Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Қабылдаған: Аубакиров Е. Ж.

Дайындаған: Жақыпбекова А. Б.

БТ-18-1

Қарағанды-2019

Жоспар

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  2. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктері
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамассыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ең қауіпті және жаппай қырып-жоятын әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызылуы мүмкін, оның зиянды әсері мемлекеттік құрылым мен дәстүрлерге қарамастан кез келген елде сезіледі. Сыбайлас жемқорлықты толықтай жою мүмкін емес, бірақ қоғамның сыбайлас жемқорлық шегін төмендету мүмкін.

Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға Мемлекеттік басқарудың ең жоғары деңгейіне үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы - кеңестік кеңістіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа көп көңіл бөлген алғашқы ел. 1998 жылғы 2 шілдеде елімізде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР-ның №267-1 Заңы қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде лауазымды адамдар жасаған қылмыстар «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» 13-тарауда бекітілген. 1998 жылғы қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мемлекеттік қызметке кіруін шектеуге байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар бекітілген, мемлекеттік қызметшілерге жаза қолдану тәртібі бекітілді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін осы Заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:

  1. Мәслихаттардың депутаттары;
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:

  1. жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
  2. заңда белгіленген тәртіппен ҚР-ның Президенттігіне, ҚР-ның Парламенті мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
  3. жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы ҚР-ның мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін қызметшілер;
  4. мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 50% дан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%-нан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;
  5. Қазақстан Республикасы Ұттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне лауазымды және мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

  1. барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
  2. мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, сұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамассыз ету;
  3. мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;
  4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;
  5. ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;

Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыыз етуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары жайлы
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері
Финляндия сыбайлас жемқорлық жоқ басқа елдер арасында үшінші орында
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ -ҚОҒАМДЫ ІРІТЕТІН ДЕРТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz