ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Дайындық орталығы
Қазақ, орыс тілдері бөлімі

ЕЛТАНЫМ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
( Оқу құралы)

Кентау 2022

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
АК кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған.

Пікір жазғандар
Г.Абылова ... ... ... ... ... Халықа ралық туризм және меймандостық университеті Спорт және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы
Г.Жылқыбай ... ... ... ... Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының доценті

Г.Арысова, Л.Райханова, А.Мырзаханова, Ә.Алтынбекова.
ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ ( Оқу құралы)

Түрік және түркі дүниесі тыңдаушыларына қазақ тілін оқытуға арналған оқу құралы халықаралық тіл үйрету тәжірибелері негізінде әзірленіп ұсынылып отыр. Мамандыққа сай келетін тест тапсырмалары да берілген. Қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс-қағаздарды, көркем әдебиет туындыларын оқып, түсініп, қазақша дұрыс сөйлеу әуезділігіне жету, сауатты жазуға дағдыландыру көзделген

Алғы сөз
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алуына орай, ол негізгі пән ретінде оқу орындарының барлық деңгейлерінде, салаларында оқытыла бастады. Оған деген мемлекеттік көмек, қамқорлық арта түсті. ЖОО-да тыңдаушыларға бұл пәнді оқып үйретуге, оқытушыларға қойылар талап та, жауапкершілікте ерекше. Болашақ жоғары мамандық иелерінің мемлекеттік тілді игеріп, сол арқылы мемлекетке қызмет етуі - олардың өз мемлекетінің алдындағы азаматтық борышы. Тіл үйренушілердің танымдық біліктілігін дамыту, қазақ халқының материалдық, тұрмыстық, кәсіби, рухани-әдеби және тариха танымдық байлығын тіл арқылы игерту оқулықтың басты мақсаты. Танымдық лексикалық материалдарды тілдік ережелермен байланыстыра оқыту арқылы студенттердің сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тіл үйренушілердің өз ойын түсінікті жеткізуге, сауатты жазуға тілдік қатынасты жан-жақты меңгертуге баулиды.
Оқулықтың басты міндеті оқытудың қалыптасқан әдістері негізінде тыңдаушыларға жеткілікті дәрежеде білім алуын қамтамасыз етуге, білім алушыға жеке тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша қарым-қатынас жасауға үйретудің алғашқы баспалдақтарын ұсынып отыр.

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық.

Ел - ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғықазақ сөзінен бастап күні бүгінге шейін еш өзгеріссіз қауым, қанағат, ел- жұрт, отан, мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де - осы сөз, осы ұғым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
I-апта Қазақ елі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отан - оттан да ыстықмақал
1-сабақ
1-сабақ
Қазақ елі. Тәуелсіз Қазақстан.

1.Тыңдаңыз, оқыңыз және есте сақтаңыз.

1.Тыңдаңыз, оқыңыз және есте сақтаңыз.

Тілдік бірліктері : ел, жер, жұрт, ұрпақ, туған ел, туған жер, Отан, халық, қазақ, түркі, рәміз, ту, елтаңба, әнұран, теңге, ата-заң, елбасы, әлем, кеңістік, кәсіп, шаруашылық, ата кәсіп, тарих.

Оқылым
Қазақстан Республикасы - Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақ стан Азия жерінің 6,1 % жерінде жатыр. Жерінің көлемі- 2,7 мың километр (шаршы шақырым). Жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан, Аустралиядан кейін тоңызыншы орында тұр. Халықтың саны 19 млн-ға жақын. Тұрғын халықтың 56 % -ы қалалық жерлерде, 44%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Әлем бойынша халықтың 3 000-дайы этностардың ішінде 70-орында, ал түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан 4-орын алады. Бүгінде шетелдерде 3,5 млн қазақ тұрады. Қилы-қилы замандарда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлем үш елдің бірі- Қазақстан.
Тілі жағынан қазақтар алтай тілінің түркі тілдік тобына, оның ішінде қыпшақ бөліміне жатады. Қазақтар саны жағынан қыпшақ тобындағы ең көбі, одан кейін татарлар, қырғыздар, чуваштар, башқұрттар, қарақалпақтар, қарашайлар, балқарлар, ноғайлар тұрады.
Елдің бас қаласы- Нұр-Сұлтан. Мемлекетті басқаратын - Президент. Заң шығаратын жоғарғы өкілетті орган - Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент. Атқарушы билік органы- үкімет. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге.
Көп ұзамай, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан егемендігін жария етті. Ғасырлар бойы ұмтыла бастаған тілін, салт-дәстүрін жаңғыртты, тәуелсіздік туын биікке көтерді.

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Мәтіннен түсінгеніңді баянда.
3. Мәтін бойынша сөздік жаса.
4. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар бер.
Тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.
Қарамен жазылған сөздердің синонимін тап. Мағынасын
анықтап жаз.

Үлгі: Көк - аспан, әуе
Төс, алқап - жері.
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.

Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
(Өтебай Тұрманжанов)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тапсырма: Мақал-мәтелдер.

Отан туралы мақал-мәтелдер жазыңыз, жалғастырыңыз, жаттаңыз.
1. Отан - ... ... ... ... .. да ыстық.
2. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Тапсырма:
Қастерлеу- сыйлау, құрметтеу, бағалаусөздерін қатыстырып
өз Отаның жайлы сөйлем құрастырыңыз.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тапсырма: Суреттке қарап шaғын мәтін жазыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан қайда орналасқан және қандай мемлекеттермен шектеседі?
2. Қазақстанның табиғат ерекшелігі мен кең байлықтары қандай?
3. Қазақстанда қандай шаруашылық салалары және өнеркәсіп орындары бар?
4. Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан соң, онда қандай тарихи оқиғалар болды?

Сан есім
Сан есім

Есептік сан есім құрамына қарай

Есептік сан есім құрамына қарай

Дара сан есім
Бір түбірмен жасалады.
Бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші.

Күрделі сан есім
Кемінде екі сөзден құралған.
Он бес, жүз екі, мың тоғыз, жүз тоқсан екі, отыз жеті, үш-үштен, бес- алты, онға жуық, екіден бір.

1-тапсырма. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыз

1. 70 жастағы қарияның жылдық зейнетақысы 342 000 АҚШ доллары болады екен. 2. Қазақ халқында 40 және 7 сандары киелі болып саналады.3. Бұл көлік 1 сағатта 100 шаршы шақырым жүреді. 4. Аталмыш елдің үкімет басшысының жылдық табысы - 2 000 000 доллар екен. 5. Дүниежүзілік соғыс 1940 жылы басталып, 1945 жылы аяқталған еді.

Сан есімнің түрлеріне жаттығу жұмыстары
2-тапсырма: Тиісті сөздерді (сандарды) орнына қойып шығыңыз.
1. ... ... ... ... ... ... пәтерде жастар домбырамен ән салып, көңілді әндер шырқап жатты. 2. Жаңадан енген заңның ... ... ... ... . ... ... ... .. пайызы халықтың қолдауымен алынған екен. 3. Кеңсе ғимараттың ... ... ... ... ... ... бөлігін алып жатыр. 4. Наурыз айының ... ... ... ... ... ... ... күн мен түн теңелетін мерзім. 5. Биылғы оқу жылында бітіруші түлектеріміздің ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... өз мамандығы бойынша қызметке орналасты. 6. Қаладағы мектептердің .. пайызына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қажетті сөздер: бестен бір,оннан тоғызы, жүзден елу, екінші, жүз, жиырма екісі

3-тапсырма: Жақшадағы сөздерді болжаммен айтуда қажетті сөздермен толықтырып, керекті жалғауларын жалғаңыз.
1. А.Байтұрсынов атындағы мектепте үш мың ... ... (астам) оқушы оқиды. 2. Теңіз кен орындарында (шама ... ... ..) бес жүз миллион тоннаға дейін мұнай өндіріледі. 3. Әр қаланың арасы 10 шақырым ... ... . (жуық) қашықтықта орналасқан екен. 4. Қытай халқының жазу машиналарындағы белгі саны -5700- ... ... (тарта) . 5. Қызының жасы (шама ... ...) 7 жаста болуы керек деп пайымдады. 6. Үміткерлер саны қырық ... ... . (астам) болды. 7. Топтағы балар саны он сегіз ... ... .. (астам) болуы шарт. 8. Болатпен он бес жыл ... ... ... (жуық) араласып, ешқашан ренжісіп көрмеппіз.

2-сабақ
2-сабақ
Қазақстан Республикасының рәміздері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков
Шот-Аман Уәлиханов
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны:
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-Қазақстаным!

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің-Қазақстаным!

Мемлекеттік Әнұран бостандықты, бейбіт өмірді, татулық пен достықты, бірлікті дәріптейді.

Тапсырма: 1. Әнұранды мәнерлеп оқып шық.
2. Әнұранды жаттап ал да, әнімен айтып үйрен.
3. Өлеңнен елге байланысты тіркес сөздерді тауып, дәптерлеріңе
жазып алыңдар.
Ұлттық валюта күні

Ұлттық валюта күні

Қазақстаннның ұлттық валютасының пайда болған күні - 15 қараша, 1993 жыл.
Ұлттық банкі төрағасының қолы Қазақстан Республикасының теңгесінің төменгі жағындағы таңбаланған.
Жоғарыда оң жақта - ұлттық ою орналасқан, сол жақта - тігінен ақшаның сериясы мен нөмері қара түсті бояумен берілген.
Қағаз ақшалардың барлығының екінші бетінің оң жағында - Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленіп, ақшыл фонда: Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады деген жазу жазылып қойылған.
Алғашқы ақшалар қалай пайда болды?

Алғашқы ақшалар қалай пайда болды?

Алғашқы ақшалар Кіші Азия мен ежелгі Грекияда пйда болған делінеді. Ақша шыққанға дейін адамдар өзіне қажетті заттарды бір - бірінен айырбастап алып отырған. Біртіндеп сауданың дамуына байланысты белгілі бір заттың құны, бағасы, сапасы туралы түсінік орнықты. Алтын мен күмістен ақша жасау сауданың дамуына байланысты қалыптасты.

Әлемдік нарыққа қатысушы ірі елдердің валюталарын білесің бе? Мемлекет пен оның ақшасын сызықпен қос.

Қазақстан юань
Германия иен
Ресей теңге
Жапония доллар
Қытай марка
АҚШ рубль

Қазақстан Республикасының рәміздері
Оқылым
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы , Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы тарихи заңдарға қол қойды.
Еліміздің мемлекеттік рәміздеріндегі Ту мен Елтаңбаның мәні ерекше.

Көгілдір түс-судың түсі. Су жоқ жерде өмір жоқ. Сондай - ақ бұл - көгілдір аспанның түсі.
Аспан дегеніміз кәдімгі киіз үйдің шаңырағы сияқты. Осы шаңырақтың астында әлденеше миллион адам тату-тәтті тұрып жатыр. Көк аспан - бүкіл тіршілік иесіне ортақ шаңырақ.
Күн - тіршіліктің қуат көзі. Күн жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр.
Ал тудың сабына жақын жиегіндегі ою: ұлттық ою - қошқар мүйіз. Бұған қарап ту Қазақстандікі екендігін бірден танисың.
Бүркіт - дала қыраны, өте күшті, жүректі және төзімді, ақылды құс. Басқа құстардың бәрінен биік ұшады.

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының белгілерін ата.
2. Ондағы әр белгінің мәнін сипаттап айт.
3. Тудың көк түсті болу себебін түсіндір.
4. Тудағы дала қыраны бейнесінің мәні туралы айт.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстанның Елтаңбасында жылқы бейнеленген. Себебі жылқының адам баласына сіңіретін еңбегі өте зор. Қазақ халқының жақын көмекшісі әрі досы жылқы болып есептеледі. Жүйрік ат - ер қанаты деп, халқымыз жылқы малын айрықша құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпарды бейнелеу - сол құрметтің белгісі.
Шаңырақ - елтаңбада бейнеленген шаңырақтың белгісі шаңырағы биік, керегесі кең, іргесі берік болсын! деген тілектен шыққан.
Жұлдыз - әр адамның өз бақытын танытатын жұлдызы болады. Сондай бағыттаушы жұлдыз мемлекетте де болуы керек. Жұлдыздай жарқыраймыз деген арманымыздың мақсатты белгісі.

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс.

Елтаңбада бейнеленген бейнелерді толықтырып айт және олардың әрқайсысын төмендегі кестеге қысқаша сипаттап жаз.

Тудың белгілері

Елтаңбаның белгілері

Ою-
өрнек

Қыран құс

Күн

Қанатты ат

Шаңырақ

Күн Жұлдыз

Басқа да белгілер

Тудың белгілері

Елтаңбаның белгілері

Ою-
өрнек

Қыран құс

Күн

Қанатты ат

Шаңырақ

Күн Жұлдыз

Басқа да белгілер

Тапсырма:

1. Елтаңбадағы жылқының (пырақтың - қанатты
ұшатын жылқы ) беретін мағынасын түсіндір.
2. Шаңырақ бейнесінің мағынасын сипаттап бер.
3. Шаңыраққа сонау биіктегі жұлдыздың берілу себебін сипатта.

Тапсырма: Суретке қарап мәтін құрастырып жаз.
Ауызша: Рәміздердегі суреттер нені білдіреді?

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жай сөйлем
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Мысалы; Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті. - жай сөйлемдер.
Жай сөйлем
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Мысалы; Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті. - жай сөйлемдер.

Құрмалас сөйлем
Екі немесе одан көп ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем деп атаймыз.
Мысалы; Қыс түсіп, балалар шаңғы тебуді бастады. Жазира білім сайысына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. - құрмалас сөйлемдер.

Құрмалас сөйлем
Екі немесе одан көп ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем деп атаймыз.
Мысалы; Қыс түсіп, балалар шаңғы тебуді бастады. Жазира білім сайысына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. - құрмалас сөйлемдер.

Тапсырма.

Берілген сөйлемнен жай және құрмалас сөйлемдер
құрастырыңдар

Тәуелсіздік алды, болды, қабылданды, қол қойылды, айналымға енді, тойланды, белгіленді, танылды, берілді, ұшты, жазылды, көшіріп жазылды, көтерілді.

Тәуелсіздік алды
Тәуелсіздік алды
айналымға енді
айналымға енді
қабылданды
қабылданды
болды
болды

тойланды
тойланды
танылды
танылды
белгіленді
белгіленді
берілді
берілді
ұшты
ұшты

Қол қойылды
Қол қойылды
жазылды
жазылды
Көшіріп жазылды
Көшіріп жазылды
көтерілді
көтерілді

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлемге
айналдырыңыз.

Қазақ елі тәуелсіз ел болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақ елі бай ел. Тәуелсіздікке қол жеткізді. Елбасын тағайындады. Тұңғыш әнұраны қабылданды. Ұлттық ақшасы айналымға енді. Ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғыртты.

Тапсырма. Мақал-мәтелдерді дұрыс орналастыр.

1. жердей, туған, болмас, жер
ел, болмас, елдей, туған
2. жақсы, ел, туса, ырысы
ырысы, жауса, жаңбыр, жер
3. жерге, туған, тік, туың.
4. сұлтан, кісі, болғанша, еліңде
ұлтан, еліңде, өз, бол.
5. пәлен, пайда, жерде, бар.
жеріңдей, өз, бар, қайда.

1. жердей, туған, болмас, жер
ел, болмас, елдей, туған
2. жақсы, ел, туса, ырысы
ырысы, жауса, жаңбыр, жер
3. жерге, туған, тік, туың.
4. сұлтан, кісі, болғанша, еліңде
ұлтан, еліңде, өз, бол.
5. пәлен, пайда, жерде, бар.
жеріңдей, өз, бар, қайда.

Тапсырма. Көп нүктенің орныны тиісті сөздерді орналастыр.
Менің Отаным- ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... арта берсін.
Елімде ... ... ... ... ... ... ... .. халық тату-тәтті тұрады.
... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. асыл қазынаға бай.
Біздің міндетіміз - ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жасасын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .

Керекті сөздер; менің Қазақстаным, көп ұлтты, отанымның жер байлығы, күн шұғылалы Қазақстан, отанымыздың даңқы, жақсы оқу.

Керекті сөздер; менің Қазақстаным, көп ұлтты, отанымның жер байлығы, күн шұғылалы Қазақстан, отанымыздың даңқы, жақсы оқу.

3-сабақ
3-сабақ

Алтын заң - ата заң. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Тұңғыш Дала Конституциясы.

Оқылым

Егемен Қазақстан елінің алғашқы Ата заңы 28 қаңтар, 1993 жылы қабылданды. Ата заң мемлекет тұрақтылығының құқықтық кепілі. Конституция бәрінен бұрын мемлекеттің саяси құрылымы туралы басты құжат болып табылды.
Алғашқы Конституция 1993 және 1995 жылдардағы өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз ел ретінде қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Өтпелі кезеңдерден кейін қоғамымызда жаңа Ата заң қабылдануы қажет болды. Сөйтіп, ол 1995 жылдың 30 тамызында республикалық бүкілхалықтық референдумда қабылданып, бүгінгі таңда қолданыста жүр. Ата заң бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Конституцияда атқарушы, заң шығарушы және сот биліктерінің міндеттері нақты көрсетілген, олардың арасындағы өзара қатынастар жоғарғы дйңгейде реттелген.
Біздің Конституциямызда 9 бөлім, 98 бап бар. Қажет болған жағдайда еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы- Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады. Конституция- елеміздің Ата заңы. Оны балалар да мұқият оқып- білгені жөн. Сонда ондағы жазылған заң талаптарын үнемі дұрыс орындап, пайдасын көретін боламыз.

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Мәтіннен түсінгеніңді баянда.
3. Мәтін бойынша сөздік жаса.
4. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар бер.

Оқылым
Тұңғыш Дала Конституциясы
Тұңғыш Дала Конституциясы- Жеті жарғының негізін салғандар Ұлы жүзден шыққан Әлібекұлы Төле би (1663-1756), Орта жүзден шыққан Келдібекұлы Қазыбек би (1667-1763) және Кіші жүз Бәйбекұлы Әйтеке би (1682-1766) сияқты қазақтың атақты үш биі болған. Бұлар- Жеті жарғыны жасап қана қоймай, өмірдің барлық салаларында қолдануға көп еңбек сіңірген адамдар. Басқаша айтқанда - би дегеніміз сот пен түрлі құқықтың істермен айналысатын, әділеттіліктің қолдаушысы, заңның адамы. Тәуке ханның заманында бұл жарғы талаптары қатаң сақталып тоырған. Шоқан Уалихановтың айтуынша, Жеті жарғының ең жетекші білгірі болашақ Абылай ханның кішкентай кезінде тәрбиешісі Төле би болған.

Жеті жарғы баптары
1. Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.
2. Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуге тиіс.
3. Кімде-кім ел (мемлекет) ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.
4. Кімде-кім басқаның әйелімен күнә жасап, неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.
5. Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сайгүлікті ұрласа, сол өлтірілуі тиіс.
6. Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынадай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс:
а) кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін;
ә) кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төлесін.
7. Кімде-кім біреудің атын немесе құнды затын ұрласа, ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын.

Жеті жарғы баптары
7. Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.
8. Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуге тиіс.
9. Кімде-кім ел (мемлекет) ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.
10. Кімде-кім басқаның әйелімен күнә жасап, неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.
11. Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сайгүлікті ұрласа, сол өлтірілуі тиіс.
12. Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынадай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс:
а) кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін;
ә) кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төлесін.
7. Кімде-кім біреудің атын немесе құнды затын ұрласа, ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын.

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Мәтіннен түсінгеніңді баянда.
3. Мәтін бойынша сөздік жаса.
4. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар бер.

Өз мемлекетің жайлы жазбаша және ауызша сұхбат құрыңыз

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Біздің Отанымыз - Қазақстан
- Сіз қайсы елден келдіңіз?- деп сұрады бірде менен француз жазушысы Мәскеуде жолыққанда.
- Қазақстан Республикасынан.
- О, мен қазақстанды білем. Қандай үлкен ел, ғажап ел! Оның жеріне бес Франция сиып-ақ кетер еді!
- Иә, дедім мен мақтанышты сезіммен.Қазақ даласы кенді Алтайдан Атырауға дейін созылады ... Қазақ жері алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға бай.
Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары, аппақ қардай ақ мақта өседі.
Біздің Республика халықтары ынтымақпен жемісті еңбек етіп келеді.

Тапсырма. Өлеңді түсініп оқы және жатқа айт.

Oтанды әрkім анаcындaй,
Қaстерлейді қoлдaйды.
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап, қорғайды.
Oтан деген - aтaмекен,
Отaн деген - туғaн жер.
Отaн-анa, Отан- үлкен
Қaзақстaндай туғaн eл!
(Ермек Өтетілеуов)

Жағдаяттық тапсырма.

Берілген өлең жолдарын қара сөзбен мәтін түрінде жазыңдар
Елімізді сүйеміз
Сөзін жазған: Қ.Мырза Әли
Әнін жазған: Д Ботбаев
Бал-бұл жанған гүл шағында,
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу- ұранымыз.
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз.
Туған жерде аунап-қунар,
Біз ұландыз, өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар,
Өнер десе ерінбейміз.
Қуанышты әніміз де
Біз ұланбыз- жоқ арманы.
Біздер әлі бәріміз де
Боламыз ел қаһарманы.

Елімізді сүйеміз
Сөзін жазған: Қ.Мырза Әли
Әнін жазған: Д Ботбаев
Бал-бұл жанған гүл шағында,
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу- ұранымыз.
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз.
Туған жерде аунап-қунар,
Біз ұландыз, өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар,
Өнер десе ерінбейміз.
Қуанышты әніміз де
Біз ұланбыз- жоқ арманы.
Біздер әлі бәріміз де
Боламыз ел қаһарманы.

Тапсырма Берілген сөйлемдердегі ойды жалғастырып, әңгімеле.

Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады. Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, қасиетті мекенді атамекен дейміз
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1-тапсырма. Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңыз.
Туынды сөз
Туынды сөз - сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз.

Туынды сөз
Түбірі
жұрнағы
Ағайынды, егіншілік
Малшы, сусыз
Ағайын, ек
Мал, су
-ды,- ін,-ші,-лік
-шы, -сыз

2-тапсырма. Сөздік сынақхат.
1) Сөздерге - шы,-ші жұрнағының тиістісін жалғап жазыңыз.
Ән, балық, барабан, би, оқу, орман, орақ, өрмек, жыр, жазу, жұмыс, жылқы, домбыра, сиыр, сурет, тігін, теңіз, трактор, қой, күй, кезек, күзет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2) Сөздерге - лық,-лік,-дық, -дік, -тық,-тік жұрнақтарының тиістісін жалғаңыз.
Ас, адал, әсем, әділ, батыр, бала, бай, бас, дос, жаңа, жолдас, жақсы, биік, ерке, ұзын, орын, сақ, сөз, сұлу, таза, төре, көркем, қашық, шебер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3) Сөздерге - ғыш,-гіш, -қыш, -кіш жұрнақтарының тиістісін жалғаңыз.
Ұш, сор, ат, өшір, бас, кес, сыз, сүрт, қыр, жырт, іл
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Мәтіннен түсінгеніңді баянда.
3. Мәтін бойынша сөздік жаса.
4. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар бер.

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдермен жұмыс.
Сөйлеу әдептері. Таңдану. Күдіктену. Қошемет сөздер айту.

Тапсырма. 1. Мақал-мәтелдермен жұмыс.

Мақал-мәтелдерді жатта.
1. Жері байдың - елі бай.
2. Диқаншы жерін мақтайды,
3. Балықшы көлін мақтайды.
4. Кәсіпқор кенін мақтайды.
5. Арпа, бидай ас екен,
6. Алтын, күміс тас екен.
7. Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.
8. Не ексең соны орасын.
9. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
10. Ердің көркі - елімен,
Отан көркі - жерімен.
11. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
12. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішір,
Ер басына күн туса, етігімен су кешер.

Мақал-мәтелдерді жатта.
13. Жері байдың - елі бай.
14. Диқаншы жерін мақтайды,
15. Балықшы көлін мақтайды.
16. Кәсіпқор кенін мақтайды.
17. Арпа, бидай ас екен,
18. Алтын, күміс тас екен.
19. Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.
20. Не ексең соны орасын.
21. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
22. Ердің көркі - елімен,
Отан көркі - жерімен.
23. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
24. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішір,
Ер басына күн туса, етігімен су кешер.

Тапсырма. Отан. Өлеңді жатқа айт.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!

Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!

Жұмбақтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Кәсіби қазақ тіліндегі психолингвистика
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Шетел тілін оқыту барысында лингоелтанымдық аспектісінің рөлі
Модульдік технология
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АНЫҚТАҒЫШЫ
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Пәндер