XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты.

1. XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу.
Тарихи шындық пен көркемдік шындық арасындағы сабақтастық бұрынғыдан да айқын көрінді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі осындай әу бастан жаратылысы бір көркемдік құбылыстардың ішкі бірлігінен туындайды.
Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Доспамбет жыраудың толғаулары
Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістері
Фольклор - сөз өнері
Сөзден ұтылған хан
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер