Келісім-шарт (еңбек келісімі)


Келісім-шарт
(еңбек келісімі)
(Еңбек шарты. Контракт)
Белгілі бір жас пне білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандарың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттардан басталады.
Еңбек шарты-заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.
Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімді аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдынғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т. б) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан тұрады:
1) құжат аты;
2) келісімнің жасалған орыны мен күні;
3) екі жақтың толық және шартты атауы;
4) жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалфикация дәрежесі;
5) келісім типі(негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс) ;
6) келісім түрі(шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа) ;
7) келісімнің уақыты, мерзімі(шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін) ;
8) сынау мерзімі;
9) жұмысшының міндеттері;
10) еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттері көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;
11) жұмысшының еңбек құнын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;
12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
13) ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;
14) демалыс алу тәртібімен оның мерзімі туралы мәлімет;
15) келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
16) келісім бойынша атап өтілген ерекше жағдайлар(қай кезде келісім бұзылу немесе қайта қаралуы мүмкін) ;
17) келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;
18) екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері;
19) екі жақтың қойылатын қолы;
20) шартқа қол қойған күн;
21) келісім қосымшасы(егер бар болса) ;
Еңбек келісімін рәсімдеудің қызметтік құжаттарды рәсімдеудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.
Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталаиық.
1. Құжат аты
Құжаттың толық аты мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы,
N4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
2. Келісімнің жасалған орны мен күні.
Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан 1 интервал төмен елді мекен аты- сол жаққа, дата- оң жаққа жасалады. Мысалы,
Алматы қаласы 24 қазан 2000 жыл
3. Екі жақтың толық және шартты атауы
Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми аты және келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті атынан университет ректоры профессор былай қарай келісімде ''Жұмыс беруші'' деп аталады, екінші жақтан филология ғылымының кандидаты А. Спрсенов бұдан былай қарай келісімде "Жұмысшы" деп аталады.
4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, квалификация дәрежесі (Базалық шарттар)
Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны оны атқаруға қажетті квалификация дәрежесі атап көрсетеді. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істеитіндігі анық жазылады Мысалы,
"Жұмысшы" Сәрсенов Алмас қазіргі қазақ тілі кафедрасына доцент болып қабылданды.
5. Келісім типі
Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орыны ретінде істеитіндігі я болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс орнына қосымша істелетін жұмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы,
"Бұл еңбек келісімі - негізгі жұмыс келісімі, қосымша істейтін жұмыс келісімі" (керектісінің асты сызылады. )
6. Келісім түрі
Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы, ''Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады''.
7. Келісім мерзімі
Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар цифрмен де жазбаша да, я болмаса 2 варианты да көрсетіледі. Мысалы, "Келісім 2000 жылдың 20мамырында(екі мыңшы жылдың жиырмасыншы мамырында) күшіне енді". "Келісім 2001жылдың 20 мамырында (екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында) өз күшін жояды".
8. Сынау мерзімі.
Егер жұмысшы сынау мерзімінен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі. Бірақ сынау мерзімі келісім жасалған күні қоса есептегенде 3 айдан аспауы керек. Сынау мерзімі күн мен де аптамен де көрсетіле береді. Мысалы, "Жұмысшыға екі апта сынау мерзімі белгіленеді".
9. Жұмысшының міндеттері.
Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері айтылады. Ол қандай құжат (бұйрық, нұсқау т. б) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетіледі. Мысалы,
"Жұмысшы"
-өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқару.
-келісімнің 1. 3-тармағында айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау.
-техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға.
-мемлекеттік құпияны жария етпеуге.
-ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.
1. Жұмыс беруші міндеттері.
Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ату, еңбекақы төлеу мерзімі, медицыналық сақтандыру, пенсиямен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. Мысалы,
"Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамассыз етуге міндетті. Пенсиямен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі"
11. Жұмысшының еңбек құнын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құнын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап берілетін Қосымша кепілдіктер жайлы айтылады, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық танспортта жүруге берілетін жеңілдік медециналық, мәдени және тұрмыстық қызмет ету т. б. Мысалы, "Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында жұмысшы онда көрсетілген міндеттерді толық атқатып, келісім талаптарын орындаған жағдайда оның еңбек құқын қорғау мақсатында "Жұмыс беруші" әкімшілік тарапынан қосымша мынадай жеңілдіктерге кепілдік береді;
а ) Қазақстан Республикасы Президентінің 21. 04. 1993 жылғы N431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға.
б) Жеке тұрғын үй құрлысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.
12. Еңбек пен демалыс тәртібі.
Бұл бөлімде жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтылады. Мысалы, "Жұмысшыға" 5 күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес "Жұмысшы" өз міндеттерін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін".
Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі
Бұл бөлікте еңбек ақы төлеу тәртібі және қосымша берілген ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай:
а) лауазымдық төлемақы көлемі (айынатеңге)
ә) сағаттық төлемақы көлемі (сағатынатеңге)
б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстемақы (лауазымдық төлемақы мөлшерініңпайызы)
в) басқа қосымша ақы мөлшері(теңгемен я пайызбен)
г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлықмөлшері(теңгемен, пайызбен) көрсетіледі.
Демалыс алу тәртібі.
Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі сонымен қатар ақысы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы,
"Жұмысшыға"жылына бір рет Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың беру мерзімін әкімшілік анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай бұл дамалыс екі бөлікке бөлініп те беріледі. Мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы кемінде 5 жұмыс күнінен тұрады.
Ақысы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде "Жұмысшының" жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі.
15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар.
Бұл бөлікте келісімнің негізгі бөлімінде айтылмаған, екі жақтың қосымша міндеттері сөз болды. Мысалы, "Жұмысшыға" жылына бір рет арнайы жұмыс киім мен аяқ киімін береді т. б.
16. Келісімдегі ерекше жағдайлар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz