Алаш зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30жж)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

https://admin.vipusknik.kz/storage/999/abaypng.png

Тақырыбы: Емтихан сұрағынан 29, 30, 31, 32 сұрақтар

Институт: «Математика, физика және информатика институты»

Мамандық : «6B01501 - Математика»

Группа: «МОК - 211»

Орындаған : Байдулла Аяжан Абдуллақызы

Тексерген : Халидуллин Гизатулла Хаймолдаевич

Алматы 2022




29-сұрақ. Алаш зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30жж)
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тотаритарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф. И. Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. 1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.

Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.

30-сұрақ . Ұжымдастыру саясаты салдарынан туындаған аштықтың себептері, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық зардаптары (1931-1933жж) Күштеп ұжымдастыру 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы - большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді

31-сұрақ . Кеңес өкіметі кезеңіндегі күштеп көшірілген халықтардың тағдыры (ХХғ. 30-50жж)

Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3, 2 миллионға жетті.

Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылд. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк 32Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында - Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7, 3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.

32-сұрақ . Темірбек Жүргенов-тарихи тұлға, қоғам қайраткері.

Әлімұлы тайпасының Шөмекей руынан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz