Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 6. Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері

Жоспар:
Кіріспе

1. Нарықтың мәні мен атқаратың қызметтері.
2. Нарықтың түрлері мен олардың жіктелуі.
3. Нарықтың қүралымы. Нарықтың инфрақүрылымы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен андірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік еркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады, Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Осы нарықтық экономика туралы Адам Смит былай деген: нарықтық экономика - белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде нарық деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Осыған қарамастан бірталай ғалымдар өз пікірлерін, Ілімдерін қалдырып кетті. Мәселен, Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайек Адам Смиттің ілімін дамытқан болатын. Фридрих Фон Хайек ілімі бойынша, нарық - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ, ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады, солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдына қойған мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. Және де Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Фредерика Иаркетинг теориясының негізін салумен, өз заманында нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айталысқан болатын. Капиталистік қоғамның дамуы диалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. Айырбастау-дейді В.И, Ленин: адамдарды нарық арқылы біріктіреді. В.И.Лениннің айтуынша, нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарық тауар биржаларының, көтерме және белшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін нұсқасы таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Жұмыстың мақсаты - нарықтың түсінігін, мәнін, пайда болуы мен даму кезеңдерін, Қазастан Республикасында нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайын және Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелерін жетілдіріп, зерттеу.
Жұмыстың міндеттері мыналар:
+ Нарық түсінігі мен мәні;
+ Нарықтық атқаратын қызметтері мен құрылым;
+ Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері;
+ Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі;
+ Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы;
+ Нарықтық экономиканы реттеу әдістері;
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында көптеген еліміздің әдебиеттері, газет-журналдары, соңғы статистикалық мәліметтер қолданылды.
1 Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1 Нарық түсінігі мен мәні
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық саланың тармағы сияқты, және осы байланыстар арқылы өндірістің басты мақсаты жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде инарық деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет күш деп те дәріптеуде.Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады, ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бвлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтунушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды керініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нары механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жвн.
1.2 Нарықтың құрылымы
Нарық - күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
ҚР – да маркетингтік тәсілді қолдану және оның алғышарттары
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Нарық механизмі оның қызмет етуіндегі ерекшеліктері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Тауар өндіріснің түрлері мен үлгілері
Нарықтық экономиканың үлгілері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары
Пәндер