Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Дәріс 4. Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері.
1. Жаратылыстану дамуының ерекшеліктері.
2. Негізгі кезеңдерге жалпы сипат.
3. Көне натурфилософиясының ежелгі гректік, римдік кезеңдері.
4. Орта ғасырлық Еуропадағы жаратылыстану.
5. Араб әлемінің жаратылыстану дамуына қосқан үлесі.
6. Жаратылыс революциясы және ХХ ғасырдағы ҒТР.
1. Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бұл сұраққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылстану пайда болған кезде (XV-XVII ғғ.) деп айтады.
Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша - ғылым - білім жиынтығы: қоғамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйесі тағы басқа.
2. Осы аспектілер бойынша ғылым:
- ХІХ ғасырдың ортасынан бастап - мамандар дайындаудың жүйесі;
- ХХ ғасырдың екінші жартысынан - қоғамның негізгі қозғаушы күші;
- Жаңа уақытта - әлеуметтік институт
- Ежелгі Грецияда - қоғамдық сананың формасы;
- Адам мәдениетінің бастауында - білім және білімді өндіру қызметі.
Әр уақыт бойында әр қилы салалары пайда болды. Антикалық қазір әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта - қазіргі жаңа техникалар пайда болды, ал ХІХ ғасырда қоғамтану келді.
Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.
Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:
1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;
2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір адамдардың бөлініп шығуы;
3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық түрде кес-кіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы тағы басқа болуы керек. Осындай жағдайлар б.ғ. VII-V ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.
Ғылымның критерийлері:
1) теориялық;
2) ғылыммен айналысатын ерекше адамдар тобының болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;
3) рационалдық (тиімділік);
4) жүйелілік.
Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі (Египет, Шумер) цивилизациясы, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бұл кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.
Индия мен Қытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті және діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.
Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теориялығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жұлдызнама құрастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жұлдыздар құдайлардың бет-бейнесі есебінде қарастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді.
3. Антикалық ғылым.Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан басталды делінеді.
Яғни б.э. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. Жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда ақша қатынастары жылдам дами бастады, құл иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.
Құл иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді
Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.
Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады
Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.
Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы дамиды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттардың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от - өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа - сегіз жақты көпбұрыш тағы басқалар).
Антикалық дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Ол грек философиясы ғұрыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды
Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі - атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи құбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.
Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы түсіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.
Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Демокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.
Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан құралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін ұсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты Органон трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.
Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байланысты болды. Бұл программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи құбылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.
Гректердің жаратылыстануы абстрактылы - түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.
4. Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің аумағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушылық орта ғасырда антикалық уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олрадың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз - ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жаратуы туралы догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.
Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бұдан келіп ортағасырлық толымның негізгі бір сиптаы - моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моралдық және діни нәрселерін символлы ретінде қарастырылды. Ай - шіркеудің символы, жел - рухтың, аруақтың образы тағы басқаар.
Орта ғасыр символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. барлық заттар бір-бір үлкен заттардың символы болып табылады.
Универсализм - орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның құдай жаратқан бірлігі.
Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:
1. Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі.. табиғатқа деген көзқарас библия концепцияларының цензурасынан өтті.
2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр дүниенің картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.
Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары - астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар өазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық тұрғыдан түсіндірудің алғашқы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.
Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрологияның дамуы да бұған себеп болды.
Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар - Коперник, Кеплер, Галилей тұрды.
Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі - дүниенің аяқталғанын шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.
Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғұрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасыр мектеп мен университет, тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, магикалық ойлауды да жоғары бағалады.
Дегенмен орта ғасыр дүниетаным ғылымдары шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан жаңа уақытқа дейін көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.
Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz