Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ток-шоу сөзі ағылшын тілінен аударғанда talk show, яки сөйлейтін шоу деген мағы - наға ие. Ток-шоу жанрындағы бағ - дар - ламаларда бірнеше адам студияға жиналып, бір тақырып - тың аясында пікір алмасып, ойды ортаға салады.
Бұл жанр америкалық экранда ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Оның негізін қалаушы - жур - налист Фил Донахью. Жанр - дың пайда болуына қатысты ел арасында түрлі аңыздар тараған екен. Бірде тікелей эфирде Фил Донахью студияға шақырылған қонаққа қояр сұрақ таппай, дал болады. Келеңсіз жағдайдан сәтті шығудың жолын іздеген жур - налист, студияда отырған көрер - мендердің бірінен: Қонағымызға қояр сұрағыңыз бар ма? деп сұрайды. Әп-сәтте көрерменнің де сұрағы табыла қалады. Міне, осылайша, әйгілі журналист ток-шоу жанрын дүниеге әкелген.
Алғаш рет Фил Донахью 1963- 1967 жылдары студияға қонақтар шақырып, тікелей эфирде ток-шоу өткізеді. Бұл бағдарлама қара - пайым елді мекеннің теле - стан - сасынан көрсетілгендіктен, ток-шоуға бөлінген қаржы аз болып, Донахью әйгілі адамдарды студияға шақыра алмай қиналады. Көрермендер аудиториясын, со - нымен қатар шоу-бизнес өкілдері мен саясаткерлердің назарын ау - дару үшін Фил Донахью бағдар - ламасына әйгілі адамдарды шақыр - май-ақ, қоғамда қызу пікір тудыратын тақырыптарды эфир барысында талқылайды. The Phil Donahue Show бағдарламасының алғашқы шығарылымына жур - налист Маделин О Хэйр есімді атеистік көзқарастағы азамат - шаны шақырады. 1967 жылдың аяғын - да Фил Донахью перзент - ха - нада арнайы түсірілген фоторе - пор - тажды эфирге шығарып, студия қонақтарымен нәрестенің өмірге келу процесін талқылайды. Атал - мыш бағдарламадан соң, ток-шоу жанры кең етек жайып, әлемге таныла бастады. 80-жыл - дардың орта шенінде шиеленісті мәсе - ле - лерді қызу талқылау үрдісі Америка Құрама Штаттарының ұлттық телеарналары мен елді мекендердегі жергілікті телеар - на - ларында кең етек жаяды. Бастап - қыда ток-шоу жанрындағы бағ - дар - ламаларда әлеуметтік, саяси мәселелер талқыланса, кейін келе, журналистер қоғамды елең еткізер мәселелерге назар ауда - рады. Осылайша, ток-шоуларда қызу, тартысты һәм халық ара - сында дау тудыратын тақырыптар талқыға түседі. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, ток-шоу жанры сұхбат, пікірталас, ойын-сауық сияқты бірнеше жанрды байла - ныстырады. Бірақ аталмыш жанр - дың барлығы ең алдымен теле - жүргізушілердің айналасында өрбиді. Ток-шоудың танылуы тележүргізушінің ақылына, тап - қырлығына, қалжың - қойлы - ғына, тыңдау қабілетіне тікелей бай - ла - нысты [1,150]. Телеиндустрия саласындағы қайсыбір жанр алдымен АҚШ-та пайда болады. АҚШ-тан Ресей үйренеді, біз Ресейге иек артамыз. Соңғы бірнеше жылда осы үрдіс жойылған жоқ. Фил Донахьюден кейін де ток-шоуды жан-жақты да - мытып, жанрды әрі қарай өрбіт - кендер көп болды. Әлемге әйгілі тележүргізуші Опра Уинфри де ток-шоу арқылы көпшілікке та - ныл - ды. Ең әуелі ток-шоу бағдарламаларының жанрлық сипатына, көрерменге берері не деген сұраққа тоқтала кетсек. Бұл жанр қарапайым адамдардың телебағдарламаға қатысып, өзінің еркін пікірін білдіре алатын ашық алаңы іспетті. Әлемдік телевизия тарихында теледискуссияны алмастырған осы жанр дүниеге келгелі бері, ең жоғары рейтингтерді иеленіп келеді. Ток-шоу жанрына деген көрермен қызығушылығының өзі тектен-тек туындаған жоқ. Өйткені мұндай бағдарламалардың өз артықшылықтары мен мүмкіндіктері жетіп артылады. Мәселенің бір қыры, өмірдің түрлі қиындығына ұшыраған мыңдаған жандар басына түскен ауыртпалықтың өзгелердің де иығында бар екенін, өзінің жалғыз еместігін түсінеді, әрі студияға келген кейіпкерлер мен танымал қонақтардың дәл сондай мәселеге жаны ауыратынын, әрі өз тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісуге даяр екенін біледі. Ал екінші қыры, дәл осы ток-шоу жанры қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстардың астарына көппен бірге үңіліп, күрмеулі мәселелерді де біріге отырып шешуге, тығырықтан шығудың жолын бірге қарастыруға, тіпті кей жағдайда адам өзін қалай ұстауы тиіс, қандай қадамдар жасауы керек деген сияқты әр алуан қам-қарекеттерді қамтиды. Америкалық ток-шоулардың басым көбі әу баста үйде отырған әйелдерге арналып түсіріліп, әрі күндізгі уақытта көрсетілгені, сондай - ақ оның мазмұндық астарында қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған идеология жүргізілгені соңғы кездері ғана ашық айтыла бастады.
Дәстүрлі ток-шоулар жүргізуші, сарапшылар және студия қонақтары атты үштағаннан тұрады. Ток-шоудың табиғатында сұхбат, пікірталас, ойын-сауық, драматургия секілді бірнеше жанрлардың өзара үйлесуі хабардың көрерменге әсер ету мүмкіндіктерін де ұлғайта түседі. Америкалық ток - шоудың атасы Фил Донахьюдің атышулы бағдарламаларынан кейін, әлемнің түкпір - түкпірінде осы жанр телевизия саласына дендеп ене бастады. Ал көршіміз Ресейде бұл жанр 90-жылдан бастап қарқын алды. Нәтижесінде, тек ресейліктерді ғана емес, посткеңестік елдердің де көрерменін жаулап алған Большая стирка, Страна советов, Принцип домино, Что хочет женщина, Короткое замыкание, қазіргі Пусть говорят сияқты ток-шоулар өмірге келді.
Заманның тынысы өзгерген сайын ток-шоулар да мазмұндық-формалық жағынан түрленіп, әрбірінің мақсат-мұраттары бір-бірінен ерекшеленіп отырары анық. Ток-шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама. Оның көрермендерге ықпалын сөзбен жеткізу қиын. Сондықтан да АҚШ, Ресей сияқты алпауыт елдерде мұндай бағдарламалар үшін қыруар қаржы бөлініп, ток-шоу алуан түрлі формада ұйымдастырылып жүр. Қазақстан жағдайын олармен салыстыруға келмейді. Соған қарамастан әлемдік сипат алған ток-шоу еліміз телеарналарында көрініс табуда. Тек оны жай ғана эфир толтыру үшін емес, халыққа пайдасын тигізетін жаңа деңгейге көтеруге күш салу керек. Сол арқылы қазіргі интернетке сүйенген жедел ақпараттар заманында телевизия өз беделі мен орнын жоғалтпайды.
Ток-шоу жанры өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық - танымдық: Негізгі көтеретін мәселелер -- саясат, экономика,әлеуметтік жағдайлар негізінен алғандамемлекеттегі маңызды мәселелерді қозғайды. Көбінесе эфирге кешкілік уақытта шығады. Бұл ток-шоу түрінің жүргізушісі көрермендерге жаққсы танымал адам болуы керек. Оның жүргізушілік қыры кез-келген тығырықтан шыға білуінде. Шоудың жүргізушісі саясатты жақсы біліп, мәдениет пен өнер саласында білімі болуы қажет. Психологияық түрінде негізгі қозғайтын тақырып адамның жеке өмірі, әлеуметтік мәселелері. Атап айтқанда: отбасы, мансап қуу, сұлулық. Мысалы : Күйеуім неге кетіп қалды тақырыбында ажырасу мәселелері қозғалады. Мұндағы қонақтардың көпшілігі қарапайым адамдар, халыққа танымал емес жандар болады. Жүргізуші міндеттті түрде танымал адам болуы керек. Бұл ток-шоу жанрының түрінде негізгі қонақтар әйелдер қауымы. Күнделікті түскі уақытта эфирге шығады. Мамандандырылған түрі. Бұл ток-шоудың көтеретін тақырыбы - денсаулық ,тағам түрлері, балалар болып келеді. Бұл ток-шоудың түрі адамдарға кеңес беру. Ток-шоуда тәжірибе жасау керек болғандықтан міндетті түрле арнайы мамандар шақырылады. Мысалы: денсаулық тақырыбы қозғалса дәрігерсіз бағдарлама өткізу мүмкін емес. Сол сияқты балалар мәселесі айтылғанда арнайы психолог, педагогтар қатысады. Негізгі эфирге шығатын уақыты күнделікті таңғы уақыт.Дау-жанжал: Бұл ток-шоу жанрының түрі көбінесе өмірде орын алып жатқан іс-әрекеттерді қозғайды. Тіптен бұл ток-шоуда қонақтар арасында төбелес, айқай-шу, жанжал болуы әбден мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында арнайы жасақталған бағдарламаның қауіпсіздік қызметкерлері болады. Бұл ток-шоу жанрының түрінде отбасылық мәселелер жиі қозғалады .
Журналистика саласындағы жанрлардың өзіндік ерекшеліктері болады. Алдымен ток-шоудың ерекшелігін айтпас бұрын басқа жанрларға тоқталып өтсек.Тележурналистиканың ақпаратты жанрлары телевизияның ең бірінші кезектегі функциясын, яғни, қалың бұқараны ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру процесінде жаңалықтар желісі ретінде көгілдір экраннан орын алады. Тележурналистика жанрларының бұл тобындағы ең шағын, әрі ең күрделі жанр - телеақпарат. Қысқа да, нұсқа бас - аяғы бес - алты сөйлемнен тұратын бұл журналистік туынды толыққанды сипат алу үшін алты сұраққа жауап беруі керек. Ақпарат алудың ең негізгі тәсілі болып табылатын телесұхбат жанрының өзіне тән белгілері мен заңдылықтарын сақтаудың басты принципі нақты сұраққа нақты жауап болып табылады. Күнделікті өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен орын алған құбылыстар телерепортаж жанрының үлесінде. Еліміздің саяси өміріндегі ресми іс - шаралардың қысқаша мазмұнын мән - маңызына қарай іріктеп, жинақтап ұсынатын - есеп жанры. Көгілдір экранның қуатын арттырып, қоғамдық пікір алуандығын алға тосып, өткір де өзекті мәселелерді халықтың назарына ұсынатын жанр - қадрдегі сөз (выступление). Дәріс аясында әр жанрға жеке - жеке тоқталып өтіп, олардың әрқайсысына күнделікті көгілдір экрандағы бейнематериалдардан нақты мысалдар келтіру арқылы талдау жасалады.
Тележурналистиканың талдамалы жанрларының атқаратын функциясы біріншіден, ақпаратпен қамтамасыз ету болса, екіншіден, болып жатқан оқиғалар мен орын алған құбылыстардың себеп - салдарын , мән - маңызын талдап, түсіндіру, баға беру. Телекомментарий - қоғамдық маңызы бар фактіге қолма - қол талдау жасап, баға беретін талдамалы жанрлардың ішіндегі ең оңтайлы, ең шағын, ең оперативті жанр. Телешолу-ақпарат алумен қатар зерттеп - зерделеу әдісі болып табылады. Сондықтан да, бұл жанрда фактілер сабақтастығы, хронологиялық критерий, тұжырымдар тұтастығы айрықша мәнге ие болады. Телекомментарийде фактіге талдау жасалып, баға берілсе, телешолуда белгілі бір маңызды оқиғаға қатысты фактілер мен ой - пікір, көзқарастар тоғыстырылып, жан - жақты талданып, қорытынды жасалады. Телеәңгімелесу - диалогқа құрылғандықтан сұхбатқа ұқсас, бірақ, атқаратын функциясы одан әлдеқайда ауқымды жанр. Егер сұхбаттың мақсаты - нақты сұраққа нақты жауап алу болса, ал телеәңгімелесудің барысында сұрақ әңгіме тиегін ағытып, одан әрі өрістету үшін немесе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқ өнерінің телевизиядa нacиxaттaлуы
Ток - шоудың басқа бағдарламалардан артықшылығы
Шоу бағдарламалардың түрлері
Эфир мәдениетін жетілдірудегі ТV ток-шоуларының рөлі.
Қазақ телевизиясы: тарих пен тағылым
Ток - шоу тақырыптары
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Тіл халықтың жаны
Тікелей эфирдегі жүргізуші рөлі
Лингвистикалық бағыттағы телехабарлар
Пәндер