Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, олардың мазмұны, құрамы мен құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары,олардың мазмұны,құрамы мен құрылымы

Мемлекеттік бюджет -- мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.
Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен жэне тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды шаралары, оның орталықтандырылған жэне орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, элеуметтік, басқару, қорғаныс жэне т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Қайтарылматын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс сапарларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттің тапсырысқа арналған шығындар -- мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. жеке түлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі ұшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер жэне қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз жэне қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорына трансферттер төлмге;
7. мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немсе қызмет саласын әлеуметтік-экономикалық дамытуміндеттерін іске асырудвщ басқа неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

Мемлекеттік қажеттіліктерге біз өз табысымыздан салық төлейміз. Кез келген салық - бул ел қорғанысына, азаматтардың қаіпсіздігі мен әлеуметтік сақтандыруларға жэне т.б қызмет көрсетеді. Мемлекеттік шығыстар: а) мемлекеттің бар болу фактісімен байланысты, яғни императивтік сипатқа ие; Ъ) нақты уақытта, нақты мемлекеттегі қалыптасқан экономикалық және элеуметтік қатынастарды қалыптастырады;
с) өзінің экономикалық табиғатына байланысты мемлекеттік шығыстардың негізгі қалыптасу көзі жалақы мен табыстардан алынатын салық болғандықтан, ол қоғамдық класстар арасындағы қатынас болып табылады.
сі) негізгі массада жалпы мемлекеттік шығыстар өнімді емес, себебі олар өндірістік процестен шыққан үлттық табыстың үлесі болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. түрақты сипаты жоқ іс шараларды үйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлуі;
4. жеке түлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР заңнамалық актілеріне сэйкес жеке
түлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңды түлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер жэне қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды түлғаларды өтеусіз жэне қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне сондай-ақ Yenлттық қорға трансферттер төлеуге жэне мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңды түлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын элеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді жолдары болмаған кезде ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды түлғаларға субсидия берудің басым бағыты орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер болып табылады.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністердің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады: 1) мемлекеттік жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады; 2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 3) қоғамдық өнімдің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттің бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджеттің негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің функциялары
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жос-парлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қа-рым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтан-дырылған қорьшың қозғалысы жоспарлық форма мен бюджет-тік байланыстың түрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы қүжатында -- бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бүл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс бап-тары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қо-рын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын Республикальщ бюджет жөніндегі Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарьшың көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарт-тасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономика ның бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретіңде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар
бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты -- ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономи-калық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат
еліміздегі жұмыссыздьщты қысқарту, инфляцияның қарқынын темендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мем-лекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарьш пайда-ланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қар-жы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерек-ше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
Ұлттық табысты қайта бөлу;
әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
экономиканы реттеу мен ынталандыру;
ақша қаражаттарының орталыдтандырылған қорын қалып-тастыру мен пайдалануын бақылау.
Үлттьгқ табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндыд бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономи-калық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мем-лекет ауқымыдда ақша қаражаттарын орталыдтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттьщдыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақы-тында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейне-ленеді.
Бөлу функцияның мазмүны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қазақстанның бюджет жүйесі
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Қазақстанның мемлекеттік бюджетін теңестіру мәселелері
Пәндер