Жеке меншік пен оны мемлекеттік реттеу сұрақтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1-тарау. Жеке меншіктің түсінігі мен мәні 5
1.1. Жеке меншік ұғымы 5
1.2. Тарихи диалектикадағы меншік ұғымы 7
К. Маркс пен монетаристтердің түсінігінше меншіктің даму жолдары 7
Меншіктің құрамдық анализі 7
Меншіктің дифференциациясына еңбек құралдарының ықпалы 8
2-тарау. Жеке меншік құқығын реттеу 9
2.1. Меншік құқығы 9
2.2. Иеленушінің құқықтары: потенциалды және реалды 12
Қоғамдық шектеулер 12
Құқықты өзін өзі шектеу 13
3-тарау. Мемлекеттік реттеу 16
Азаматтық кодекс бойынша меншіктің нысандары мен түрлері 16
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Біз күнделікті қажет ететін өмірлік қажеттіліктер шектеулі. Сол сияқты
өндіріске қажет экономикалық қажеттіліктер де шектеулі. Экономикалық
ресурстар мен соңғы тауарларды бөлетін арнайы тәртіп әр қоғамда бекітіледі.
Қазіргі экономикада осы функцияны өз арасында міндеттерді бөліп, нарық пен
мемлекет атқарады.
Өмірлік қажеттіліктерді және экономикалық ресурстарды шектеу факторы,
оларды бақылайтын ережелерді талап етеді. Соңғы тауарлар мен экономикалық
ресурстар, егер де олар шектеулі болса, қоғамның әр адамның қол астына
түспеуі тиіс. Егер де ол әр адамға тиісті болса, онда дүниеде бейберекет
түзілетін еді. Мысал келтірсек, Сіз пәтер алды дейік, егер де қоғамда
өмірлік қажеттіліктерді реттеп бақылайтын ережелер болмаса, онда осы сіздің
үіңізде кез келген адам келіп демала алатын еді, телевиорз қарайтын еді,
тамақ жейтін еді. Осындай тәртіп, өмірлік қажеттіліктерді осылай
демократиялық әдіспен қанағаттандыру сізге ұнар ма еді? Әрине, жоқ.
Осыдан шығатыны, қоғам, нарықтық немесе мемлекеттік бөлу нәтижесінде
алынған соңғы тауарлар мен экономикалық ресурстар үшін экономикалық өмірдің
белгілі бір қатысушыларды бақылау құқығы қандай нормалармен қорғалу
керектігін міндетті түрде шешу керек. Бұл тиімді пайдалану мен қайта
қалыптастырудың шарттарының бірі болып саналады.
Бұл мәселенің шешімін қоғамда табу үшін арнайы меншіктің нормалары бар.

Меншік ол көптеген ғасырлар бойы адамзаттың ағымды әрекеті ретінде
түсінген жөн. Бірақ бұл күрес теориямен ғана шектелмейді. Біздің елімізде
ХХ ғ. Екі рет меншік қатынастарында үлкен өзгерістер болған. Бірінші рет
1917 жылдың қазанда басталып, күтілмеген дағдарыспен аяқталды. Екінші кезен
деп қазіргі кезенді айтуға болады. Оның негізгі мақсаты – меншік қатынасына
оның өзінің мағынасын қайтару, яғни қазіргі режимнің әлеуметтік тірегі бола
алатын өте қалың қабатты меншік иелерін қалыптастыру.
Осы курстық жұмыста жеке меншік пен оны мемлекеттік реттеу сұрақтары
қарастырылады.

1-тарау. Жеке меншіктің түсінігі мен мәні

1.1. Жеке меншік ұғымы

Жеке меншік – бұл жеке адамдар немесе адамдар тобына экономикалық
ресурстарды және өмір қажеттілігіне бақылау жасау құқығын бекіту. Жеке
меншік, белгілі бір объектілерді (капитал, жер, кіріс, соңғы тауарлар және
т.б.) бақылау құқығын иеленушілер қатарына жатпайтын басқа тұлғалардан
белгілі бір бөлінушілікті білдіреді. Олардың барлығы жекеленген болып
табылады және нақты иеленушіге ие.
Қазіргі заңдарға сәйкес, жеке тұлға өзінің иесіндегі мүліктермен, басқа
заңдар мен басқа да нормативті-құқықтық актілерге қайшы келмейтін, кез
келген әрекетер жасауға құқығы бар. Бірақ та ол заңдарға және басқа
тұлғалардың құқықтар мен міндеттерге қайшы келмеу керек. Азамат өз мүлкін,
мүлік иесі болып қала отырып, басқа біреуге беруге, басқа біреуді өз
мүліктің иесі болдыруға және басқа да жолдармен мүліктің тағдырын шешуге
құқығы бар.
Жекеленген иелендірудің екі түрі бар:
а) Өзі еңбек ететін адамның өндіріс құралдарына меншік;
ә) Басқа біреудің еңбегін пайдаланатын тұлғаның мүліктік өндіріс
шартына меншік;
Жеке меншіктің бірінші түріне шаруалар, қолөнершілер, басқа да өз
еңбегімен өмір сүретін адамдар жатады. Экономикалық заң бойынша
жекеменшіктің
Бір адам келесі бір іскер адам мен материалдық қызығушылығы арқылы
келіссөз жүргізсе бұл экономикалық жағдай туғызады. Екінші түргде үлкен
шаруашылық яғни көптеген жұмыскерлері бар кәсіпорындарды жатқызамыз.
Жеке меншікті пайдалануда экономикалық жүйенің аралас базалық
элементтер кездеседі. Капиталдың көп бөлігі жеке иелігінде. Капиталға жеке
меншік, өндірілген тауарлар, алынған кірістер бос кәсіпкерлік жүйенің
маңызды шарттары болып табылады.
Жеке меншікткң келесі түрлері бар:
1. Жеке немесе жанұялық меншік – меншік объектісін бақылау құқығы
міндетті түрде жеке адамда немесе жаұяда болады. Осы нысанда,
мысалы, шаруалық меншіктер, дүкендер, кафе, шеберханалар құруға
мүмкіндік бар. Оны кейде біріктірілмеген меншік деп те атайды.
2. Ортақ меншік – біріктірілген жеке меншік, мұнда бақылау құқығы,
бақылау тәсіліне алдын ала келісілген субъектер тобына жатады. Осы
субъекттер қосылып иеленуші немесе юөлікшілер деп аталады –
олардың әрқайсысына меншік объектісінің белгілі бір бөлігі
бекітіледі. Осы бөліктің үлесі көбінесе ақшалай қатынаспен
есептелінеді. Қаржылық және басқа да артықшылдықтар болғандықтан,
қазіргі өнеркәсіптердің көбісі осы нысанды пайдаланады.
3. Акционерлік меншік – ол да ортақ меншік болып табылады. Бірақ та
оның өте үлесті айырмашылықтар бар, сондықтан оны ортақ меншіктен
бөлек қарастыруға болады. Акционер – ол өнеркәсіптің капиталына
белгілі бір үлесін қосып, өзіне иеленуші белгісін: құнды қағаз –
акцияны алған адам. Өнеркәсіп жұмыс істеген кезде, акционерлік
меншік ешқашан да физикалық түрде бөлінбейді, ол тек белгілі бір
акцияларды өз меншігінен шығару (яғни сату және сатып алу) кезінде
ғана жойылады немесе сатып алынады.
4. Қоғамдық өнеркәсіптердің меншігі – бұл белгілі бір қоғамдық
ұйымдарға (саяси партиялар, кәсіподақтар, интернационалисттер
одағы және т.б.) біріккен бір топ адамдардың меншігі. Бұл жеке-
жеке бөлінбеген меншіктің түрі, яғни мұнда меншік иелерінің
арасында олардың иесіндегі мүліктің нақты үлесі белгіленбейді.
Сондықтан осы нысандағы объектілер жекеленген бөліктерге
бөлінбейді.

1.2. Тарихи диалектикадағы меншік ұғымы

К. Маркс пен монетаристтердің түсінігінше меншіктің даму жолдары

Теоретикалық жақтан қарағанда К. Маркс меншік ұғымының өткен күндері
мен келешекті түсінушілігінде канттық априор категориясын емес, гегелдік
жоқтауды жоқтау заңын пайдаланғаны түсінікті. Ал практикалық жағдайда, К.
Маркстің болжауы, батыс елдеріндегі мемлекеттік реттеудің экономикаға
тікелей әсерін тигізетіні туралы дұрыс болып шықты.
Ал монетаристтердің басқа концепциясы, яғни 70-80 жж. бос кәсіпкерлік
нәтижесіндегі нарықтың автоматизациясы, тек экономикаға мемлекеттік
реттеудің тимеу керектігі жоққа шығарылды. Осыдан барып кейнсиандық пен
монетаризм екеуі эмперикалық мтод көріп қателесудың қарама-қарсы
жақтарының көрінісі.
Меншіктің аспектілеріндегі, типтердегі, нысандарындағы және
түрлеріндегі анықтамаларында, байланысында және қателігінде қайшылықтарды
тудырмау үшін оларды жүйелендіру керек.
К. Маркстің түсінігі бойынша меншік экономикалық және құқықтық
аспектілерге ие және олар белгілі бір экономикалық дәуірде бөлінбейді.

Меншіктің құрамдық анализі

Құрамдық анализ болғандықтан, негіз беп құбылыс ұғымдарын мазмұн мен
нысан ұғымдарымен шатастыруға болмайды. Егер біз К. Маркс сияқты меншікті
адамдар және өндіріс құралдары мен тұтыну құралдары арасындағы қатынас
десек, әрине бұл анықтамада меншіктің ұғымы туралы айтылады. Олай болса
меншіктің нағыз мәні неде?
Меншік түсігіне ең жақын мәнді анықтайтын болсақ, ол осы меншіктік
қатынастардың қандай екенін көрсету керек. Нақты айтқанда бұл адамдар
арасындағы ақылы немесе ақысыз өндіріс түрлері бойынша бірігуімен
байланысты қатынастар болады. Ал егер өндірістік емес, тұтынушылық меншік
туралы айтатын болсақ, материалдық қажеттіліктерді ақылы немесе ақысыз
қанағаттандырумен байланысты қатынастар болады.
Егер де феодалдық немесе құлиеленушілік дәуірдегі өндіріс туралы
айтатын болсақ, жалпылық, жеке және ортақ меншіктің материалдық-объективтік
бөлігіне еңбек күшін және оның тасушысын – адамды, жатқызу керек. Басқа
жағдайларда, құлдарды және шаруаларды тиімді еңбекке экономикадан тыс
міндеттеудің мәнін жатқызамыз.

Меншіктің дифференциациясына еңбек құралдарының ықпалы

Еңбекші малдардың, жер мен металды еңбек құралдардың пайда болумен,
алғашқы қауымның жанұялық өндірістік бірліктеріне бөлінуі басталады,
жекешеліктің бөлініп шығу тарихы басталады.

2-тарау. Жеке меншік құқығын реттеу

2.1. Меншік құқығы

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан
да меншік құқығы құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен
шығатын экономикалық категория деп тусіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдык игіліктерді — табиғаттың өнімдері
мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі
айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы
қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс
барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы
құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтары
тиесілі.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленудің жүзеге асыруды
заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке
ықпал жүргізудің мүмкіншілігі.
Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниеттінен бөледі.
Егер мүлікті иелену занды негізде жасаса, онда ол занды иелену болып
табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты
(мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасаса,
немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі
талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі.
Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге
тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің
талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-
бабы). Ал, керісінше, егерде мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған
адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал
алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам
жоғалтқан не мұның екеуінен де үрланған, не олардың иеленуінен бүрын
бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл
мүлікті алушъщан талап етіп аддыруға құқылы.
Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін (АК-тің 188-
бабының 2-тармағы).
Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек.
Пайдаланудың өкілеттік құқығы — затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін
меншік құқыгы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге
асыру болып табынады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс
алғанша тұтыну.
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды
өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни
меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық
маңызы бар объектіні пайдаланганда, меншік иесі тек өзінің ғана емес,
қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті
шығармаларын, айталық мүрагер меншік иесі ретінде бұлдірмеуге міндетті.
Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы,
жалға, арендаға беру т.б.). Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін
пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу). Мұндай жағдайда
меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді,
айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір
пайызды еншілейді.
Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі
өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не
оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы
жүзеге асады ("Түрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы).
Билік ету құқыгы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабының 2-тармағы).
Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты заңды
мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын
өзгеге беріп, кепіддік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол
билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы
мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген
түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары
беріледі). Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік
иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.
Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте
тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің кұқығы
сатушыңан сатьт алушыға ауысадьі. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі
ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқыгын
жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.
Билік ету құқығы затқа меншік иесі болын табылмайтын тұлға арқылы да
жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен
жасалған келісім-шарт негізінде болады.
Ауыртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ
бүліну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе
кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол өзгеше
белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған
көшеді. Мүліктің бұлінуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң
немесе шарт негізінде сол мүлікті алушының мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт
жасаушылар ондай қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу-
сату), ягни зат берілмей түрып, сатын алушыға меншік құқығы ауыспай
түрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.
Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланьісты. Мәселен, егер
иеліктен айьфушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі
болса немесе сатын алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне
кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұліну қаупін мерзімін
өткізіп жіберген тарап көтереді (АК-тің 190-бабының 2-тармағы).

2.2. Иеленушінің құқықтары: потенциалды және реалды

Иеленуші өзінің меншік объектісін бақылайды. Оның құқығы – объектің
бағытын және қолдану тәсілін анықтау, тағдырын шешеу (сату, сыйға тарту,
мұраға қалдыру және т.б).

Сонымен қатар иеленушінің мүмкіндіктері, құқықтары белгілі бір
тәртіппен шектеледі. Суретте бүкіл сектор (гризонталь бағыттағы бағытша) –
бұл иеленушінің потенциалды құқықтары. Нақты жағдайды алып қарайтын болсақ,
бағытша горизонтальды бағытта ешқашан да тұрмайды: бір жақтан қоғам
мемлекетті пайдаланып, иеленушінің құқықтарын шектейді, ал екінші жақтан
құқық иеленуші кейбір кездері өзінің құқықтарын өзі шектейді, яғни объектке
құқық секторын азайтады. Енді осындай шектеулердің маңызын және мақсатын
талдайық.

Қоғамдық шектеулер

Жеке меншік құқықтарына қоғам негіз салады. Соның нәтижесінде олар жеке
иеленушілерінің мүмкі бола алатын потенциалды мүмкіншіліктерінен әрқашан да
аз болады. Бұны экономикалық құбылыстың, жалпы адам өмірінің біріккен
немесе қоғамдық мінезін талап етеді. Адамдардың өзара әріптестіктері бар
жерде қоғамдық тәртіп нормативтері шектелмейді. Егер де біреу өзінің
пәтерінде ағаш өңдейтін шеберхана ашуы дұрыс бола ма? Бұған жол берілмеу
керек деп кез келген адам айтады және олардікі дұрыс болып шығады. Сонымен
қатар өндірістің кір қалдықтарын Есіл өзеніне және басқа да су қоймаларына
тастауға, санитарлық жағдайларға қайшы тоқаш пісіруге, есірткі өндірісін
жүзеге асыру және порнографиямен шұғылдануға, әділетсіз бәсекелестік
жүргізуге, квалификациялық деңгейі төмен адамдар сабақ беретіні жеке мектеп
ашуға жол берілмейді.
Мемлекет салық арқылы табысты құруды реттейді, қызметтің кейбір түрлері
үшін капиталды қолдануға тыйым салады, кейбір шеңберлерде лицензиялауды
жүзеге асырады, мұра тәртібін бекітеді, техникалық қауіпсіздік жұмыстары
және экология бойынша нормативтерді құрастырады. Жеке меншік иелігіндегі
жер, ғимарат, тұрғын үйлер әлемдік тәжірибе көрсеткендей белгілі бір
жолдар, жаңа ғимараттар салу қажеттілігі кезінде меншік иесіне компенсация
төлей отырып, заңды түрде иелігінен алынады. Сондақтан жеке менші
алынбайтын қамал болып саналмайды, бірақ та оны әртүрлі экономикалық
мүдделердің тиімді өзара әрекет етуі үшін жағдайлар жасайды және қолдайды,
қорғайды.

Құқықты өзін өзі шектеу

Менші иесі сырттан мәжбүрлеусіз ерікті түрде меншік объектісіне өзінің
құқықтарын шектей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика негіздері қызметтері
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экономика саласынан дәрістер курсы
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Пәндер