Тарих философиясы. Қазіргі өркениет, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері


13-тақырып: «Тарих философиясы»
- Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде.
Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады) - тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин) . Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур) . ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р. Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
- өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
- материалдық молшылықтарға жету;
- ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
- баюдың көзі ретінде соғысты жою;
- “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р. Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.
- Тарихтың мақсаты, мәні мен бағыты мәселелері.
Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.
Тарихты оқып-білу не үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет. Біз тарихымыз арқылы өте маңызды оқиғаларды есте сақтаймыз. Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық, ерлік дәстүрі, тыныс-тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз. Өнеге алып, болашағымызды болжаймыз, қателіктерін қайталамауға тырысамыз. Өткен замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас ұрпақтан ғана елім-жерім деген ерлер шығады. Тарих пен шежіре - ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді. Сонымен бірге азамат баласының бүкіл тарихына ой жүргізетін жол. Біздің мақсатымыз беру-халқымыздың әлем тарихында алатын өзіндік орнын, атқаратын қызметін сезіну.
- Қазіргі өркениет, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері.
Өркениет (лат. сіvіlіs - азаматтық) - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Қазіргі заманғы өркениет деп XX ғасырдың екінші жартысынан - XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы жасаған өркениетті айтамыз. Қазіргі заманғы өркениеттің келбеті өзінің көптүрлігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше жетілуімен айқындалады. Оның негізгі бағыттарына автоматтандыру және ЭЕМ, материалдардың жаңа түрлерін шығару, энергияның жаңа көздерін ашу, ғарышты игеру жатады. Қазіргі замандық өркениетің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына, сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:
- дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;
- дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;
- дүниежүзілік демографиялық ахуалды, халықтардың қоныстауын реттеу;
- ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;
- экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz