Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында
Тақырыбы: 1989-1999 жылдар аралығындағы халық санағы
Кіріспе: Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында
Негізгі бөлім:
бүкілресейлік халық санағы.
Қазақстан халқының демогр.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.
Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәті 1897 ж. бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 - 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. - 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. - 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 - 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстанның оңт. Және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. Соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтің батыс облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 - 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 ж. күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. Аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л.Берияның "Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы" 1944 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңт. Аймақтарына қоныс тепті. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. Қорғаныс к-тінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды респ. Аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 - 56 ж.) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 - 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төм. Деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 - 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті .
1990 жылға дейін Қазақстан халқының демогр. Жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады.
Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі т. Ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер етті. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елді мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесі 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды
Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км²-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар - Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км²-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар - Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда облысы Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км²-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімш.-аумағы бірлігінде 84 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz