи суырыпсалмалығы мен құймақұлақтығы арқылы айтыскер, жыршы, термеші ретінде ауыл-аймағына танылып Шәкен ақын атанған адам. Хат танымағандықтан да болар, кезінде суырыпсалмалықпен жырлаған өлең-жырларының көбі хатқа түспеген. Шәкен ақынның мұрасын қолынан келгенінше жазып алып, сақтап жеткізген - баласы Темірбай Қабділмәжитов. Әкесінің көп өлеңін жатқа айтқан Темірбай ақсақал Шәкен ақынның 1164 жолдық мұрасын қағазға түсірген екен.
Шәкен Отызбайұлының шығармашылық жолы жоғарыда айтылғанындай, кеңес дәуіріне дейінгі және кеңес дәуіріндегі кезеңді қамтиды. Кедей-кепшіктің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаймыз деген ұран көтеріп, билікті қолға алған коммунистер халық ақындарының ел ішіндегі беделін, шығармашылық әлеуетін барынша пайдалануды көздеді. Лениндік-сталиндік саясатты ел ішінде насихаттау, түрлі науқандық шараларға халықты жұмылдыру т.б. жағдайларға халық ақындарын тарта білді. Өз кезегінде бұл халық ақындарының жаңа дәуірде ел арасында танымалдылығы арта түсуіне септігін тигізгендігі анық. Жетпіс үш жасында шығармашылығының жаңа кезеңіне аяқ басқан Жамбыл халық ақындарының көшбасшысы ретінде танылды. Бұдан соң елдің идеологиялық тізгінін ұстағандар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі халық ақындарын іздестіріп, жергілікті өңірлік, аймақаралық, республикалық деңгейде айтыстар өткізе бастады. Қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында қазіргі күні Жамбыл дәстүріндегі халық ақындары деп қарастырылатын шығармашыл тұлғалардың мол шоғыры осы кезеңде қалыптасты.
Жалпы алғанда өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап жеткізген рухани қазынасын жинақтау, хатқа түсіріп мұрағаттау кезеңінің басы болды. Осы жылдары атқарған А.Затаевичтің қазақ әндері мен күйлерін жинаған еңбегі - осыған дәлел. Көкшетау өңірінде осы кезеңде елге аты кеңінен танымал халық ақындары Молдахмет Тырбиев, Сұлтанмұрат Әміреұлы, Қалия Жұбандықұлы, Уахит Жақияұлы қатарлы өнерпаз тұлғалар өмір сүрді. Олар тек суырыпсалма ақын ғана емес, әйгілі сал-серілердің әндерін олардың өз аузынан үйреніп, бар бояу-болмысымен игеріп көкірегіне түйген шәкірттері, әрі оларды нәшіне келтіріп тамаша орындаушылар болды. Сонымен қатар олардың әрқайсысы өз жанынан ән шығарған өнерпаздар болғандығы да белгілі. Бұл ақындар да ел ішіндегі өзінен кейінгі толқынға, соңынан ерген жас таланттарға өнер өлкесінде бағыт-бағдар беріп шәкірт тәрбиеледі. Шәкен Отызбайұлының тікелей шәкірті - белгілі айтыс ақыны, Қазақстан ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті Көкен Шәкеев болды.
Көкен ақын өзінің айтыстарында Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай дейтін Жамбыл ақын тәрізді, ұстазы Шәкен ақынның есімін ілтипатпен еске алатын еді. Көкен ақын өз ұстазы туралы жазған Елу жыл есте қалған ән атты мақаласы кезінде Көкшетау газетінде жарық көрген.
Жалпы Шәкен Отызбайұлы шығармашылығы туралы өткен ғасырдың екінші жартысында негізінен бұрынғы Көкшетау облысының аумағында таралған басылым беттерінде біршама жазылған деуге болады. Атап айтқанда көкшетаулық белгілі өнер зерттеуші Әуез Өтеевтің Халықтың ардақтысы - Шәкен ақын, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Есмағұловтың Шәкен ақынның отты жырлары, филология ғылымдарының докторы Серік Негимовтің Шәкен ақын, өнер зерттеуші Жұмабай Есекеевтің Шағалалыда шырқалған ән мен күй, Темірбай Қабділмәжитов Ақын жұлдызы сөнбейді, ақын, журналист Қайырбай Төреғожаның Ақын өмірінен бір үзік сыр атты мақаласы шыққан. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Серік Негимов Қазақтың сал-серілері атты ғылыми эсселер жинағында Шәкен Отызбайұлы шығармашылығы туралы былай деп пікір білдіреді: Елдігіміздің, ерлігіміздің, киелі қасиеттеріміздің жыршысы, топырағымыздың, табиғатымыздың дара туған жарық жұлдызы, дәулетті, бейнетті, жарқын күндеріміздің шынайы шежірешісі, тұйыққа тірелгенде көптің көш бастайтын марғасқасы, ай мүйізді айбарлы серкесі - сылдыр көмей ақын-жыраулар ғой. Бұл орайда Біржан сал мектебінен сабақ алған, үлгі алған, көрнекті әнші-ақындармен халық композиторлары Үкілі Ыбырайдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың сұлу да кербез әндерін нәшіне, кемеліне келтіре шырқаған Һәм Бөгембай батыр, Қабанбай батыр, Ағыбай батыр, Кенесары-Наурызбай, Қарға батыр жырларын жатқа сайратқан ардақты өнерпаздың бірі - Шәкен Отызбайұлы еді.

1.2 Ақын поэзиясының тіл шеберлігі

Көркем әдебиеттің негізгі құралы - тіл.Адамның көңіліндегі көрікті ойды жеткізуші, жарыққа шығарушы да тіл. Әсіресе, тебіренткен терің сезімнің, айрықша эмоцияның, мазмұнды ойдың иегері - поэзия тілін айрықша атап өткім келіп тұр.
Поэзия тілі дегеніміз-поэтикалық образдың тіл арқылы берілуі.
Халық ақындарының тілі - қоғамдық, әлеуметтік, азаматтық ойларды бейнелі де суретті түрде жеткізетін әрі қарапайым, әрі тартымды тіл.
Шәкен ақынның мұрасы ақындық, жыраулық дәстүр үлгісінде келеді.
Лирикалық шығармаларда поэтикалық образдар әр түрлі нышан, символ, ауыстырулар, тенеулер, эпитет, метофоралар арқылы жасалатыны белгілі. Шәкен поэзиясында осындай ұтымды теңеулер мен эпитеттер, жарасымды метафоралар, символдар көптеп кездеседі.
Шәкен өз шығармаларын, негізінен, 7-8 буынды жыр үлгісі мен 11 буынды жыр үлгісінде жазған, ұйқас түрі- кезекті, редиф.
Мысалы:
Ау, жолдастар,жолдастар! а,-7
Мен қарап тұрмайын. б,-7
Әскерге кеткен алтын жас, в,-8
Артында қалып жырлайын. б,-8
Ізіне басқан зар болып, г,-8
Сағынып мен де жырлайын. б,-8
Жылағанмен не пайда? д,-7
Сөйленіп сөзді сырлайын. б,-8
Шәкен Отызбаев мұрасы ақындық, жыраулық дәстүрдің үлгісінде келеді. Сонау өткен ғасырлардағы Бұхар жырау, Шал ақындар, Біржан мен Ақан сері, Жамбыл дәстүрлерінің үлгі- өнеге алған ақын өз заманына сай өрелі жырларын айта білді. Халық әдебиетінің бәр өкілі ретінде танылуға тиіс Шәкен мұралары да салмақты.
Шәкен Отызбаев шығармашылығында сұрай арнау үлгілері көптеп кездеседі. Әсіресе, Бақылдық поэмасында өмір кезеңдерін беру тұрғысында осы бір жанрды жиі қолданады:
Ел қайда, Есіл қайда, Нұра қайда?
Бұрынғы құт құйылған дуа қайда?
Береке бисмелләсіз кірмейді деген,
Оқыған моллалардан дұға қайда?
Бұл күнде бәрі-бәрі іске айналды.
Еңбексіз бетпен жүрген бұла қайда? [4, 8 б.].
Арнау жанры туралы ғалым А.Байтұрсынов: Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты, - деп анықтама берген екен.
Шәкен Отызбаев арнаулары да кеңестік дәуірдегі прогрессивті өзгерістермен қатар, дін мен ділге төнген жалпы қауымға арналған. ХХ ғасырдың әйгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріндегі осындай торығу күйі халық ақындарының да шығармашылығынан орын алғандығын көреміз.
Жастықта істеген іс миуалы ағаш,
Сайрасын кәрі бұлбұл қонып алып.
Өлерін, тірілерін білсін қайдан,
Түлкіге бүркіт түсті құмарланып [7, 30 б.].
Шәкен Отызбаев өлеңдері 11 буынды, қара өлең ұйқасымен де, 7 - 8 буынды, көбінесе шұбыртпалы, аралас ұйқас түрінде өріліп отырады. Шәкен ақындағы шынайы лиризм, сезім халі алдыңғы екі ақынға қарағанда, көп тұста басым болып жататындығы - өнер иесінің қарым-қуатын айқындайтындай.
Соғыс біткелі екі жыл,
Әлі күнге хабар жоқ,
Зарықтырып шөлдеттің.
Хабарсыз екі қарағым,
Мұнша мені жылатып,
Көзімнің жасын көлдеттің.
Құдіреті күшті құдайым,
Себепсіз адам қырылтып,
Қанын судай селдеттің.
Біреулерді қуанттың,
Кейбіреуді суалттың
Ашылып тұман желдеттің.
Қонқайбай мен Құрманбай,
Хабарсыз қайғың шыдатпай,
Өзімді-өзім тербеткен,
Әлдилеген бөбекпін [7, 76 б.].
Градацияға құрылған, біз үзінді ретінде алып отырған 14 жолда сұм соғысқа деген күйініш, соғыстан аман-есен келіп отбасымен қауышқандар мен әлі күнге хабар-ошары білінбей жүрген жандардың ащы зары, үміті мен күдігі шебер астастыра берілген. Әсіресе, өзімді өзім тербеткен, әлдилеген бөбекпін деген екі жол - ақынның сәтті сипаттауы, өзіне ғана тән шынайы метафора болып табылады.

1.3 Ақын туралы естеліктер

Шәкен Отызбаевтың шығармалары ақынның көзі тірісінде баспа бетіне жарияланбады. Шығармаларының бәрін ауызша шығарғандықтан, көбі хатқа түспей қалған. Шәкен Отызбаевтың мол мұрасын жазып алып, қазіргі кезге дейін сақтап бізге жеткізуші - ақынның баласы Темірбай Қабділмәжитов. Темірбай ақсақал Шәкен ақынның көп өлеңін жатқа айтып отырады. Ақсақал Шәкеннің мол мұрасының 1164 жолын бүгінгі күнге жеткізуші адам.
Шәкен Отызбаев жайлы алғаш шыққан мақалалар қатарына Ә.Өтеевтің Шәкен ақын (Қазақ әдебиеті 1969 ж., 9 маусым) және А.Есмағұловтың Шәкен ақынның отты жырлары (Көкшетау правдасы, 1989 ж., 21 маусым) атты мақалаларды жатқызамыз. Бұл мақалалар ақынның өмірбаянына, ақын өмірінде болған елеулі өзгерістерге, шығармашылығына арналған.
Сонымен қатар С.Негимовтың Шәкен ақын, Ә.Өтеевтің Халықтың ардақтысы Шәкен ақын, Қ.Жүсіповтің Ақынға табыну, Н.Нұрмышева, Ж.Есекеевтің Шағалалыда шырқалған ән мен күй, К.Шәкеевтің Елу жыл есте қалған ән, Т.Қабділмәжитовтың Ақын жұлдызы сөнбейді мақалалары ақынның өмірі мен кейбір шығармаларына байланысты жазылған.
Көкшетау газетінің 1990 жылғы 16 қарашасында шыққан санында Қ.Төреғожиннің Ақын өмірінен бір үзік сыр атты мақаласы шықты.
Қазақ әдебиеті газетінің 1969 жылғы 9 маусымында Ә.Өтеевтің Шәкен ақын атты мақаласы, сонан соң 1992 жылғы Жұлдыз журналының № 2 санында Б.Ерзаковичтің Қос саңлақ атты мақалалары республикалық газет-журналдарда жарық көрді.
1988 жылы К.Шәкеевтің Елу жыл шырқалған ән атты мақаласы Көкшетау газетінің 30 қаңтарында жарық көрді. Ақын ұстазының қысқа өлеңдері, негізінен, аңшылық, тұрмыс-тіршілікке арналып жазылғандарын сөз ете келе, Шәкен Отызбайұлының отызыншы жылы шыққан Қаршыға деген әннің туу тарихын айтып өтеді.
Әдебиет зерттеушісі, ғалым С.Негимов өзінің 2005 жылы жарық көрген Қазақтың сал-серілері ғылыми эсселерінде кезінде аттары қазаққа мәлім болған, сөздері үш жүзге белгілі болған сал-серілеріміздің, ақындардың өнерпаздық өнерлі өмір жолдары туралы жазылған еңбегі қалың жұртқа белгілі. Осы еңбегінде: Елдігіміздің, ерлігіміздің, киелі қасиеттеріміздің жыршысы, топырағымыздың, табиғатымыздың дара туған жарық жұлдызы, дәулетті, бейнетті, жарқын күндеріміздің шынайы шежірешісі, тұйыққа тірелгенде көптің көш бастайтын марқасқасы, ай мүйізді айбарлы серкесі - сылдыр көмей ақын-жыраулар ғой. Бұл орайда Біржан сал мектебінен сабақ алған, үлгі алған, көрнекті әнші-ақындармен халық композиторлары Үкілі Ыбырайдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың сұлу да кербез әндерін нәшіне, кемеліне келтіре шырқаған Һәм Бөгембай батыр, Қабанбай батыр, Ағыбай батыр, Кенесары - Наурызбай, Қарға батыр жырларын жатқа сайратқан ардақты өнерпаздың бірі - Шәкен Отызбайұлы еді - деп өнерлі ақынның өмірлік жолына тоқталып, күйлері, жыр-толғаулары мен айтыс, дастандары тақырыптарының идеялық мазмұнына сипаттама береді 10, 80
Алғаш заман талабынан табыла алмаған айтыстың қайта түлеп жаңғыра дамуына себеп болған оқиға Ұлы Отан соғысы кезеңі болды. Партия халық ақындары бойындағы табиғи талантты майданға қажетті зәруліктерді өтеуге бағыттап, үлкен жұмыстың мұрындығы бола білді. Осыған орай белгілі фольклоршы К.Сейдеханов айтыстың жандануына түрткі болған жағдайдың мән-жайын: Шынында, ақындар айтысының жаппай етек алып жандана түскен кезі де осы 1943 жыл болды. Ақпан айының соңында қазақстан Жазушылар Одағының ІІІ Пленумы шақырылып, оған көрнекті халық ақындарының бір тобы қатысты.
Халықтың рухани мәдениетінің ірі өкілдері, ХІХ ғасырда ақындық қасиетімен дараланған дарындар - Орынбай, Тоғжан, Тезекбай, Шөже, Біржан, Ақан, Ыбырай, Балуан Шолақ, Нүркей. Осы асылдардың игі жолдарын жалғастырған, олардың дәстүрінен тәлім-тәрбие алып өсіп, көпке аты мәлім болған ақын жыршылардың бірі Шәкен Отызбаев еді.
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі. Ұлы қазан революциясының шапағатымен қайта туып, қайта жасарған заманымыздың халық поэзиясын жаңа белестерге көтерген дүлдүлдер Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Омар, Маясар, Нартай сияқты ұлттық әдебиетіміздің тарихында қошемет тұтар абзал ақын Шәкен Отызбаев - жарқын түлға.
Шәкен Отызбаевтың термелеп айтатын жыр-толғаулары ежелден Арқа елінің белгілі жырауларының дәстүрінде келіп, ойлы да мәнді жайларға бағышталып жатады. Ақын өмірдегі әр алуан жайларды ең алдымен адамға қатыстыра отырып бағалайды. Яғни философиялық арнада өрілген ақылгөйлік, парасатты, нақыл сөздермен өрнектеледі:
Ақын болып не керек,
Бақытын жырлап халықтың,
Сөз асылын термесе.
Көп үшін маңдай терлесе,
Құр достықтан не пайда,
Біріне бірі сенбесе.
Шешендіктен не пайда,
Қалдырған сөзі мұра боп,
Тарихқа аты енбесе... - деген сияқты болып келеді. Адам деген атты ардақтай, қастерлей білуге, адалдыққа, ізгілікке шақырады. Әсіресе ақын деген атақтың киелі де, қасиетті екендігін, оның өсиет-өнегесі кімге де болсын асыл мұра дегенге саяды.
Шәкен Отызбаевтың Халық ақыны деген құрметті атаққа ие болып, былай деп жазады:
Зор атақ, жол бергенде үкіметім,
Аралап жүріп тұру келмейді шамам.
Шыққанда алпыс деген қыр басына
Жүрмедім денім сау боп есен-аман
Жағдайының осылай ауырлай бастағанын сезген ақын қолыма домбыра алдым тартайын деп... ертерек бақұлдық сөз айтайын деп, - қамдана сөйлейді. Дегенмен үлкен жүректің отты лебі бірден қайтқан жоқ. Оптимистік сарын соңғы жылдардан да айқын бой ұрады. Тозған көйлек болсам да, намысты қолдан бермедім, деген ақын өмірден, жақсылық нышанды хабардан күдер үзген жоқ:
...Хабарсыз қос қарғамды,
Нәсіп болса көрмекпін.
Шаттық нүрға бөленіп,
Кейін қарай жасырып,
Жиырма беске келмекпін.
Басы жұмыр пенденің,
Ойлағаны бола ма?
Мұратқа жетіп өлмекпін, - деген сенімді де, биік арманды, жақын тілекті ойлармен ақын жырын аяқтаған.
Шәкен Отызбаев мұрасы ақындық, жыраулық дәстүрдің үлгісінде келеді. Сонау өткен ғасырлардағы Бұқар жырау, Шал ақын, Біржан сал мен Ақан сері, кешегі ақындар алыбы Жамбыл дәстүрін үлгі-өнеге еткен ақын өз заманына сай өрелі жырларын айта білді.
Ақын жырларының дені философиялық ой айту, терең тебірене толғану түрінде келетін өміршең туындылар болы келеді. Өмірінің соңғы кездері көбіне жабырқау, қамығу жағдайында болған Шәкен ақын соғыстан қажыған ел тұрмысын, елге оралмаған қыршын боздақтарды, өзінің қос құлынын жиі-жиі еске алады.
Ақын айнала қоршаған ортамен, табиғатпен, өмірмен мұңдасып, сырласа береді. Оның осындай сәттерін бейнелейтін жырларының бірі жыл құсы. Бұл шығарма - қазақ әдебиетінде көп кездесетін аңмен, құспен, жалпы табиғатпен тілдесе, сыр шертісетін өлеңдер дәстүріндегі туынды. Әуел баста ақын өзінің аңшылық, саятшылық істерін, әр-құстың мінез-құлқын қызыға сипаттап, еске алады. Одан әрі өз басындағы қайғыны құстарға айтып, тілдеседі. Оларды адам бейнесінде қабылдап, қайтқан құс, қос құлынымнан хабар білесіңдер ме? деп әкелік мұңды үмітпен қарайды.
Жаңа дәуірде өнер жарысына түскен екі ақын өз колхозы мен аудан, облысының қол жеткен табыстарын және үлгілі еңбек адамдарын айтыс арқауы ете отырып, қарсылас ақынның жеріндегі олқылықтар мен орындалмаған жоспарлы істерді сын тезіне салады. Мұндағы сын кемшілікті жұрт талқысына салып әйгілеу, мойындату арқылы соны қалай да жою мақсатын көздейді. Бұлардың түгелдей зілді, ащы сынға құрылмай, қамқор, жанашыр сын болу себебі осыдан. Соған орай айтыс бұрын-соңды болып көрмеген қоғамдық дамудың қозғаушы күші - сын мен өзара тезге салар құралы болып қалыптасты. Соның нәтижесінде айтыстың әлеуметтік мәні мен мазмұн-сипаты, тақырып, көлемі де өзгерді, жаңа дәуір, жаңа дүниедегі ел өмірінің көріністерін, қоғам мүддесі мен кеңестік тұрмысты паш етуге тиіс болды. Ақындар айтыс үстінде колхоз бен совхоз аудан мен облыс, республика көлемімен ғана шектеліп қалмай, Одақтық шақыру - ұрандарға үн қосып, партия, Кеңес басшылығын мадақтап көтере жырлауды да қажеттілік санады. Осындай қоғамдық, саяси мүддені жоғары қою талабын ұстанған айтыс ақындары бұрыннан қалыптасқан жеңу, жеңілу дәстүрін де басты шарт деп ұстанбады, көбінесе, социалистік құрылыстағы еңбек табыстарын мақтан тұтып, сол жолдағы кедергі болар кемшіліктерді сын сарабына салуға айрықша күш жұмсады. (Әуезом М. Қазақ әдебиетінің тарихы. І том, екінші кітап. Аламты: Ғылым, 1964. - 694 б.)
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы айтыстарда қарапайым еңбек адамдары мен жатыпішер жалқаулықтың зиянды көріністері, әйел теңдігі мен олардың бас бостандық, азаттық мәселелері келелі сөз болады. Шынын айту керек, билеуші коммунистік партияның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған кезеңде, қай ақын болса да, партия мен сол тұстағы қол жеткен табыстарды соның көсем-басшыларына арнауға, мадақтауға мәжбүр болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айтыстар негізінен неміс басқыншыларына қарсы күресте қанқұйлы жауды талқандауға шақырып, бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген жалпыхалықтық ұранға үн қосып отырды.
Алғашқы айтыстар колхоз, совхоз, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылып, озып шыққан жүлдегер ақындар ғана республикалық айтыстарға шақырылып отырды.
Соғыстан кейінгі дәуірдегі айтыстар (1947-1957) бүкіл еліміздің ұран-үнімен терең астасып, халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру, соғыс зардабын жою талабынан туындап жатты. Ақындар еліміздегі үлкен өрлеудің барысы мен орын алып келген кемшіліктерді де, етектен тартқан ескінің кейбір көрініс-қалдықтарын да аяусыз сынға алып отырды.
Бұл айтыстарда ежелгі дәстүр мен жаңа мазмұнның жарыса астасып, тың сапаға ауысқанын көреміз. Заманмен қоса ақын да өзгерген, сөз де жаңарған.
50-60 жылдар арасында ақындар айтысы тағы да бел алып, ауыларалық, ауданаралық, облыстық айтыстар жалғаса отырып, 1961 жылғы республикалық айтысқа келіп ұласты. Айтыстық дәстүрімізді жаңғыртып, оның тың тақырып, жаңа мазмұнымен байыту ісіне соңғы кездерде Қазақ ССР Ғылым Академиясы әр алуан юбилей, мерекелерге орайластырып өткізген әдеби конференциялар мен ғылыми сессиялардың мән-маңызы да айрықша болды. Кеңес дәуіріндегі айтыстың мәселелеріне арналған әр алуан мақала, зерттеулердің баспасөз бетінде жүйелі түрде жарық көріп келуі де бұған елеулі үлес болып қосылды.
Кеңес дәуіріндегі айтыстың 50-60 жылдарғы даму жолдарына көз салсақ, бұл тұста да жазып айтысу салтының өріс алғанын көреміз. Екі ауданның не екі облыстың ақындары сол жазып шығарған айтыстарын жергілікті баспа бетінде жариялап қана қоймай, соны бетпе-бет келгенде де қарсыласына жаттап айтып, яки қағазына қарап отырып оқып беретін болды. Бұдан айтыс өзінің баурағыш, тартымдылық, әсерлілік қасиетінен айрылып қалды. Сондықтан әдебиетші-ғалымдарымыз айтыстың қалыпты суырып салма дәстүріне қайта оралуы қажет деп тапты. Сөйтіп, айтыс өзінің табиғи арнасына жол тауып, түрлене, көркейе дамуға бағыт алды. М.Әуезов былай деп жазды: Айтыс дәстүрі - ақын мектебі, шеберлікті шыңдайтын ең қатал да қатаң сын тезі. Талай тарлан ақындар осы сыннан мүдірмей өткенде ғана шын ақын атағын алатын. Бүгінгі айтыста қолданылып жүрген алдын-ала жазып айтысу тәсілі ақынды қиынды жеңуге бейімдемей, қайта ақын болудың оңай жолын іздеуге бейімдейтін сияқты.
1960-1970 жылдардағы айтыстар ақындықты өнер жарысына айналдыруда суырып салма дәстүрін жаңа бір белеске көтерді. Мұнда олардың бұрынғы дәстүрде бар кейбір ақындық амал-тәсілдерді қайта жаңғыртуға бой ұрғанын көреміз. Соның бір көрінісі ақындардың ежелден келе жатқан тәсілі: өзін-өзі көтере мақтап шалқи сөйлеуі дер едік.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдерде туған айтыстар, ең алдымен, күйзелген халық халық шаруашылығын қалпына келтірудегі жігерлі еңбек пен халықтардың татулық-бірлігін жырлауға бағытталды.
Өмір мен өлім белдескен қатерлі соғыс жылдары әрбір кеңес азаматының ой-арманы қанқұйлы жауды қалай да тезірек жеңіп, жеңіс күнін жақындата түсу талабына бағытталды. Бұл үшін әр адам өз қолынан келгенше аянбай еңбек етуге тиіс еді. Ал, айтыс ақындары халықтың осы асыл мұратын өз жырларына желілі арқау етіп отырды.
Қарсылас ақындар көне дәстүрге орай айтыста өз ауданының немесе ондағы қала мен кен ошағының атынан сөйлеуге тиісті болды. Рас, белгілі бір ру не аз ғана ауыл атынан айтысқа шығу бұрынғы айтыстарға да тән еді, алайда, олар Кеңес дәуіріндегі айтыстардай жалпыхалықтық, көптік мәнге ие болған емес.
Айтыста ел өкілдігімен лирикалық кейіпкерге айналған ақындар, ең алдымен, сөзді өзара амандасудан бастап, бұрыннан келе жатқан дәстүрге сәйкес қарсыласының шама-шарқын білу үшін қағыта сөйлеп, өз елінің үлес табыстарын көлденең тартып сөйлейді.
Соғыс жылдарында қанқұйлы жауды тезірек жеңу үшін жұртты жігерлі де еселі еңбекке шақыру - сол тұстағы ақындар айтысының басты тақырыбына айналды. Бұл мақсатта ақындар, ең алдымен, ежелгі қырсық - жатыпішер жалқаулықты аяусыз сынап, өз қатарынан оза шауып бәйге алған ардагерлер мен еңбек озаттарын жұртқа үлгі тұтып сөйлейді.
Әр ақынның өз елінің байлығы мен жақсы-жайсаңдарын кезегімен мақтан тұта сөйлеуі бұрыннан келе жатқан көне дәстүр екені мәлім. Дегенмен, Кеңес дәуіріндегі айтыстарда бұл жәйт өзгеріп әлеуметтік тың сипатқа ие болды. Енді аудан мен аудан, колхоз бен совхоз байлығы, оның атақ-даңққа бөленген еңбек ардагерлері сарапқа салынып, әр қайсысының еңбектегі үлесі сол ауыр жылдарғы Отан мүддесі тұрғысынан бағаланады. Бұл тұста атап айтарлық жәйт: осы ақындардың жазба әдебиетке тән кейбір суреттеу тәсілдерін еркін игеріп, соны айтыс үстінде шебер қолдана білуі дер едік.
Дәстүрлі айтыстарда пейзаждық көріністер мен табиғат сипаттамаларына онша мән берілмей келгені мәлім. Оның орнында бұларда байлық пен барлықты, ру мүддесі мен байлық, салтанатты тізбектей айту қажет саналып келген. Ал, кейінгі кеңестік айтыстарда бұған керісінше колхоз, совхоз, аудан мен облыс байлығын, даңқты еңбек озаттарын атаудан тыс, сәулетімен көркейген бүгінгі қала мен дала, тау мен тас, өзен-суды шалқыта жырлауға да мән беріледі.
Бұл топтағы айтыстарда осындай шаруашылық жайы мен еңбектегі сан алуан табыстардан тыс, майдан өмірі мен соғыстағы көзсіз ерлікті, даңққа бөленген батырларды асқақ жырлауға да мән беріледі.

2 Ш.Отызбаевтың шығармашылығы

2.1 Ш.Отызбаевтың айтыскерлік өнері

Қазақ халқында ауыз әдебиетінің көне заманнан бүгінге дейін қалыптасып келе жатқан поэтикалық жанры - айтыс өнерінің майталмандары аз емес. Әр дәуірде айтыс дамып, өнерпаздар айтыстың озық үлгілерін көрсетіп, пікірталас көрсетуге мүмкіндік алды. Ұжым алдында өткен мүшәйрада екі ақынның өлеңдері сол кездегі хал-ахуал мен өмірден сыр шертеді. Айтыс жанры қазақ өнерінің мол мұраларының бірі. Сондықтан айтыстар мен айтыскерлер туралы деректер мен деректер зерттеушілердің назарынан тыс қалмады.
19 ғасырда айтыстың ауқымы кеңейіп, айтыстың дәстүрлі түрлері, оның ішінде қыз және ер түрлері қарқынды дамыды. Сол кездегі белгілі ақындар Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Мұрат, Сүгір, Бала Омар, Біржан сияқты ақындар халық арасында танымал болды. Айтыс өнерінде бұл айтыс-ақындардан бөлек, 19 ғасырда өмір сүрген айтыс-ақындар да қарсыластарын адастырып, даулы өнермен айналысқан. Мысалы, 19 ғасырдағы ақындар легі - Күйкентай, Шәріпжамал, Дәме, Ұлбике, Тыныштық, Шөкей, Қадиша, Ақсұлу, Манат, Ырысжан, Ақбала, Айқын, Сара, Ажар, Меңеш, Айман, Гүлханым, Бибісара, Ырысты.
Дүниенің қойнауын тану, табиғаттың ғажайып сырларына бойлау көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен органикалық түрде үйлеседі. Мал баққан көшпелілер үшін шетсіз-шексіз дала, шексіз аспан мен әсем табиғаттың өзі ерекше өмір салтын, мерекелер мен ойын-сауықты тудырды. Көктем келіп, жер бүршік жарып, адамдар қыстан аман-есен шыққанда халық сан алуан мәдениетті дамытты. Оның өмірі мен ұстанымдары, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті халық мұрасы мен музыкасында көрініс тапқан. Антикалық дәуірде мәдениеттің ерекше түрі әдебиеттің дамуынан әлдеқайда жоғары пайда болды. Жазба әдебиет пайда болғанға дейін әдеби мұрамыз бен байлығымыз, жырларымыз бен жырларымыз ауызша қалыптасып, дамып отырды. Бұл халықтың өнерге, мәдениетке ерекше құрметпен қарауынан, эстетикалық, үйлесімділікпен қабылдай білуінен.
Өнер - адам шығармашылығы мен қиялының жемісі. Адамзатты рухани игіліктерге жетелейтін адам қолымен жасалған дүниелер. Өнер адамның шеберлігі мен шығармашылығын, арманы мен ойын, тәрбиелік мәні бар ұғымдарды қамтиды. Жақсы құндылықтарды және басқа нәрселерді қалыптастыру өнермен тікелей байланысты [1, 16]. Табиғаты, ерекшеліктері, өнер түрлеріне баға беріп, пікір білдірген ғалымдар аз емес.
Айтыс сөзінің мағынасы кең. Алғашында айтыс өнерпаздар арасында етістік ретінде пайда болса, кейін осы етістіктен дамып, қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетіне, жеке көркем шығармаға, жеке жанрға айналды. Зерттеуші, ғалым М.Әуезов Айтыс сөзі айтыс, айтыс, жарыс сияқты ұғымдардың кең ауқымын білдіреді [2, 105]. Яғни, айтыста бақ сынаған импровизаторлар астарлы, мағыналы, терең сөздермен айтысқан.
Жалпы, айтыстың шығу тегі туралы ғылымда әртүрлі пікірлер бар. М.Жармұхамедовтің айтуынша, айтыстың пайда болуы ертеден басталған [3]. Ғалым айтыстың бастауы қазақтың халық әндері мен халық поэзиясының шағын түрлерінен бастау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан сері
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ
Әдебиет пен сынның биік белесі
ДҮЛДҮЛІ ДАРХАН ДАЛАНЫҢ (Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романы Б. Шалабаев талдауында)
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ертегi естiмеген баланың ертеңi қандай болады?
Әдеби байланыс. Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы
Ғабиден Мұстафиннің өмірі
«АСЫЛ МҰРА» Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл (1913-1960 ж.) Лекция
Пәндер