АКТ - ның тиімді тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Алматы 2022

Орындаған : Кожабекова Айнагул
Тексерген : Набуова Роза
.АКТ-ны Қазақстан мектептерінде қолдануды зерттеу, озық тәжірибені жалпылау, бұдан әрі жетілдіруге арналған аспектілерді айқындау
"Power point бағдарламасын пайдаланушыға таныстыру

.АКТ-ны Қазақстан мектептерінде қолдануды зерттеу, озық тәжірибені жалпылау, бұдан әрі жетілдіруге арналған аспектілерді айқындау
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі.
Жалпы мақсаты:
АКТ-ның сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
АКТ-ны Қазақстан мектептерінде қолдануды зерттеу, озық тәжірибені жалпылау, бұдан әрі жетілдіруге арналған аспектілерді айқындау.
Оқу нәтижелері:
● АКТ құралдарын сыныпта тиімді енгізу.
● АКТ-ны мұғалімді ауыстыратын құрал ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде қолдану.
● АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі тәжірибесінде қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану.
Түйінді идеялар:
● АКТ - мұғалімді ауыстыру немесе сабақ барысында оқушының көңілін көтеру құралы ретінде емес, мұғалімге оқу барысында көмек көрсетуге арналған педагогикалық құрал.
● Техникалық жағынан жетілдірілген АКТ тиімсіз қолданылған жағдайда пайдасы аз болуы мүмкін.
Жаттығулар:
Сабақтың басында мұғалімдердің өз сыныптарында АКТ-ны қолдану жөніндегі идеяны талқылауы және жазбаша баяндауы. Қатысушыларды бүкіл топ болып талқылауға шақыру.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
АКТ-ның мектептегі тәжірибеде тиімді қолданылуына кедергі жасау.
АКТ-ны сынып жағдайында аса тиімді қолдану жағдайлары.
АКТ-ны сыныпта қолдануда туындаған проблемалар.
АКТ-ның тиімді тәжірибесі
Тиімді қолдану әдістеріне назар аударту үшін АКТ тиімді қолданылуы тиіс, мысалы, ғаламдық жылыну қалай болатынын түсіндіре отырып (мәтін блогы), слайдтарды көрсете бастаңыз (А Ресурстар). Мәтін сыныптағы бірқатар оқушылар бұны оқу нысаны ретінде қабылдай алмайтындығына назар аударатындай ағылшын тілінде ұсынылады. Одан кейін ғаламдық жылыну туралы күрделі диаграмманы (ол аударылуы мүмкін) және анимацияныбейнежазбаны көрсетіңіз.
Қатысушыларға олардың идеяларын үш әдіс бойынша және бұл идеялардың пәнге қатысы бойынша тиімділігін талқылау үшін бүкіл топ болып уақыт беріңіз.
Топтық сұрау жүргізупікір таластыру нәтижесінде алынатын жауаптар:
● Оқытудың дидактикалық құралдарын қолдануға байланысты мәтіннің маңыздылығының болмауы және түсініксіздігі.
● Баяндау логикасының жеткіліксіздігіне байланысты диаграмма түсіну үшін аса қол жетімді, бірақ бұрынғысынша күрделі.
● Анимация оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, үдерісті кезеңдерге бөледі.
Анимация және бейнежазба сыныптағы пайдалы құралдар болып табылатындығына назар аударыңыз, олар әлі де оқытудың пассивтік оқыту нысанын дамыта алады. Бұдан әрі топтарға анимацияларды аса серпімді интерактивтік тәсілмен қолдана алатындай тәсілді анықтауға ұсыныс беріңіз (оқушылар анимацияға өз сценарийлерін жаза алар еді және т.б.) және бұл идеяларды жазып алыңызталқылаңыз.
Ресурс:
Сандық сауаттылық таныстырылымы
Таныстырылым АКТ-ны пайдалану бойынша жекелеген операцияларды оқушылардың дербес орындауын көрсетеді (А Ресурстар): анимацияныбейнежазбаны тоқтату, іске қосу және т.б.
Оқушыларға аталған тақырыпты оқу үдерісінде берілген жұмыс кестесімен қатар, британдық оқушылар орындаған ғаламдық жылыну жөніндегі анимацияны пайдаланыңыз.
Ресурс:
Ғаламдық жылыну және парниктік әсер
Сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі жаттығулар мәселесін қайта қою және мұғалімдерге оқушыларды оқу үдерісіне көбірек тарту және белсенділенгізу жөніндегі идеяларды әзірлеуге ұсыныс беру.
Мұғалімдерге ұсыныс: сыныптағы АКТ-ны белсенді және тиімді тәсілдермен қолдану жөнінде оқу жоспарын әзірлеу. Орындау күрделі болған жағдайда анимациябейнежазба қолданылуы мүмкін (С Ресурстар). Аталған жағдайда ресурсты қолдану сыныппен кері байланыс ретінде, жалпыға ортақ тапсырма түрінде жүргізіледі.
Ресурс:
АКТ-ның педагогикалық стратегиясы
Интерактивтік тақта және сыныптың өзара ықпалдасуы
Ғаламдық жылыну
Ескерту: Көптеген қазіргі заманғы АКТ құралдарының болуына қарамастан (интерактивтік тақта және дауыс беру құралдары, Pads, web-камералар т.б.), барлық мектептің оған қол жеткізу мүмкіндіктерінің деңгейін назарға алу қажет. Дегенмен бұл жайт мұғалімдерге сабақтардыоқуларды жоспарлау және осы идеяларды жүзеге асыру үдерісіне кедергі болмауға тиіс.

"Power point бағдарламасын пайдаланушыға таныстыру
PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді əзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дəріскерлерге дəріс оқығанда немесе баяндама жасағанда жəне т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті -- ақпаратты қабылдау жəне есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау жəне өңдеу. Көрме - Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар əр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен жəне эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық жəне психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Microsoft PowerPoint- көрмелерді əзірлеуге арналған Microsoft ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті
Қашықтықтан оқытудың маңызы
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУ
Қазақстандағы білім беру жүйесіне сипаттама
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Пәндер