Педагогтердің тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік жұмыстың проблемалары мен шешу жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Педагогтердің тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік
жұмыстың проблемалары мен шешу жолдары
(Баяндамашы: аудандық білім бөлімі
Әдістемелік кабинеттің жаңа технология
және ақпараттандыру жөніндегі әдіскері
Тастаев Дулат Ғалымжанұлы)

Құрметті Нұрила Амангелдіқызы!!!
Құрметті әріптестер және дөңгелек үстелге қатысушылар!!!

XXI ғасырда еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды сауатты қолдану жылдан - жылға өзекті мәселеге айналуда. Елімізде оқытудың озық технологиялары тәжірибеге енгізіліп отыр.
Осыған орай, білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын арттыруға жағдай жасау атты проблемалық тақырыпты басшылыққа алып жұмыс жасайды. Осы проблеманы жүзеге асыруда Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби құзырлық және педагогикалық шеберлік деңгейлерін үздіксіз жетілдіру атты мақсат пен төмендегі міндеттерді алға қойып жұмыс жүргізіп отырады.
Педагог - мамандарың кәсіби шеберліктерін арттыру, дайындық курсынан уақытылы өтулеріне көмек көрсету;
Жеке пәндер бойынша көшпелі курстар ұйымдастыру;
Мектептердегі жалпы әдістемелік жұмыстардың пән бірлестіктерінің жұмыстарының жүргізілуін бақылау, әдістемелік көмек көрсету;
Тәжірибе алмасу, педагогика саласындағы жаңалықтармен танысу, білім технологияларын оқып үйрену мақсатында аудандық семинарлар, дөңгелек стол, конференциялар, кәсіби байқаулар ұйымдастыру, жоғары деңгейде өтілуін қамтамасыз ету;
Озық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізу;
Педагог - мамандардың шығармашылық жұмыстарын, үздік сабақ үлгілерін баспа бетіне жариялауға ықпал ету;
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;
Пән олимпиадасының жоғары деңгейде өтілуін қамтамасыз ету;
Жас мамандардың кәсіби тұлғаларын қалыптастыруға, кәсіптік шеберліктерін көтеруге көмек көрсету.
Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін бүгінде білім беру ұйымдарына жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан құзіретті мұғалім қажет.
Ұстаздық - мәңгі көнермейтін, қандай қоғам, қандай кезең болса да өзінің қайта түлейтін қуатқа ие қасиетті де абыройлы мамандық. Ғұмыр бойы ізденуді, мазасыз толғанысты өзін-өзі рухани жетілдіру керек екенін мектеп мұғалімдері жақсы біледі.
Келешектің бастамасы киелі шаңырақ - мектепте. Ондағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз - үнемі үздіксіз ізденуші. Бұл сөз жоқ мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімделуі тиіс.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осыған орай, Әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспары, аудан педагогтардың әлеуетін көтеруге, кәсіби шеберлігін арттыруға, озат педагогтардың жұмыс тәжірибесін таратуға, білім сапасын жетілдіруге, кәсіби қызметтің сапасын жақсартуға, педагогтар мен оқушылардың шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ауданның білім бөліміне қарасты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Инклюзив жағдайындағы адаптивті білім беру ортасы
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Жалпы білім беру жүйесі
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Пәндер