Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындалуына ықпал ету


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Дара басшылық.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басқару - шешім қабылдау процесі. Қабылданған шешімдер қойылған мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Сондықтан да басқарушы өзінің мақсаттарын анықтаулары және олар нақтылы тұжырымдалуы қажет. Жергілікті және орталық басшылықтың мақсаты жұмсалған капиталдың қайтарымы немесе одан да мәнді ең жоғары қарқынымен өсуі болуы мүмкін. Бастапқы мақсат қандай болса да, басқару процесі ұйымның рынок жағдайындағы келеңсіз өзгерістердің барлығына төтеп беріп, өмір сүре алатындығының кепілі іспеттес.

Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Басқаруды жетілдірудің проблемасы рынок экономикасына көшу барысында қолымыздағы бар экономикалық мүмкінішліктерді пайдалана отырып, жаңа өндіріс қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Аталғандардың барлығы басқаруды қайта құруға қатысты жұмысты жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) - бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы юидік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді.
Басшы не болмаса менеджер - іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады.

Басқарудың барлық жүйесі мен оның негізгі буындары экономиканың барлық деңгейлерінде мүдделілікті қалыптастыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, ресурстарды үнемдеуге, олардың шығындарын азайтуға мүдделілікті күшейтуге жағдай туады.

Басшылық пен көшбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

Басқару қызметі - бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлім, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған қызметінің бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.

Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды.

1. Дара басшылық.

Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса, басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.

Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Билік - бұл басқалардың жүріс тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.

Ұйымның әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қыметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Көпшілік басшылар сонымен қоса, өз ұйымынан тысқары жерлердегі адамдар мен ұйымдарға, сондағы өнім жеткізушілерге, тапсырушыларға бәсекелестерге, олардың қызметін реттейтін ведомостволар мен кәсіподақтарға да тікелей тәуелді.

Стильдің қалыптасуы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсаттыв процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.

Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, сондай-ақ, нақты жағдайларға және басшының қабілетіне байланысты. Ұйымдастыру жағдайында, мәселен, билік жүргізу қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай белгіленеді. Мұндай жағдайда адамда биліктің қаншалықты болатындығы оның формальды өкілеттігінің деңгейіне қарай емес, басқа адамға тәуедділік дәрежесіне қарай белгіленеді. Адамдар басшыға неғұрлым тәуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады.

Басшының қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.

Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.
Ықпал етудің барлық нышандары басқа адамның тілегін орындауға түрткі- болды.

Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функдияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады.

Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері - оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін. Басқа-рудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

Басқару құрылымдарының элементтері арасындағы қатынастар көлденең және жоғарыдан төменге қарай (тікелей) деп аталатын байланыстар арқылы іске асырылады. Көлденең байланыстардың бір деңгейді сипаттамасы бар. Екіншісі - бағыныштылық қатынастар. Мұндай байланыстардың қажеттілігі өз мақсаттарының орындалуын көздейтін басқарудың түрлі деңгейіндегі иерархиялық жүйені құрғанда пайда болады.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында элементтері мен деңгейлерінің көбеюі еріксіз басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінде пайда болатын байланыстардың саны мен күрделілігінің бірнеше рет өсуіне әкеліп соғады, соның салдарынан көбіне бұл басқару процесінің бәсеңдеуіне әсерін тигізеді; қазіргі жағдайда соңғы процесс ұйым менеджментінің қызмет атқару сапасының нашарлауымен тепе-тең.

Қорытынды

Басшылық пен қолбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету
Дара басшылық
Басшылық
Басшылық пен жетекшінің менеджменттегі әсері
Кәсіпорынның басқару құрылымы
Басқару қызметі
Басқару ұғымы мен құрылымы
Басқарудың стильдері
Ерекшелеу тәсілімен басқару
Басшылық жасау және көшбасшылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz