Ластану түрлері


Ластану түрлері
Ластану - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі.
Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т. б. ; ерекшеліктеріне қарай:
- физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы)
- химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары)
- биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)
- механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді.
Ластану көздеріне қарай:
- өндірістік
- көліктік
- ауыл шаруашылық
- тұрмыстық, т. б. болып ерекшеленеді.
Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфералық ауа, су, топырақ. Ауаны негізінен: жылу электрстансалары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды.
Ірі қалаларда негізгі ластану көзі - автокөліктер, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар ( көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т. б. ) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 6 - 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер арқылы бақыланады.
Табиғаттың ластану себептері
Мақсаты:
қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына әсер етуінмен байланысты мәселелер және мәселелерді ашу және оның алдын алу бойынша шаралар.
Жоспары:
- Қоршаған ортаның ластануына түсінік. Ластану түрлері.
- Қазіргі атмосфераның жағдайы атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздері.
- Тұрғындардың денсаулығына қоршаған ортаның ластануының әсері.
- Атмосфералық ауаның жағдайына бақылау.
- Қоршаған ортаны қорғаудың жүйелік шаралары. Қоршаған орта нысандарының өзіндік тазалануының механизмі.
Табиғаттың ластануына түсінік. Ластану түрлері
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім гылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз
;
нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері- адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы (80з) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда; адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың адамдарды организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы- жасы мен жынысына байланысты болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал қеледі.
Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі турде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.
Дәрігерлер адамдардың әртурлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен катар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары -канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz