Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Дəріс № 1
Тақырыбы: Кіріспе. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жоспары:
1.1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні.
1.2. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсат, міндеттері.
1.3. Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері
1. Физиология - функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың қызметін және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы - еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастыратын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.
пәннің негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
1. Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандьлықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы - еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүдесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасының басқа ғылымдар мен байланысы.
Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы.Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология (яғни қоршаған орта), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организмдегі құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің зандарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен мектеп гигиена адам анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады.
Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам организмінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан коне Греция мен Рим империясындағы дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса оның қызметінде зерттей бастаған. Дегенмен тек қана 1628 жылы ағылшын ғалымы Уильям Гарвей организмнің негізгі қызметінің бірі - қан айналысын бақылап, сол арқылы жан-жануарлардың функциясы туралы адам білімінің алғашқы жаңа негізін қалады.
17 ғасырда француз философы Рене Декарт (1596-1650) организмнің рефлекторлы қызметін негіздеу арқылы физиологияның дамуына ат салысты 19-20 ғасырларда орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов және олардың әріптестері мен шәкірттері өз үлестерін қосты.
Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомиялық құрылысын зерттеуде Ф.М. Мұхаметқалиев, А.Р.Рақышев т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П.Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ.И.Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:
Негізін А.П.Полосухин қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А.М.Бекетаев, I.А.Бірімжанова, Л.Е.Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т.б. ғалымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына әсері, жүрек-қан тамырлар жүйееіне бірінші және екінші сигнал жүйелері арқылы шартты ескерулер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде өсетін түрлі шипалы өсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды бөліп алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті.
Академик Н.О.Базанованың шәкірттері профессорлар Қ.Д.Дүйсембин, Т.О.Измайлов, 3.Қ.Қожебеков, Б.Н.Никитин, К.Т.Ташенов организмнің ас қорыту ерекшеліктерін, оның реттелу механизмдерін, жас ерекшеліктерін, сүттің пайда болуы мен реттелуін, босанған әйелдердің сүтсіздігін (агалактия) және оның бала организміне тигізген әсерін зерттеп үлкен табыстарға жетуде. Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары - нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына профессорлар Қ.С.Рымжанов, С.Ж.Тілеулин, С.Т.Төлеуханов және олардың шәкірттері үлесін қосуда.
Мектеп гигиенасы жалпы гигиена (гигея - емдеуші, денсаулық әкелуші) ғылымымен тікелей байланысады. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым.Адам денсаулығы табиғи және әлеуметтік-экономикалық әсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, оларды жүзеге асырып, бақылайды. Халық денсаулығы, әсіресе халықтың болашағы - балалар мен жастардың денсаулығы әлеуметтік мақсат болғандықтан, табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жонге келтіру, денсаулық сақтауға қажетті мөлшерлерді жасына сай анықтап, оны іске қосу мәселелерін гигиена ғылымы шешеді.
Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалап, гигиеналық-санитариялық жұмысты жонге келтіруге, қоршаған сыртқы ортаны залалды заттардың әсерінен сақтау мәселелерін шешуде ҚРҮҒА-ның мүше-корреспонденті, медицина ғылымының докторы, профессор Б. А. Атшабаров пен академик Т.Ш.Шарманов және олардың шәкірттері көп еңбек етті. Қазақстандық ғалымдар Арал мен Балқаш, Семей экологиялық жағдайларына коп коңіл боліп, халықтың денсаулығын сақтау, үлкен қырғынға ұшырататын ауруларды болдырмау жолдарын іздеуде көп еңбек сіңіріп жатыр.
Профессор Б.А.Атшабаров өзінің шәкірті Б.А.Әбеуов екеуінің ашқан мидың қан айналыс ерекшелігін зерттеу тәсілінің жаңа түрін, өндіріс орындарындағы ауыр металдармен улану, оның миға әсерін анықтау жолдарын ұсынды. Қазірде гигиенаның үлкен мәселелерінің бірі -үлкен өндірістер мен ірі қалаларда ауыр металдармен уланудың алдын алу мәселелерін шешу.
Академик Т.Ш.Шарманов пен профессор А.А.Алдашев Қазақстан жағдайында тамақтану ерекшеліктерін ұзақ зерттеп, адамға қажетті витаминдердің мөлшерін анықтады және авитаминоз ауруларын емдеу тәсілдерін ұсынды.
Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының дамуы.
Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек басталған. Себебі, балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады. ондай зерттеулер тек қана 18-19 ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.
Сондықтан да негізгі зерттеулер балалар ауруы мен олардың алдын алу мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда Н.Ф.Филатов, П.Ф.Лесгафт секілді дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады. П.Ф.Лесгафт балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланыстылығын анықтап, баланың психологиясын, ақыл-ойын, ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.
ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жүмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады.
К.Д.Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И.П.Павлов "Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек," -- дейді.
Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейін П. К. Анохин дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды (гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. Л. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымдарының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуы мен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бұлай бейімделу нәтижелері биологиялық жүйелердің қызметінің беріктігін, мықтылығын көрсетеді. Ал мүның өзі онтогенездің түрлі кезеңдерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. П. К. Анохиннің әріптесі А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіндігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке болімдерінің түрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.Биологиялық жүйелердің беріктілігі онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі.Өсіп, дамып келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz