ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ
1.1. сыбайлас Жемқорлық түсінігі. Қатысушылары.
1.2. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы.
ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
2.1. Жемқорлықтың таралу облыстары
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
3.1. Жемқорлықпен күрестегі әлем тәжірибесі
3.2. Қазақстанда жемқорлықпен күресу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінгі таңда Жемқорлық еліміздің дамуына елеулі кедергісін келтіруде. Сондықтан жемқорлықпен күресудің тиімді жолдарының жасалуы қоғам мен мемлекеттің дамуының маңызды және өзекті мәселесіне айналып отыр. Қазіргі уақытта, мемлекет қабылдаған барлық шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде. Ол қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіреді, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы елеулі және елеулі шығындарға әкеледі. Сондықтан онымен тиімді күреске дайындықты әлемдік қоғамдастық мемлекет өркениетінің, оның демократиялық құндылықтарға бейілділігінің басты көрсеткіші ретінде қарастырады.
Қаңтарда жарияланған Transparency International ұйымының жемқорлық индексінде 180 елдің ішінде 124-орында тұр. Human Rights Watch ұйымы 2018 жылғы есебі бойынша "Қазақстанда адам құқығы бойынша ешқандай елеулі өзгерістер болмады, жағдай әлі нашар" деген қорытынды жасады.[1]
Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлықтың салдарынан әлемнің ЖІӨ жыл сайын шамамен 2% жоғалтады, бұл 1,5-2 трлн долларға тең. Егер Қазақстан бойынша осындай есеп жүргізсек, еліміз жыл сайын шамамен 3,8 млрд доллар қаражат жоғалтады екен.[2]
Зерттеу Мақсаты. Сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты зерттеу жүргізу арқылы, әлемдік тәжірибеге сүйеніп сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдарын көрсету.
Міндеті.
- сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беру;
- сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына шолу жасау;
-сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін көрсету;
-сыбайлас жемқорлықтың түрлерін, таралуын көрсету;
- сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын анықтау.
Зертеу пәні - сыбайлас жемқорлық.
Зерттеу әдістері:
-сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беруде ғалымдардың пікіріне сүйену;
-Зерттеу жаңалығы -
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ
1.1. сыбайлас Жемқорлық түсінігі. Қатысушылары.
Сыбайлас жемқорлық түсінігі (латынша corruptio) -- ақшаға сатып алу және саяси қайраткерлерді, мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымдық тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық (лат.соrrumpere) біреуді ақшамен немесе басқа да материалдық құндылықтармен сатып алу. [3]
Рим құқығында соrrumpere түсінігінің мағынасы - жалпылап айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, параға сатып алу және сот процесінде заңсыз әрекеттенуді білдірді. Нәтижесінде мақсаты - сот процесіне немесе қоғамдағы істерді басқару процесіне бөгет болатын, бірігіп әрекет жасайтын (екі адамнан кем емес) тұлғалардың әрекеті деген түсінік пайда болады.
Ғылыми, оқу және қоғамдық публицистикалық әдебиеттерден сыбайлас жемқорлыққа әртүрлі анықтама алуға болады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлық пара беріп, сатып алу, лауазымды тұлғалардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.
Сыбайлас жемқорлық бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы.
Сыбайлас жемқорлыққа: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар, немесе өз адамдары негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаржысын иемдену кіреді.
Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде әртүрлі көзқарастардың болуы осы құбылыстың өте күрделі мәселе екенін білдіреді және оны жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде лауазымдық тұлғалар мен қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы үшінші тараптың мүддесіне зиян келтіре отырып, пайда алу мақсатында өз лауазымын пайдалану болып табылады.
"Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы - ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас-жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру
Сыбайлас жемқорлықпен күресу
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
Сыбайлас жемқорлық түсінігі және оның мәні
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күресу жолдары
Пәндер