Сыбайлас жемқорлық мәні және оның пайда болу себептері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

WhatsApp Image 2021-09-04 at 15.02.49 (1).jpeg

"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер"кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлық мәні және оның пайда болу себептері

Орындаған: Бижанова М. Е.

Тобы: ПҚ01-21А

Қабылдаған: Маликов М. М.

Шымкент-2021

Жоспары

  1. Сыбайлас жемқорлық түсінігі және мәні.
  2. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы
  3. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен шарттары

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және мәні

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Кез келген күрделі әлеуметтік құбылыс сияқты сыбайлас жемқорлыққа да нақты анықтама беру мүмкін емес . Оған берілген алғашқы анықтама құқық саласына жатады . Сыбайлас жемқорлық деп нені санауға болатындығы әр елдің өз қылмыстық заңдарында өзінше анықталған . Сыбайлас жемқорлық түсінігі - ақшаға сатып алу және саяси қайраткерлерді, мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымдық тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді . Сыбайлас жемқорлық біреуді ақшамен немесе басқа да материалдық құндылықтармен сатып алу, Рим құқығында corrumpеrе түсінігінің мағынасы - жалпылап айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, параға сатып алу және сот процесінде заңсыз әрекеттенуді білдіреді . Нәтижесінде мақсаты - сот процесіне немесе қоғамдағы істерді басқару процесіне бөгет болатын, бірігіп әрекет жасайтын ( екі адамнан кем емес ) тұлғалардың әрекеті деген түсінік пайда болады . Ғылыми, оқу және қоғамдық публицистикалык әдебиеттерден сыбайлас жемқорлыққа әртүрлі анықтама алуға болады . Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлы пара беріп, сатып алу, лауазымды тұлғалардың саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады . Сыбайлас жемқорлык бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы сыбайлас жемқорлыққа, парақорлық байланыстар немесе ер адамдары негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарда орналастыру және жеке бас мүддесі үшін пайдаланады. Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде әртүрлі көзқарастардың болуы осы құбылыстың өте күрделі мәселе екенін білдіреді және оны жан - жақты зерттеуді талап етеді . Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы - коррупция .

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы

Ежелгі тарихқа тереңірек үңілсек, б. з. б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда өмір сүрген Шумерлердің сына жазуында Шумер патшасы Урукагин-нің өз «қызметтері» үшін сыйақы дәмететін соттар мен шенеуніктердің іс-әрекетін тиюға тырысқаны туралы айтылған Б. з. б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарының діни кітаптарында да жемқорлық туралы сөз болады. Ал, Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманының құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептерінің бірі осы сыбайласжемқорлық екенін көреміз. Ерте орта ғасырлардан бастап жемқорлық Еуропаға жаппай тарала бастады. Католик дінбасыларының қарапайым халыққа «Индульгенция» сатуы осы жемқорлықтың айқын көрінісі еді . Тіпті, жемқорлық үшін талай діндар «Инквизиция» сотына тартылып, оларды өртеу де тоқтата алмады. Жемқорлықтың кең етек жаюы, діни рыцарьлық ұйым «Тамплиерлер ордені» басшыларының өз мүшелеріне белгіленген мөлшерден артық қаражат жинауына, қайтыс болған орден мүшесінен артық ақша шықса оны шіркеу рәсімімен жерлеуге қатаң тиым салуға мәжбүрлеген. Бірақ, жемқорлықты осындай қатаң шаралар да тоқтата алмады. Ежелде қазақтар болыс басқарушысына (әсіресе, алым-салық жинау) берілген салыстырмалы түрдегі үлкен құқықтар болыс сайлауын бәсекелес топтар арасындағы, заңды түрдегі үгіт-насихат жұмыстарымен бірге, сайлаушылар дауысын сатып алу немесе қоқанлоққы жасау, бопсалау, уезд бастығына пара беру секілді толып жатқан заңсыз әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылатын жан аяспас күреске айналдырды. Ал, сайлау тағдырын сайлауға міндетті түрде қатысатын уезд бастығының пікірі шешті. Әдетте, пара, сый-сияпат алған уезд бастығының үміткерлердің бірімен ымы-жымы бір болды. Осылайша, мыңдаған жылдар бойы қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін реттеп келген билердің әділ шешім қабылдауына күйрете соққы берілді. XIX -ғ. екінші жартысынан бастап қазақ жеріне қоныстана бастаған Ресейлік келімсектердің маскүнемдік, парақорлық, жағымпаздық т. с. с. жағымсыз әдет-ғұрыптарын қазақ халқы да бойларына сіңіре бастады.

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен шарттара

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары
КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ТУРАЛЫ
Көпшілік сыбайлас жемқорлық тепе-теңдігі
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz