КОММУНИКАТИВТІК КРЕАТИВТЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жусупбекова Сандугаш Инкарбековна

Қыстаубаева Балжан Амангельдиевна

Физика пәні мұғалімдері

КОММУНИКАТИВТІК КРЕАТИВТЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚ

Кілт сөздер: креатив, шығармашыл, коммуникативті, дарынды, зияткер, тұлға, зейн, ақыл-ой, қалыптасу.

Аннотация: ұсынылған мақалада коммуникативтік креативтілігін таныта алатын, яғни өзара қарым-қатынаста сөйлеу әдебі, тілдік мазмұны, зияткерлік ақыл-ой өрісі, шығармашылық дарындылығы дамыған, стандартты емес ерекше ойлайтын, жылдам жеңіл, ерекше шешім шығаратын тұлғаны айқындау мүмкіндіктері қарастырылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» мәселелері енгізіліп отырғаны бәрімізге анық. Жеке тұлғаның бойындағы ерекше қабілетін, дарындылығын анықтау және анықтай отыра одан әрі дамуына бағыт- бағдар беру өте күрделі жұмыс. Алайда тұлғаның жеке қабілетін анықтап, бағыт-бағдар беріп, болашыққа жетелеу- ұстаз парызы. Тұлғаны заман талабына сай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Ғылыми зерттеулерге жүгінсек, «Креатив» түсінігін алғаш рет 1922жылы Д. Симон «шығармашылық қабілеттер» түсінігінің баламасы екендігін, тұлғааралық қарым-қатынастағы күрделі жағдайлардың логикалық дамуын түсінуге, адамдардың ішкі мотивтерін түсінуге қатысты әлеуметтік интеллектің факторы ретінде қарастырған. Сонымен қатар, жеті параметрін анықтап көрсеткен. Атап айтсақ: проблеманы табу және қоюға қабілеттілік, жаңа идеяларды табу, түрлі идеяларды өндіру қабілеттігі-иілгіштік, стандартты емес идеяларға қабілеттілік, бір идеядан екіншісіне жылдам өтуге даярлық, анализ бен синтезге қабілеттілік, байқампаздық.

Жеке тұлғаның бойындағы кездесетін коммуникативтік креативтілік құраушыларына тоқталатын болсақ, олар: коммуникативтік қарым-қатынас, тілдік мазмұн, мінез-құлықтық сапа, креативті ойлау, зияткерлік іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, шығармашылық, дарындылық қасиеттері.

Коммуникативтік қарым-қатынас-икемділік, ашықтық, әсерлік, жылдамдық қасиеттерін сипаттайды. Тілдік мазмұн- сауаттылық, айқындық, дәлдік, мәтіндік қасиеттерін айқындайды. Мінез-құлықтық-толеранттылық, түсінушілік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерін сипаттайды. Креативті ойлау-қырағылық, ұшқырлық, ұтқырлық, стандартты емес шешім қабылдай алу қасиеттеріне ие. Зияткерлік -ақыл-ой, дивергентті ойлауды қалыптастырады. Сөйлеу мәдениеті- дыбыс ырғағы, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынаста болу, жылдам тіл табыса алу қасиеттерін тұжырымдайды.

Шығармашылық дарындылық-жеке тұлға бойындағы ұқыптылықты, жинақылықты, зейіннің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің икемділігін, ақыл-ойын, логикалық ойлауының шапшаңдығын дәріптейді. Сонымен қатар, ойлау тездігін қалыптастырады. Осы жерде «қалыптасу» ұғымына тоқталатын болсақ, педагогика ғылымы тұрғысынан ол «оқыту-білім беру-тәрбиелеу-шығармашылық іс-әрекет-даму-қалыптасу» негізінде түсіндіріледі. Қалыптасу адамның тұлға ретінде кемелденуі, байыпты парасат деңгейіне жетуі болып саналады. Қазіргі таңда, яғни бүгінгі жаhандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығының қалыптасуы деп түсінуге болады.

Жоғарыда айтылғандай жеке тұлғаның бойындағы коммуникативтік креативтегі шығарашылық қасиеттерін айқындау барысында төмендегідей жұмыс жоспары құрылды. Оқушының денсаулығын мектеп медбикесі арқылы айқындау, мектеп психологы арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін ашу, ата-аналармен, ұстаздармен сұқпаттасу, сауалнама алу, балалар шығармалары, эссе, күнделік жазбалары. Қосымша оқылатын әдебиеттер тізімін жинақтап ұсыну. Сонымен қатар, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға, жобалар қорғау, пәндік, олимпиадаларға қатысу, интеллектуалдық ойындарға, жарыстарға қатыстыру.

Физика пәнін оқыту үрдісінде жеке тұлғаның қалыптасуының танымдық, логикалық, шығармашылық деңгейлері ескеріледі.

Танымдық деңгейі: оқу материалын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

Логикалық деңгейі: логикалық ойлау операцияларын игеруі, оқу материалдары бойынша тапсырмаларды орындауы, оқу материалын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

Шығармашылық деңгейі: шығармашыл қадам жасау, ізденіс, шешім қабылдай алу, ой туындату, ойын еркін жеткізуі.

Жеке тұлғаның жоғарыдағы көрсетілген деңгейлерін айқындау барысындағы «Жылу құбылыстары» тарауындағы ұсынылған бірнеше тапсырмалар

  1. «Неге Арктиканы зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт термометрді қолдануды ұйғарды?»
  2. Келтірілген шкала бойынша Мадагаскар аралының температурасын Цельсий және Фаренгейтпен анықтаңыз

hello_html_m7a622acb.jpg

3. Қазақстанда 300-ден астам көмір кен орындары білгілі. Қарағанды, Екібастұз, Торғай, Майкөбенің қоңыр көмірінің меншікті жану жылуларын салыстырыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамытудың маңыздылығы
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалып-тастыру мәселесі
ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшеліктері
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz