Вирусты гепатиттер А, Е



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Вирусты гепатиттер А, Е
Вирусты гепатиттер энтеральді және парентеральді механизммен жүретін, интоксикация синдромымен сарғаюмен көрінетін, бауыр зақымдалу синдромымен сипатталатын жұқпалы ауру. Вирусты гепаттиттер энтеральді және парентеральді болып бөлінеді. Энтеральді: вирусты гепатит А және Е жатады. Парентеральді: вирусты гепатит В, С,Д соңғы кездері F, G және тағы басқалары анықталған.Вирусты гепатит "А" - эпидемиялық гепатит фекальді және оральді механизммен жұғатын, интоксикация және холезтаз көріністерімен өтетін, бауыр зақымдану синдромымен сипатталатын жедел вирусты жұқпа.
Этиологиясы: Қоздырғыш энтеровирус тобына жататын көлемі 28-30 нм, 1 жіпті РНК-сы бар өтте, зәрде, қанда, қан сары суында кездеседі. Сыртқы ортада төзімді. Қалыпты бөлме температурасында бірнеше ай 4 *С жылдап тіршілігін сақтайды. Қайнатқанда, вирус 5 минут ішінде өледі. Формалин және ультрофиолет сәулесіне сезімтал.
Эпидемиологиясы: Антропонозды ішек жұқпасы инфекция көзі ауру адам. Жұғу механизмі: фекальді, оральді. Жұғу жолдары: су, тағам, тұрмыстық қарым-қатынас. Сезімтал ағза: адам. Иммунитеті төмен адамның сезімталдығы өте жоғары. Жиі 4-5 жас арасындағы балалар ауырады. Маусымдылығы: қыс, күз айлары. Вирус тасымалдаушы, созылмалы түрлері жоқ. Ауру аяқталғаннан кейін тұрақты иммунитет түзіледі. 1 жас дейінгі балалар ауырмайды. Себебі: Анадан ұрыққа беретін пассивті иммунитет қорғайды. 40 жастан жоғары ересектер ауырмайды. Себебі: Өмір сүру барысында иммунитет қалыптасады.
Патогенез: Вирус ас қорыту жолына түсіп, лимфа түйіндерінде көбейеді, қанға өтеді, вирус емианы шақырады. Гематогенді жолмен бауырға шөгеді, гепатоциттерге еніп, қабыну процесінің нәтижесінде клеткалардың қабырғасын ыдыратады, АЛТ, АСТ ферменттерін, темір, В-12 витаминінің қанда мөлшері көбейеді. Сондықтан гиперферемия, гиперферментемия, гиперцианокоболаминемия, цитолиз синдромының көрсеткіші болып саналады. Бауыр клеткасының ісіну нәтижесінде өт жолдарын қысылады, регургитация механизмімен өт қанға түседі - холестаз синдромы (шырышты қабаттардың, терінің сарғаюы, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруы байқалады). Биохимиялық зерттеу жалпы билирубин көрсеткіштері, байланысқан билирубиннің есебінен жоғарылайды, сонымен қатар ГГТП және сілтілі фосфотаза ферментінің дәрежесі жоғарылайды. Бауыр ісінуі - ақуыздардың алмасуының бұзылуына алып келеді. Ол "Тимол" сынамасының өсуімен көрінеді. Вирусты гепатит патогенезінде мезенхималды қабыну -гепатоспленомегалия. Кейбір жағдайларда тромбоцитопения, қанның ұю факторының төмендеуі нәтижесінде - геморрагиялық синдром дамуы мүмкін. (қызыл иектен қан ағу, мұрыннан қан кету, геморрагиялық қан кету). Интоксикация синдромы- бауыр клеткаларының некрозға ұшырау салдарынан болады. Вирустар токсин бөлмейді. ОЖЖ вирусты гепатиттердің Т және В лимфоциттер белсенділігі артып, вирусты фагоцитоз процесіне ұшыратады. Сондықтан клиникада сарғаю пайда болғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарады.
Клиникасы: инкубациялық кезең 7-50 күн, орташа 15-30 күн. Жұқпалы процесс көп жағдайда субклиникалық жеңіл немесе жеңіл сарғаюсыз жүреді. Вирусты гепатит А кезеңділікпен сипатталады: продромальді, өршу және сарғаю кезеңінен тұрады. Ол көбінесе манифесті ағым: Сарғаю алды, сарғаю, сауығу кезеңіне сәйкес. Ауру жедел басталады. Продромальді кезеңі 4 нұсқадан тұрады:
1. Диспепсиялық (жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, құсу, оң жақ қабырғасының ауру сезімі, кейде диариямен байқалады).
2. Тұмау тәрізді нұсқасы (қалтырау, бас ауруы, температура 38-39*С көтерілуі, миалгия, жеңіл катарьлі белгілер).
3. Астеновегатативті нұсқасы (әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тершеңдік, артериалдық гипотония, ұйқының бұзылуы).
4. Аралас нұсқасы бұл жиі кездеседі.
Өршу кезеңі: шырышты қабаттар мен терінің сарғаюымен, зәр қараюы, нәжіс ағаруымен, гепатомегалиямен сипатталады. Және интоксикация синдромы болуы мүмкін. Сарғаю пайдан болғаннан кейін интоксикация синдромы бәсеңдейді, науқастың жағдайы жақсарады, тәбеті жақсарады, температурасы қалыпты санға келеді, әлсіздік жойылады. Науқас тек сарғаю белгілеріне шағымданады.
Сарғаю процесі: 4-5 күн жүреді, біртіндеп ең бірінші нәжіс қалыпты түске боялады, одан кейін зәр ағарады.
Сауығу кезеңі: науқастың жағдайы тез жақсарады. Гепатомегалия, шаршағыштық 1-3 айға дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гепатит
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Вирусты гепатит
Вирустық гепатиттер туралы
Жұқпалы аурулардың түрлері
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Вирустықгепатиттер
Заманауи АІИ-ң эпидемиға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру қағидалары
Вирустық гепатиттер
Иммун жүйесі
Пәндер