Әдеп және деонтология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әдеп және деонтология
Дәрігер үшін де, орта буын медицина қызметкерлері үшін де ең басты қағида - адамгершілікті, ілтипатты мейірімділікті сақтай білу. Бір кезде халқы құдайдай сенген пір тұтқан, төредей күтіп сыйлаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің бұл күнде ел арасындағы абырой-атағы, сый-сияпаты, құрметі бұрынғыдай емес әжептәуір төмендеп ақ кеткен. Бұған кім кінәлі? Ең әуелі сол медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің өздері кінәлі.
Адам баласы өзін біреуге сыйлата алу үшін, ең әуелі өзінің сыйласымды болғаны дұрыс.
Өзің дөрекі, мәдениетсіз, білімсіз, санасыз, кір-қожалақ, салдыр-салақ болып тұрсаң сені кім сыйлайды? Сыйға - сый, сыраға - бал деп бұрынғылар бекер айтпаған. Мүмкін дәрігерлеріміз бен медицина қызметкерлеріміздің ел арасындағы қадір-қасиетінің тым төмендеп кетуі қоғамымыздағы болып жатқан экономикалық, саяси рухани өзгерістермен тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлардың өте нашарлап кетуіне де байланысты шығар. Қалай болғанда, ел басына қандай қиыншылық түссе де дәрігер болсын, орта буын болсын, кіші медицина қызметкерлері болсын өзінің қадір қасиеті, намысы, мамандығының абырой-атағы үшін күресе білуі керек.
Дәрігер мен орта буын медицина қызыметкерлерінің адам баласының денсаулығының сақшысы екенін қас қағым сәтке де ұмытуға қақылары жоқ. Ішкі мәдениеті үйлескен дәрігер мен медбикелер ғана сырқат жүрегіне жол тауып, адам жанының арашасы бола алады. Тән жарасы мен жан жарасының шипагері бола білген адам ғана нағыз дәрігер, мейірбике деген атқа лайық бола алады.
Ол үшін әрбір дәрігердің, әрбір мейірбикенің көп ізденулері, білімі мен мәдениетін көтерулері қажет. Этика (әдеп) дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы. Халқымыз ежелден адамгершілік, инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақтап келеді. Адам өмірге келгеннен кейін өзара сыйласу - баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді.
Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін-өзісыйлай білуі қажет. Егерде өзіңді-өзің құрметтеп, бағалай білмесең өзгеден сый құрмет көремін деу бекершілік. Қазақ қашанда философ халық қой. Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін деген мақалдың астарынан ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті,әдептілікті оқытады.
Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. Адам-адамға дос, жолдас, бауыр деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика - медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизм көрінісі, дентологияның теориялық негізі болып саналады.
Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. Дентологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен үйлесімді түрде үйлестіре алуында. Медициналық дентология дегеніміз - медицина қызметкерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.
Біздің дәуірімізге дейін ІХ ғасырда өмір сүрген атақты үнді дәрігерінің Өмір кітабы" атты еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады: Дәрігер іс жүзінде табысқа жету үшін: өзінің дені сау, мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды, сақалы қысқа етіп бастырылған, тырнақтары алынған, ақ жиде жұпыны киім киген болуы керек. Сөйлеген сөзі жұмсақ, жағымды, тартымды және үлкен үмітпен айтылуы қажет.
Дәрігердің ақ жүректі адал, қайғыға ортақтасқыш, сезімтал, тура мінезді, байсалды, ерекше сабырлы, асқан ақылды әрқашанда жақсылық істеуге тырысып тұратын адам болғаны абзал. Медицина қызметкерінің орта және кіші буынды қызметкер әріптестері арасында сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге болмайды. Өзінен жасы үлкендерге Сіз деп және дәрігерлерге аты мен әкесінің атын атап сөйлескені жөн.
Жұмыс барысында, жұмыс орнында ұстамдылықты, сабырлылықты және әдептілікті сақтаған дұрыс. Мейлі ол орта буын немесе кіші буын қызметкері болсын, сырттан келушілерге (ҚІІБ қызметкерлері, тергеушілер ОІІД тергеушілері, лауазымдары жоғары кісілер, басшылар, бөлім басшылары, жақындарынан айырылған, қайғыға душар болған жандар, немесе ұрып соққаны үшін анықтамалар алу үшін және т.б.) сұрап білу үшін келушілерге кіші буын болсын, орта буын болсын, мейлі ол дәрігер болсын толығымен назар аударып, көңіл бөлуі керек. Атап айтсақ: орнынан тұрып амандасуы өзін таныстыруы тиіс. Қызметкерлердің жұмыс орнындағы қарым-қатынастары әр уақытта жылы шыраймен сыпайлылықпен өтуі керек.
Кабинетке кірер алдында дәрігердің, меңгерушінің немесе басшының есігін қағу, амандасу, рұқсат сұрау кабинетте кісілер отырған болса, кешірім сұрап шығып кету сияқты. Кабинетіңізге келген келушіні есікке дейін шығарып салып, қоштасуы керек. Қоштасуда көзделген нәтижеге жеткеніңізге немесе жетпегеніңізге қарамастан келушіні жылы шыраймен, сыпайлылықпен шығарып салу керек. Орта буын немесе кіші буын қызметкер тек өз құзіреті шеңберінде сұхбаттасуы (өз бетінше жауап бермей сарапшыға немесе кезекші сарапшы дәрігерге жолдауы керек, бір себептермен орында жоқ болып жатса, "күте тұрыңыз", "бір жерге жұмыстармен шығып кетіпті", "біраз күте тұрыңыз" деп өтінуі қажет). Орта буын қызметкерлеріне дәрігерлермен сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады.
Олар дәрігерлердің тапсырмаларын уақытында нақты және кәсіби орындауы тиіс. Жұмыс барысында болған кемшілігі немесе қателігі болса, өз дәрігерін хабардар етуі қажет. Іс-құжаттарға байланысты күмән туындаған жағдайда (анықтаманы дұрыс толтырмау, қателіктер кету сияқты) сыпайы түрде осы жөнінде дәрігермен мән-жайды тақылауы керек. Орта буын қызметкерлерінің (медбикелер, зертханашылар) өз ұжымдастарымен жұмыс барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол бермеуі тиіс. Тәжірибелері мол медбикелер, зертханашылар жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет. Олар қиын жағдайларда бір - біріне көмектесулері тиіс.
Орта және кіші буын медицина қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастарға талап: - Өз ара сыйластықты сақтау; - Кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылау; - Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрігерлік деонтология түрлері
Педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісі
Медициналық этиканың негізгі даму кезеңдері
Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика жәнe деонтология
Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары)
ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
Педагогикалық құзырлық түсінігі
«Гиппократ антының» негізгі жағдайлары
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Этика. Құндылықтар философиясы туралы
Пәндер