ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ


Баяндама
« ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ»
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модульдік технология, рейтинг жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным - түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады.
География пәні - өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық - жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік - жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз - кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, мазмұн - табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ:
Әрбір пән мұғалімінің мақсаты - оқушыларға сапалы білім беру. Сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі әдістері оқушылардың білім сапасын арттыруда және пәнге қызығушылығын, сонымен қатар әр баланың іскерлігін, ізденімпаздығын, байкау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сабақта қай тақырыпта болса да ғылыми - теориялық әдебиеттер, оқу- әдістемелік құралдар, көрнекіліктер, электронды материалдар, т. б. пайдалануға болады. Басқа пәндерге қоса географиядан да тиянақты білім берудің негізі - географиялық білім түрлерін жүйелі оқыту. Географиялық білім түрлерін атап айтар болсақ: геологиялық, климаттық, картографиялық, номенклатуралық, топонимикалық, тарихи, экологиялық және экономикалық білім деп бөлуге болады.
1. Геологиялық білім арқылы оқушылар жер қыртысының тұрақты және тұрақсыз түрлерімен танысып, соған байланысты табиғаттың бірнеше ғасыр бойы табиғи жолмен даму тарихынан білім алады. Бұл теориялық білімдерін танымжорық кезінде өз өлкесінен жинап алған тау жыныстарының түрлерін анықтауға тапсырма беру арқылы практикалық дағдыларымен ұштастыра аламыз.
2. Климаттық білім жер бетіндегі климаттың климат туғызушы факторларына тәуелділігін, ауа-райы құбылыстарының шаруашылықты ұйымдастыруға әсерін үйрете отырып, картаны пайдалану және оны оқи білуге баулу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру арқылы беріледі.
3. Картографиялық білім оқушылар картамен жұмыс істеу кезінде беріледі. География сабағында жер бедерінің формасын анықтауда, масштабты қолдана отырып қашықтықты есептеуде, климаттық картаның көмегімен әр материктің климатын оқи біліп, климатты қалыптастырушы факторларды анықтауда, елдердің физикалық - географиялық жағдайын сипаттауда және экономикалық географиясына, т. б. сипаттама беруде географиялық картаның маңызы зор.
4. Номенклатуралық білім оқушы картамен жұмыс істеп, географиялық атауларды меңгеріп отырса беріледі. Мысалы, 6 сыныптың литосфера тарауында ең биік 10 тау, ең ірі 10 жазық, гидросфера тарауында ірі 10 теңіз, ең ұзын 10 өзен, ең ірі 10 көлді картаға түсіріп жаттау арқылы білімін арттырса, дүние жүзінің әлеуметтік - экономикалық географиясы сабағында жер көлемі ірі елдер, халқының саны көп 10 ел, экономикасы дамыған елдерді анықтап, есте сақтаулары арқылы номенклатуралық білімдерін арттырамын. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар картамен жұмыс істеуге төселіп, олардың танымдық білімдері мен есте сақтау қабілеттері артады. Егер оқушы өзінің оқыған географиялық атауларының шығу тегімен танысып, тоқталып, мән беретін болса, топонимикалық білімі бекітіледі. География сабағында оқушыларға өздерінің қалауы бойынша үш сөздің тарихын тауып келуге тапсырма беру арқылы оларға шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасаймыз.
5. Экологиялық білім табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеуде, туған жерге деген перзенттік адамгершілік борышын сезінуге көмектеседі. Түрлі экологиялық тапсырмалар, яғни өз ауылындағы бұлақтар немесе өзеннің табиғат компоненттерінің ерекшеліктерін сипаттау, жыл мезгілдері бойынша өзгерістерін бақылау, ауыл халқының тұрмысы мен шаруашылығында алатын орнын анықтау, адам әрекеті нәтижесінде болатын табиғаттағы өзгерістердің себебі мен оны жою жолдарын табуда оқушыларға тапсырма беру арқылы экологиялық білімдерін өз беттерінше арттыруларына көмектесе аламыз. Мысалы, ауыл жанындағы « Маралды » көлінің экологиялық ерекшелігі зерттеліп көл табиғатына сипаттама берілді. Оқушылар көлдің геологиялық, биологиялық, экологиялық, шаруашылық сипаттамасын жасады. Көлдің өсімдіктер дүниесі шөпті және бұталы өсімдіктерден тұрады. Өсімдіктері көп түрлі, жиі және тығыз өскен. Бұлақ жануарлар дүниесіне бай. Сүткөректілерден қоян және сарышұнақ мекендейді
6. Экономикалық білім де экономикалық білім жүйесін игеру барысында, экономикалық есептеуде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, өндірістегі іс- әрекет экономикасын талдау арқылы меңгеріледі. Оқушыларға нарықтың құрылымы мен кәсіпкерлік жүйесін ұғындыруда, нарықтық білім берудің бағыттары мен кәсіпкерлікке баулудың әлеуметтік педагогикалық қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, оқушыларға нарықтық ұғымдарды оқыту барысында экономикалық білімдерін қалыптастырады. Оқушыларға ауыл халқының өсу динамикасын анықтау, әр шаруа қожалықтарының шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу, қорытынды жасау, өнімнен түсетін қаржыны болжау жұмыстарын үйрету арқылы экономикалық білім беруге болады.
Мұғалім жоғарыдағы білім түрлері арқылы география пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық деңгейін арттырады. Яғни, оқушылар өз беттерімен тапсырма орындап, оқу материалдарының мазмұнын жақсы меңгеріп, өз ойларын толық және дәлелді жеткізуге төселеді. Олардың ойлау және сөйлеу қабілеттері артады. Өз беттерімен керекті материалды тауып, тапсырмаларды дұрыс орындауға үйренеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Танымдық әрекеттің үш дәрежесі болады.
1-Дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 - дәрежесіне тән көрсеткіш - оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-Дәреже - түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3-Дәреже - белсенділіктің шығармашылық дәрежесі - оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.
Сонымен қатар география сабақтарында экскурсияның маңызы зор.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
1. Кіріспе экскурсия Ол - сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.
2. Ілеспелі экскурсия Ол- белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі.
3. Қорытынды экскурсия. Ол- күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Қазіргі жаңа педагогикалық технология географияны оқытуда Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек - конспект, диаграмма, график, логикалық тірек - сызбасы қолданылады
Дамыта оқыту. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді.
Модульдік технология. Бұл оқыту технологиясының негізі - оқушының танымдық белсенділігін, танымдық іс - әрекеттерінің әр түрлі іс - әрекеттерін (есту, көру, т. б) ойлау, зейін (назар) қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту.
Жаңа технология жүйесіндегі мәнді ойындардың маңызы зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың әртүрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ересектердің қатынас құралы - тіл болса, балалардың қатынас құралы - ойын. Ойын сабағында әрбір оқушы жауапкершілікке ие болады. Алдағы мақсатқа жету үшін ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Ойын сабақтары өтілген материалды пысықтауда қолданылады.
Ойын технологиясының оқушылардың дамуы мен білім деңгейіне әсер етуінің 3 жағын айқындауға болады.
1. Танымдық (жады, елестету, зейін, қабылдау, ойлау) .
2. Оқытуда ойын элементтерін пайдалану технологиясы (белсенді сөздер қорын дамыту)
3. Қажеттіліктерді өтеу (дайындық, қиындықтарды жеңу, өзін әлеуметтендіру, қауіпсіздендіру, қарым - қатынас, танымдық жетілу, сыйлау, шығармашылық) .
Бүгінгі таңда білім берудің жаңаша негізін жоғары технологиялар құрауда. Дәстүрлі білім беруден бас тартып, жаңашылдыққа ұмтылу кезеңі басталды. Жаңа технологиялардың 50 - ден астам түрінің бірқатары Қазақстан мектептеріне еніп отыр. Жаңа педагогикалық технологиялар интеграция және дифференциация ұстанымдарына негізделеді. Интеграция ұстанымы денсаулығын сақтай отырып, оқушы жүктемесі мен уақытты тиімді пайдалану проблемасын шешсе, дифференциация ұстанымы оқушымен жеке түрде мақсатты жұмыс жүргізуге негізделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының 12- жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. «Айқын газеті» 26 тамыз 2013 ж.
2. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет. Құрастырған Л. К. Көмекбаева. Алматы, 2004.
3. А. Әбілқасымова, Р. Омарова. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы., 2016 ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім. Қалыптастырушы танымдық кері байланыстың ұйымдастырудың жолдары.
- География сабағында кері байланыстың тиімділігі
- Кері байланыс үдерісін жоспарға енгізу.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н. Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан.
Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Жаңа формация мұғалімі болып білімімізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «География» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан өттік. Осы курс бағдарламасы негізінде сабақа жоспарын құрып, әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына талдау жасауды үйрендік.
Тақырыптың өзектілігі сабақта кері байланысты ұйымдастыру арқылы оқушы білімінің дамуымен қатар, сараптама жасау, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға машықтайды. Жасалған әрекет негізінде өзіне есеп бере отыра, қалай білім алу керектігін, өзінің қалай оқып жатырғандығын түсінеді. Сондықтан сабақтарда кері байланыстың орны ерекше маңызды.
Тақырыпты таңдаудағы негізгі мақсатым: сабақты жоспарлауға сабаққа нақты мақсат қою, оқушылардың ерекшеліктерін анықтауға, сабақтарға өзгеріс енгізу мақсатында кері байланысты кеңінен ұйымдастыру қажеттілігінің туындауы.
Тақырыптың маңыздылығы:
- Сабақта кері байланыс жүйелі қолданылатын болса, оқу мақсатына жету өлшемі айқындала түседі.
- Мұғалімнің кері байланыс берудегі дағдыларын шыңдай түседі;
- Сабақтың сапасы мақсат және оған жету жолдарының тиімді ұйымдастырылуына мүмкіндік береді;
- Педагог қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды, әдіс-тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді.
Тақырыпты таңдаудағы күтілетін нәтижелер төмендегідей:
1) Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
2) Оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;
3) Оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;
4) Мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын.
Негізгі бөлім
Қалыптастырушы танымдық кері байланыстың ұйымдастырудың жолдары
Қазақстан Республиасының білім берудегі басты мақсаты - жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игерудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Білім алуда сеніді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.
Рефлексияның мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі деп көрсеткен.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті.
Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің дұрыс не бұрыс болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.
Кері байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық түрінде, әңгімелесу түрінде т. б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.
Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері:
- Мұғалім кері байланысы уақытылы болуы тиіс, туындаған даудың әрқайсысына қолдау көрсете отыра тоқтату керек;
- Айтылған ой түсінікті, нақты болуы қажет;
- Ой талқылауға ашықтығы;
- Мәселені жан-жақты талқылауға жеткілікті уақыт берілуі тиіс;
Алынған білімді өлшеу жолдарының бірі - тиімді кері байланыс орнату. Кері байланыс аспектілерінің бірі танымдық кері байланыс орнату. Танымдық кері байланысты орнатуда төмендегі қағиданы ұстаныңыз:
- Бағыттаушы сұрақтардың маңыздылығын ескеру;
- Кері байланыс үдерісінде қолданылған әдістер жаңа және тың идеяға әкелуге бағытталсын. (джиксо, сана аллергеясы, пікірлер сызығы т. б. )
- Әдістердің оқушылардың қалай оқу керектігін түсінуге бағытталуы;
- Ойларын жинақтау, зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында графикалық органейзерлерді қолдану (дара диаграмма, қос диаграмма, Венн диаграммасы т. б. )
- Берілген әдістер мақсатты өлшеуге бағытталсын;
- Кері байланыс тұлғаны бағалауға емес, жұмысты түзетуге бағытталсын.
Топтық жұмысты ұйымдастыруда кері байланыстың жағымды және жағымсыз түрі бар. Жағымды кері байланыс топтың ахуалын немесе қатысушының жеке қанағаттанушылығын жақсартып қана қоймай, олардың топтық әрекеттегі белсенді болуына жағдай жасайды.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: Ауа райы, Бағдаршам, Алма ағашы. Мысалы Алма ағашы әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. Бір сөзбен әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау) .
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: Табыс сатысы әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен . . . БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен . . . ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен . . . ЖАСАЙ АЛАМЫН.
7 сыныптағы Ауа райы және метеорологиялық элементтер туралы түсінік тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
Таңдау әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.
1. Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz