Әке - бала үшін асқар тау


Әке - асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке - сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке - бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз - отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе - ауылы, ауыл десе - әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» - өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке - ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну - аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
Ата-ана - бізге өмір сыйлаған, отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ананы қадірлеу керектігі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұзды бесік таянған, - да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана . Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, шыншыл болуды, әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап бақытты болуға жетелейді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен ана дан тарайды. Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жүрегінен жылу бөлініп жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ана ның құшағында мейір алып жүрген біз - алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз - сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның ана сын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса. Асыл ана “Ана” - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жана шыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ана - жүрек, жүректі құдіретте. Ана - тірек, тіректі құрметте, Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана - күнің, күніңе табынып өт. - деп жырлағым келеді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен ана дан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбата ды. Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан-
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала - соларда", 1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана- бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi-бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».
Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz