ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Н. Ж. Жумекеева 1 , Г. К. Атанбаева 2 , А. Мусинова 1 , М. Молсадыққызы 1
1 биофизика және биомедицина, нейроғылымдар кафедрасының магистранты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
2 Аға оқытушы, б. ғ. к. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
1 е-mail: nzhumekeyeva@gmail. com
2 е-mail: gulshat. atanbaeva. 76@mail. ru
Аннотация
Мақалада бүгінгі таңда кең таралған әрі өзекті заманауи педагогикалық әдістердің жасөспірімдерді оқыту барысында қолдану ерекшеліктері қарастырылады. АҚТ мен инновациялық технологиялардың күннен күнге жаңарып, қарқынды дам уына байланысты оқушылардың білімді игеру барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болатыны жайлы айтылады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің биология пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді әдістерді меңгеру ерекшеліктері жайлы ақпараттар беріледі.
Кілт сөздер: заманауи әдістер, АҚТ, жаңартылған білім мазмұны, Ақыл-ой картасы, “Quizlet” әдісі, онлайн платформалар, жас ерекшеліктері
ОСОБЕННОСТИ ОСВОЕНИЯ ПОДРОСТКАМИ СОВРЕМЕННЫХ МЕТОДОВ В СООТВЕТСТВИИ С ВОЗРАСТНЫМИ ОСОБЕННОСТЯМИ
Н. Ж. Жумекеева 1 , Г. К. Атанбаева 2 , А. Мусинова 1 , М. Молсадыққызы 1
1 магистрант кафедры биофизики и биомедицины, нейронных наук, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы
2 Старший преподаватель, к. б. н. Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
1 е-mail: nzhumekeyeva @gmail. com
2 е-mail: gulshat. atanbaeva. 76@mail. ru
Аннотация
В статье рассматриваются особенности применения современных педагогических методов, наиболее распространенных и актуальных на сегодняшний день в процессе обучения подростков. В связи с обновлением и интенсивным развитием ИКТ и инновационных технологий, учащиеся сталкиваются с рядом трудностей в процессе усвоения знаний. Также будет представлена информация об особенностях освоения подростками эффективных методов по обновленному содержанию образования по биологии.
Ключевые слова: современные методы, ИКТ, обновленное содержание образования, ментальная карта, метод "Quizlet", онлайн-платформы, возрастные особенности
FEATURES OF MASTERING MODERN METHODS BY TEENAGERS IN ACCORDANCE WITH THEIR AGE CHARACTERISTICS
N. Zh. Zhumekeyeva 1 , G. K. Atanbayeva 2 , A. Musinova 1 , M. Molsadykkyzy 1
1 Master's student of the Department of Biophysics and Biomedicine, Neural Sciences, Al-Farabi Kazakh National University, Republic of Kazakhstan, Almaty
2 Senior Lecturer, Candidate of Biological Sciences Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
1 е-mail: nzhumekeyeva @gmail. com
2 е-mail: gulshat. atanbaeva. 76@mail. ru
Annotation
The article discusses the features of the application of modern pedagogical methods, the most common and relevant today in the process of teaching adolescents. Due to the renewal and intensive development of ICT and innovative technologies, students face a number of difficulties in the process of mastering knowledge. Information will also be provided on the features of the development of effective methods by teenagers for the updated content of education in biology.
Keywords: modern methods, ICT, updated content of education, mental map, "Quizlet" method, online platforms, age characteristics
Кіріспе
Мақаланың мақсаты: заман талабына сай білім беру үрдісінде жаңашыл әдістердің оқушылар, соның ішінде жасөспірімдердің арасында қолдану жиілігі мен ерекшеліктерін, меңгеру деңгейін анықтау.
Міндеттері:
- заманауи әдістердің жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлері мен тиімді тұстарын анықтау;
- онлайн платформаларда берілетін әдістер түрін қолданысқа алу;
- тиімді әдістерді меңгеру барысында жасөспірімдердің оқу үлгерімі мен жалпы психологиялық күйінн зерттеу.
Күтілетін нәтижелер:
- оқушылар заманауи әдістерді жетік меңгере отырып, сабақ барысында белсенділік танытып, сонымен қатар, білім сапасын жақсартуға атсалысуы керек;
- жасөспірімдер онлайн платформаларда жұмыс істей алу қабілетін жоғарлату керек;
- танымдық және шығармашылық жұмыс ретінде берілетін тапсырмаларды орындау барысында оқушылар зерттеушілік, ізденімпаздық, кең ой-өріске талпынуы керек.
Әлемде күн сайын жаңа қосымшалар, әдіс-тәсілдер, технологиялар ойлап табылып жатыр. Осы орайда, педагогикалық салада да айтарлықтай өзгерістер орын алып жатқандығын айта кету қажет. Білім беру саласында мұғалімдердің біліктілігі мен дағдыларының оқушыларға жоғарғы сапада білім беру барысында әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы толықтырылуы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектеседі[1] . Сол себептен де, бүгінгі таңда заманауи технологиялар негізінде жаңашыл әдістерді қолдану қажеттілігі жоғары. Заманауи әдістердің ең басты ерекшелігі оқушылардың жаңа ақпараттарды қабылдап қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге басты назар аудару болып табылады. Мұғалім әрдайым жаңалыққа ашық болып, жаңашылдыққа талпынып, шығармашылық ізденісте болуы керек. Оқушылардың білімі мен дағдыларын дамытудан бөлек, жасөспірімдердің оқу процесінің сапасын жоғарлатып, сонымен қатар, олардың жеке басының құндылықтары мен ерекшеліктері, психологиялық күйінің жағдайына мән болу керек[2] .
Әр мұғалім сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы әрі жоғары деңгейде білім беру мақсатында инновациялық технологияларды қолдана отырып, сонымен бірге ПК, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы сабақ берсе, оқушылардың да қызығушылығы арта түсуі анық болар[3-5] . «Бүгінгі күнде жастарға инновациялық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сәйкес мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасымыз айтып көрсеткендей, жас болашақ ұрпаққа білім беру жолында инновациялық технологияны оқу процесінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы көп[6] . ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев халқымызға арналған Жолдауында дамудың жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарларына біздің еліміздің де қосылуына жолды ашатын міндеттемелерді шешуге мүмкіндік береді[7-9] . Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі кездегі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Оқу жүйесі және жалпы оқу процесінің жаңашылдығы мен тиімділігі әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, бар білім қорын жаңартып, практикада қолдана білуне жол ашады. Қазіргі заманда жаһандық ағымға сәйкес жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздарға артар жауапкершілік үлкеюде[9-11] .
Жасөспірімдерді оқыту үдерісі барысында жеке тұлғаға бағытталған әдістің маңыздылығы мен қажеттілігі тұрғысынан ақпараттық формалардан белсенді оқыту тәсілдері мен формаларына көшу үдерісін анықтайды[12] . Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері маңызды[13] .
Ғаламтор желісіндегі онлайн-платформалар арқылы жұмыс жасайтын әдістер қазіргі кезде ғаламдық пандемияға байланысты өзекті болғаны анық. Демек, мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасу үздіксіз әрі тиімді болмақ. Олардың қатарына әмбебап «Quizlet» әдісі жатады.
«Quizlet» әдісі - бірқатар анықтамалар мен тест жинақтарынан және жазбаша диктант секілді оқушы немесе студенттің білім деңгейін анықтауға арналған арнайы әдіс. Бұл әдіс бойынша мұғалім бірнеше анықтаманы көрнекі құралдармен немесе тек сөз түрінде бере отырып, бірнеше түрдегі құрастырылған тапсырмаларды алады. Бұл әдіс онлайн платформа ретінде арнайы ғаламтор сайтында жүзеге асырылады. Қарастырылып отырған қосымша, әдіс ретінде оқушылардың жасына және білім беру мекемесінің түріне байланысты сәйкесінше қолданылуы мүмкін. Бұл қосымшаға бірнеше ақпараттар легін енгізу арқылы әр түрлі нұсқадағы тапсырмаларды алса болады. Тапсырмалар тест, «ақиқат-жалған» анықтамалар, биологиялық диктант, танымдық ойындар, карточкалар және аудио мен видео бейне түрінде беріледі. Осылайша 5-6 сөйлемді қосымшаға енгізе отыра біз 3 минут уақытта бірнеше түрлі дайын тапсырмаларды аламыз. Оқушылардың қалай жауап бергенін қосымшадан бақылап, бағалауға болады. Бұл дегеніміз, мұғалімнің уақытын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың білімін тез әрі тиімді бағалауға көмектеседі. Бұл ғаламтор желісінде қолданылатын қосымша педагогика саласында қолдану артықшылықтары төмендегі сызбанұсқада берілген[14-15] .
Сурет -1. Иллюстративті түрдегі заманауи қосымшаларды қолдану арқылы жүзеге асатын әдіс-тәсілдер
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша экспериментке Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 8-класс оқушылары алынады. Барлығы 25 оқушының оқу үлгерімі мен білім сапасы зерттелінеді. Эксперименттік тәжірибе үш кезеңнен тұрды: анықтау эксперименті; қалыптастыру эксперименті, бақылау, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру эксперименті. Қарастырылып отырған әдіс сабақ барысында оқушылардың білімді бекітіп, тексеру мақсатында қолданылды. Төменде көрсетілген кестеде әр топтың тестілеуге дейін және одан кейінгі нәтижелерінің орташа мәні келтірілген. Ұпайлар 14-тен астам баллға есептелді. Көріп отырғаныңыздай, «Quizlet» қосымшасын қолданған А тобының көрсеткіштері жоғары болды. Қиын, орташа, оңай тапсырмаларды орындау деңгейі екі нұсқа бойынша берілген.
Сызбанұсқа -1. Quizlet әдісі бойынша тапсырмалардың орындалу көрсеткіштері
Қорытынды
Заман ағымына сай мұғалімге деген қойылатын талаптар мен міндеттемелер және оқушыдан күтілетін жоғары көрсеткіштер мен нәтижелер әрдайым талқыға түспек. Мұғалім өз алдына жеке шығармашыл адам ретінде жұмысына тыңғылықты, үлкен жауапкершілікпен және құштарлықпен қараса оқушыға берілетін білім сапасы мен деңгейі жоғары болмақ. Осы орайда, мұғалімнің заманауи технологиялар мен жаңа АҚТ құралдарын жетіе меңгеріп қана қоймай, оларды орынды әрі тиімді қолдана білу қабілетімен жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Біздің жүргізген зерттеу жұмыстарымыздан алған көрсеткіштерге байланысты, бұл мақалада ерекше назар аударатын тұс - бұл мұғалімнің өзіндік құндылықтары мен құзыреттілігінің дамуы. Мұғалімнің АҚТ мен онлайн платформаларды қолдана отырып, оқу сапасын жаңа деңгейге көтере алады. Осы тұста айта кететін жағдай, оқушылардың сабаққа белсене қатысуы, зертханалық жұмыстарды орындап, ынтасы арты түседі. Мұғалім даму мен алға ұмтылуға әрдайым талпыныс беріп, қолдау көрсетіп, оқу үдерісіне кеңесші, серіктес және ақылшы ретінде ат салысса, оқушының да қолданатын құралдары, атқаратын тапсырмалары түсінікті әрі жемісті болмақ.
Әдебиеттер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz