Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде тасымалдауды жүзеге асыру құқығы
Жоспар
Кіріспе
1. Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде тасымалдауды жүзеге
асыру құқығы.
1.1. Жолаушылардың кейбір категорияларын тасмалдау шарты.
1.2. Орынды брондау.
1.3. Билеттегі және тасмалдаудағы өзгерістер.
1.4. Ақшаны қайтару.
1.5. Жолаушыны тасмалдаудан бас тарту.
2. Багажды жүк тасмалдау.
2.1. Жүк құжаттары.
2. Жүкті тасмалдауға қабылдау.
3. Жүкті беру.
4. Рейістердің кідіруі және кейінге қалдыру.
5. Әуеде жүк тасмалдауының басқада түрлері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Менің қарастырып отырған тақырыбым, жолаушыларды, багажды, жүк пен
почтаны әуеде тасымалдау құқығы болып табылады.
Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде тасымалдауды жүзеге асыру
құқығын пайдаланушының уәкiлеттi орган берген қолданыстағы сертификаты бар
тұлғалар иеленедi. Пайдаланушының сертификатпен белгiленген қызмет
шарттарын және шектеулерiн сақтай отырып, пайдаланушының сертификатында
белгiленген қызметті ғана жүзеге асыруға құқығы бар. Егер yәкiлеттi орган
басқа мемлекет берген пайдаланушы сертификатын таныса, тиiстi мемлекеттiң
пайдаланушысының Қазақстан Республикасы аумағында әуе тасымалдарын жүзеге
асыру құқығы , болып табылады.
Егер жолаушы өзінің ауырып қалуынан немесе онымен әуе кемесінде бірге
ұшатын отбасы мүшесі ауырып қалу немесе өлімі себебінен, билеттің
жарамдылық мерзімі ішінде, ұша алмаса, онда бұндай билеттің жарамдылық
мерзімі дәрігерлік тұжырымдамаға сәйкес, ол немесе оның отбасы мүшесі ұша
алатын жағдайда болса, тасымалдаушының ең жақын рейсінен кейінгі не
дейінгісіне, егер бастапқы төленген тарифке сәйкес сондай қызмет көрсету
класына бос орындар болса, 10 күннің ішінде ұшуы тиіс. Бұл жағдайларда
ауру жолаушыға ілесіп жүретін отбасы мүшесінің билеттерінің жарамдылық
мерзімі сол мерзімге ұзартылады. Жолаушы тасымалдаушыға ұшу және жолаушы
купондары бар билетті көрсетуге міндетті. Пайдаланылған ұшу купондары бар
билет жолаушыны тасымалдау және ақшаны қайтару үшін жарамсыз.
Тасымалдаушы жолаушы купонында көрсетілген жіберу пунктінен бастап, өте
қатаң тәртіппен жолаушы мен оның жүгін тасымалдау үшін ұшу купондарын
қабылдайды. Егер кейінгі ұшу купондары пайдаланылған болса, билет
пайдаланылатын ұшу купондарымен жолаушыларды тасымалдау және ақшаны қайтару
үшін жарамсыз болып табылады. Жолаушылар купоны мен барлық пайдаланылған
ұшу купондарын жолаушы барлық тасымалдау кезеңінде сақтау керек. Олар
тасымалдаушының талап етуі бойынша көрсетілуге және тапсырылуға тиіс
Егер жолаушы тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмесе немесе дұрыс
толтырылмаған құжаттармен келсе, онда тасымалдаушы аталған әуежайда оған
жасалған ұшу бронын жоюына болады. Тасымалдаушы жолаушының тіркеуден өз
уақытында өтпегеніне байланысты шығындар үшін жауап бермейді.
Жолда және кері қайту пунктіне 72 сағат артық тоқтағанда, жолаушы
кестесі бойынша рейс ұшқанға дейін 72 сағ. ішінде, әрі қарай ұшуға
тасымалдаушыдан бұрын, жүргізілген бронды растауға міндетті, ал трансфер
пунктінде келгеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмеу керек, егер
тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай қарастырылу керек.
Егер жалпы мақсатпен бір бағытқа ұшатын 10 және одан да көп адамнан
болатын жолаушылар тобы әрі қарай ұшуға немесе кері бағытта ұшуға белгісі
бар билеттері болып, белгілі бір пунктте 15 күннен артық мерзімге аялдама
жасаса, онда брондау рейс жіберілгенше 15 күннен кешіктірілмей, расталуға
тиіс .
Егер халықаралық тасымалдау бірінші класты қызмет көрсету белгіленген
халықаралық линия бойынша ретімен (шетел Тасымалдаушыларының линияларын
қоса алғанда) және бірінші класты қызмет көрсету белгіленбеген, әуе
компаниясының халықаралық линиялары бойынша орындалатын болса, онда
жолаушыға төлеген бірінші класты қызмет көрсетуге сәйкес келетін норма
бойынша тегін жүк алып өту құқығы беріледі. Егер халықаралық тасымалдау
ретімен халықаралық және ішкі линиялар бойынша немесе керісінше орындалатын
болса, онда ішкі линия бойынша жолаушыға билет алу кезінде төлеген
халықаралық линияда қызмет көрсету класына сәйкес келетін норма бойынша
жүкті тегін алып өту құқығы беріледі. Жолаушы өз еркімен тасымалдау
маршрутын немесе қызмет көрсету класын өзгерткен жағдайда, оған жаңа
участоктағы тиісті маршруты мен қызмет көрсету класы үшін белгіленген
нормада тегін жүк алып өту құқығы беріледі
Жүкті жеткізудегі кідіріс, оның жетпеуі, бұзылуы немесе жоғалу
жағдайларында, сондай-ақ жүкті жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі
талонын көрсетпеген жағдайларда, жүкті алушы мен Тасымалдаушы қол қоятын,
"PІR" тасымалдаудағы ақаулар жөнінде акт жасалады. Акт әуежай
территориясынан жолаушы шыққанға дейін жүк тасымалдаудағы ақау табылғанда
тез арада Тасымалдаушы жасайды. Жүкті жеткізуде мезгілін өткізіп алғаны
үшін, Тасымалдаушы жүкті алушыға әрбір өткізіп алған тәулігі үшін
авиабилеттің құнының 10%-і, бірақ авиабилеттің құнынан 50% артық емес
мөлшерде айыппұл төлейді. Талап етілмеген жүк әуежайларда оның жеткізілген
күнінен бастап алты ай бойы сақталады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан
кейін талап етілмеген жүк белгіленген тәртіппен өткізіледі деп заң да
көрсетілген.
1. Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде тасымалдауды жүзеге асыру
құқығы.

асыруға құқығы бар[1].
Билет жолаушыны әуеде тасымалдау келісімі мен шарттары жасалғанын
растайтын, атаулы шартты құжат болып табылады. Жолаушы Тасымалдаушы немесе
оның агенті тиісті дәрежеде толтырып берген жарамды билеті болғанда ғана
тасымалдауға жіберіледі. Жолаушы, егер ол көрсеткен билетте Тасымалдаушы
немесе оның агентінен басқа адамдар енгізген түзетулер немесе өзгерістер
болса тасымалдауға жіберілмейді. Билет онда көрсетілген қызмет бағыты мен
класы бойынша, жолаушы мен оның багажын жіберу пунктінен жету пунктіне
дейін тасымалдау үшін жарамды болып табылады. әрбір ұшу купоны немесе
тексеру талоны жолаушы мен оның багажын брондалған орынға, онда көрсетілген
бағыт участогы, қызмет көрсету класы, күні мен рейсі бойынша ғана жарамды.
Егер билет брондау белгісінсіз (ұшудың ашық қалдырған күнімен) берілсе,онда
орын жолаушы тілегіне сәйкес, сұрау салынған рейсте бос орындарының болуына
қарай брондалады. Билет сатылған жері мен күні оның барлық купондарында
көрсетілуі тиіс. Қалыпты тариф бойынша ашық ұшу күнімен тасымалдауға
берілген билет, жолаушылар мен оның багажын тасымалдау үшін, тасымал
басталған күннен бастап жарамды, ал егер бірде бір ұшу купоны
пайдаланылмаса, онда билет берілген күннен бастап және онда Тасымалдаушы
немесе оның өкілі рейстің ұшу күні мен нөмірін қойғаннан кейін ұшуға хақысы
бар. Арнайы тариф бойынша тасымалдауға берілген билет осы тарифты қолдану
ережелері белгіленген мерзімде ғана жолаушы оның багажын тасымалдауға
жарамды Билеттің жарамдылық мерзімі, егер жолаушы мына жағдайларда билет
жарамдылығы мерзімі ішінде ұша алмай қалса, бастапқыда төленген тарифке
сәйкес келетін сол қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар,
Тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады:
• билетте көрсетілген рейсті кейінге қалдыру немесе кешігу;
• билетте көрсетілген әуежайда әуе кемесі қона алмаса;
• жолаушыға билетінде көрсетілген рейс пен күнінде орын тауып бере алмау
себебінен, жібере алмау;
• рейсті орындамаған әуе кемесінің жіберу әуежайына қайтып оралуы;
• жолаушы жолай қонуға тиіс әуежайға келетін әуе кемесінің кешігу немесе
рейсті кейінге қалдыру себебінен, билетте көрсетілген, рейспен жолай
қону әуежайынан жолаушының жібермеуі;
• билетте көрсетілген қызмет ету класы ұсынылмаса;

• әуе кемесі амалсыз қону себебінен рейстік үзіліс жасайды;
• жолаушының немесе әуе кемесінде бірге ұшуға тиіс отбасы мүшесінің
ауырып қалуы;
• Тасымалдаушы билетті дұрыс толтырмауы. ұшу кестесінде көрсетілген әуе
кемесі типінің өзгертілуі[2];
Егер тасымалдауға билеті бар жолаушы орынды брондау жөнінде өтініш
жасаса, ал тасымалдаушы билеттің жарамдылық мерзімі ішінде орын тауып
беруге мүмкіндігі болмаса, онда ондай билеттің жарамдылық мерзімі бастапқы
төленген тарифке сәйкес келетін сондай қызмет көрсету класына бос орын бар,
тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады. Егер жолаушы өзінің
ауырып қалуынан немесе онымен әуе кемесінде бірге ұшатын отбасы мүшесі
ауырып қалу немесе өлімі себебінен, билеттің жарамдылық мерзімі ішінде, ұша
алмаса, онда бұндай билеттің жарамдылық мерзімі дәрігерлік тұжырымдамаға
сәйкес, ол немесе оның отбасы мүшесі ұша алатын жағдайда болса,
тасымалдаушының ең жақын рейсінен кейінгі не дейінгісіне, егер бастапқы
төленген тарифке сәйкес сондай қызмет көрсету класына бос орындар болса, 10
күннің ішінде ұшуы тиіс. Бұл жағдайларда ауру жолаушыға ілесіп жүретін
отбасы мүшесінің билеттерінің жарамдылық мерзімі сол мерзімге ұзартылады.
Жолаушы Тасымалдаушыға ұшу және жолаушы купондары бар билетті көрсетуге
міндетті. Пайдаланылған ұшу купондары бар билет жолаушыны тасымалдау және
ақшаны қайтару үшін жарамсыз. Тасымалдаушы жолаушы купонында көрсетілген
жіберу пунктінен бастап, өте қатаң тәртіппен жолаушы мен оның жүгін
тасымалдау үшін ұшу купондарын қабылдайды. Егер кейінгі ұшу купондары
пайдаланылған болса, билет пайдаланылатын ұшу купондарымен жолаушыларды
тасымалдау және ақшаны қайтару үшін жарамсыз болып табылады. Жолаушылар
купоны мен барлық пайдаланылған ұшу купондарын жолаушы барлық тасымалдау
кезеңінде сақтау керек. Олар Тасымалдаушының талап етуі бойынша көрсетілуге
және тапсырылуға тиіс. Билетті оны пайдалану үшін басқа адамға беруге
болмайды. Билет немесе оның кез келген бөлігі жоғалып, бүлінген жолаушы
немесе ұшу купоны жоқ болған жағдайда, Тасымалдаушы жолаушының өтінішімен
ондай билеттің орнына Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған
ақшаларды төлетіп, билеттің дубликатын беруге болады. Шетелдік Тасымалдаушы
берген билет (немесе оның кез келген бөлігі) жоғалған, бүлінген жағдайда,
дубликатты толтыруға бұл Тасымалдаушының жазбаша рұқсатын алу керек. Бұл
жағдайларда, жолаушы тиісті маршрут бойынша ұшуға билет беру үшін,
тасымалдаушыға қанағаттандыратындай дәлелдер келтіру керек. Билеттің
жоқтығы, дұрыс еместігі немесе жоғалуы тасымал келісімі бар ма, жарамды ма
- оған әсер етпейді.

Өте маңызды жолаушылар категориясына Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі N 788 "Қазақстан Республикасы әуе көлігінде
тасымалдауда оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін лауазымды тұлғалардың
арнайы тізімі туралы" қаулысына сәйкес Тасымалдаушының арнайы тізімімен
анықталған адамдар жатады[3].
Дипломаттық курьерлер мен байланыс фельдегерлерін тасымалдау мемлекеттік
органдардың талаптарына, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес
жүргізіледі. Дипломаттық курьер мен байланыс фельдегері Тасымалдаушының
талап етуі бойынша дипломаттық багажды (почтаны) алып жүретін адам ретінде
оның арнайы өкілеттігін растайтын құжаттары болуы керек және көрсетуі
керек.
Қазақстан Республикасы Тасымалдаушылары балаларды ересек жолаушылармен
бірге, сондай-ақ оларсыз-ақ тасымалдауға болады. Еріп жүретін адамдары жоқ
балаларды ата-аналары немесе қамқоршылары ондай тасымалдың барлық қажетті
детальдарын көрсетіп, тиісті құжатты ("Тасымал туралы өтініш") толтырғаннан
кейін қабылдайды.
Еріп жүретін адамдары жоқ балалар ретінде ата-аналарсыз ұшатын және
жолаушылардың біреуіне сеніп тапсырылмаған жасы 2-ден 12-ге дейінгі
балаларды тасымалдауға болады.
Ата-аналар немесе қамқоршылардың өтініші бойынша бұл 16 жасқа дейінгі
балаларға да қатысты болуы мүмкін.
Жеке орын алмайтын және ересек жолаушымен ілесіп жүретін, 5 жасқа
дейінгі бір баланы халықаралық рейстерде тасымалдау үшін, ақы төленбейді.
• Егер бес жасқа дейінгі бала халықаралық рейсте жеке орынмен
тасымалданатын болса, егер бұл тарифты қолданудың ерекше шарттары
болмаса, оны тасымалдауға еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты
немесе арнайы тарифінің 50%-н төлейді.
• Бір ересек жолаушы 5 жасқа дейінгі екінші және келесі балаларды
халықаралық рейсте тасымалдау үшін, егер бұл тарифты қолданудың ерекше
шарттары болмаса, оны тасымалдауға еріп жүретін ересек жолаушының
тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-н төлейді.
• Халықаралық рейсте бір ересек жолаушы 5-тен 12 жасқа дейінгі әр баланы
тасымалдау үшін, егер бұл тарифті қолданудың ерекше шарттары болмаса,
еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің
50%-і төленеді.
• Еріп жөретін адамы жоқ баланы халықаралық рейсте тасымалдау үшін,
Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес ақы төленеді.
• Белгілеу пунктіне ұшатын балаларға жүкті тегін алып жүру құқығы және
салонда жеке орын берілмейді.
Ішкі тасымалдауларда жолаушы ақысыз 7 жасқа дейінгі бір баланы оған
жеке орын бермей алып жүруіне болады, ал келесі, ішкі рейстерде жолаушымен
бірге ұшатын 7 жасқа дейінгі балалар толық тарифтің 50%-н балалар билеті
бойынша төлеп, жеке орынмен тасымалданады. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар
ішкі рейстер де балалар билеті бойынша толық тарифтің 50% төлеп, ересек
жолаушылармен бірге, сондай-ақ бөлек те тасымалданады.
Әр баланың жасына қатыссыз тиісті қалыпты немесе арнайы тарифтің 50%-і
тасымалдау үшін төленгенде жеке орын беріледі және қалыпты немесе арнайы
тарифпен төлеген жолаушылар үшін белгіленген норма бойынша багажды тегін
алып жүруге болады. Егер бұл жағдайларда тегін алып жүретін жүк нормасынан
асып түсетін мөлшерде багаж тасымалданса, онда ол тиісті багаж тарифі
бойынша төленеді.
Зембілмен тасымалдауды қажет ететін жолаушыны тасымалдау үшін әуе
кемесінде зембілдер нақты қанша орын алатынына байланыссыз, Тасымалдаушының
нормативтік актілеріне белгіленген тарифке үстеме ақы мөлшерінде төленеді.
1.2. Орынды брондау.
Орынды брондау жолаушыларды тасымалдаудың қажетті шарты болып табылады.
Жолаушыға тиісті түрде толтырылған билет берілмегенше, брондау алдын ала
жасалған болып есептеледі және қажет болған жағдайда жойылуы мүмкін. Толық
немесе жартылай пайдаланылмаған билеті бар және билетінде көрсетілген
ұшатын күнін басқа күнге ауыстырғысы келген жолаушы орынды жаңадан
брондағанда ешқандай артық кезек құқығын пайдаланбайды. Жолаушы тіркеуден
өту үшін әуежайға немесе Тасымалдаушы көрсеткен басқа жіберетін жерге
Тасымалдаушы белгіленген уақыттан кешікпейді немесе тіркеу бойынша
белгіленген нысандылықтар мен тәртіптерді орындайтындай уақытта келуге
міндетті.

толтырылмаған құжаттармен келсе онда тасымалдаушы аталған әуежайда оған

Тасымалдаушыдан бұрын, жүргізілген бронды растауға міндетті, ал трансфер

тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай қарастырылады.

тиіс, егер Тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай
қарастырылмаса.
Бронды растау үшін, жолаушы (ал топты тасымалдағанда топ жетекшісі)
Тасымалдаушының немесе оның агентінің өкілдігінің кеңсесіне кез келген
байланыс құралдарын қолданып немесе жеке өзі жолығуы тиіс.
Егер жолаушы (жолаушылар тобы) брондалған орыннан бас тартса немесе
Тасымалдаушы белгілеген уақытқа тіркеу орнына немесе дұрыс толтырылмаған
құжаттармен келіп, нәтижесінде ол үшін брондалған орын қолданылмаса, онда
жолаушыдан (жолаушылар тобынан) Тасымалдаушының нормативтік актілерінде
қарастырылған жағдайларда және мөлшерлерде ақша ұсталуы мүмкін. Бірақ,
бұндай ақша, егер жолаушы (жолаушылар тобы) бронды жоя алмаса немесе тіркеу
орнына рейстің кешігуі немесе өзгеруі бойынша қону пунктінен өтіп кету
немесе бұл жолаушыға (жолаушылар тобына) брондалған орынды бере алмау
себебінен болса, ақша ұсталмайды. Сондай-ақ, егер жолаушы (топтың бірнеше
мүшесі) дәрігерлік тұжырымдамамен мақұлданған денсаулық жағдайына
байланысты тіркеу орнына келмесе, ақша ұсталмайды. Жолаушының өтініші
бойынша бастапқы брондауға жататын байланыс шығындарын есепке алмағанда,
оның жол жүруі және брондауға қатысты байланыс шығындарын жолаушы төлейді.
Жолда тоқтауға тек қана ол Тасымалдаушымен немесе оның агентімен алдын ала
келісімі және билетте қарастырылса ғана рұқсат етіледі. Егер билет
Тасымалдаушының арнайы тариф бойынша төленген болса, жолда жолаушының
аялдауы Тасымалдаушының нормативтік актілерімен реттеледі.
Жолда тоқтау үшін билетке төлеудің көрсетілген кез келген жағдайларында
мына шарттарды сақтау керек:
1. билеттің жарамдылық мерзімі шеңберінде ғана тоқтауға болады;
2. тиісті елдердің мемлекеттік органдары мен олардың
Тасымалдаушыларының ережелері бойынша тоқтауға болады[4].
1.3. Билеттегі және тасмалдаудағы
өзгерістер.
Жолаушының өтініші бойынша билеттегі өзгерістер Тасымалдаушының
нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Тасымалдаушы тасымалдағы осы қосымша
тарифтер мен жиындарды төлеуді талап етуге тиіс емес. Бірақ, егер қалыптан
жоғары багажды тасымалдағаны үшін жолаушылар тарифі мен тариф өзгертілген
маршрут бойынша төленген сомадан төмен болатын болса, онда айырмасы
жолаушыға қайтарылады.
Егер Тасымалдаушы белгілі бір себептермен тиісті қызмет көрсету класты
салонда жасалған бронға сәйкес жолаушыға орын тауып бере алмайтын болса,
онда:
1. егер жолаушы алғашқыда бронға сәйкес келетін нормалар бойынша оған
тегін тамақ беру мен тегін жүк алып өту құқығын беріп, басқа қызмет
көрсету класты салонда ұшуға келіссе, төленген және ұсынылған класында
тасымалдау құны арасындағы айырма бойынша ешқандай қайта есептеу
жүргізілмейді;
2. егер жолаушы төленгенмен салыстырғанда арзандау класты салонда ұшудан
бас тартса, Тасымалдаушы бұл жолаушыны қонақ үйде орналастыру,
тамақтандыру, Тасымалдаушының рейсінде немесе шетелдік Тасымалдаушының
рейсінде алғашқы брондалған класқа сәйкес, жолаушыға орын тауып бере
алатын уақытқа дейін, жалғастыру;
3. әуежайдан әуежайға ауысуды байланыс құралдары мен жердегі көлікті
пайдалану шеңберіндегі шығындарды төлейді.
1.4. Ақшаны қайтару.
Жолаушы ұшудан ерікті және еріксіз түрде бас тартқан жағдайда,
пайдаланылмаған билет, оның бөліктері, ақылы жүк түбіртегі (ЕВТ) немесе
әртүрлі жиындар бойынша (МСО) ақшасын қайтаруды Тасымалдаушы осы бөлімнің
жағдайларына, сондай-ақ Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес
жүргізеді. Пайдаланылмаған билет оның бөліктері немесе МСО бойынша ақша
қайтару туралы өтінішті Тасымалдаушы билеттің жарамдылық мерзімі ішінде,
бірақ бұл мерзім біткеннен кейін 30 күннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
Ақша билетте көрсетілген адамға, немесе билетті төлеген адамға
қайтарылады.
Билетті төлеген, бірақ билетте көрсетілген адам жолаушы болып табылмаса,
Тасымалдаушыдан немесе оның агентінен осы билет бойынша пайдаланылмаған
тасымал үшін ақшаны кімге қайтару керектігі жөнінде билетте белгі жасауға
құқығы бар.
Ақшаны қайтару Тасымалдаушыға жолаушы купоны мен билеттің барлық
пайдаланылмаған ұшу купондарын немесе аққылы жүк түбіртегін, әртүрлі жиын
ордерінің ауыстыру және жолаушы купондарын көрсеткенде ғана жүргізіледі.
Пайдаланылмаған билет, билеттің бөлігі немесе МСО бойынша қайтарылатын
ақшаның өлшемі Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес анықталады.
Жолаушыға қайтарылатын ақшадан жолаушы немесе оның жүгі үшін Тасымалдаушы
төлеген немесе төлеуге тиіс барлық жиындар, төлемдер мен шығындар
(айыппұлды қоса алғанда) ұсталады.
Жолаушы ұшудан бас тартуға мәжбүр болғанда мына жағдайларда ақша
қайтарылады:
• жолаушының орны брондалған рейстің кейінге қалдырылуы, ауыстыруы,
кідіруі;
• жолаушының тасымалдау құжаттарының дұрыс толтырылмауы; жолаушының
аттану, жету немесе жолда тоқтау пункттері болып табылатын пункттерде
ұшу кестесі бойынша аялдауды кейінге қалдыру;
• . ұшу кестесіндегі көрсетілген уақытқа сәйкес рейстің орындалмауы;
• әуе кемесі типі немесе қызмет көрсету класын ауыстыру;
• ертерек жасалған бронға сәйкес, жолаушыға орын тауып берудің мүмкін
болмауы;
• Тасымалдаушының рейстердің түйілісуін қамтамасыз етпеуі;
• . Жолаушының немесе әуе кемесінде онымен бірге келе жатқан оның отбасы
мүшесінің, дәрігерлік куәлікпен мақұлданған науқасы немесе өлімі.
Ұшудан бас тартуға мәжбүр болғанда жолаушыға төленетін ақша мынадай
жағдайларға сәйкес анықталады:
• егер бірде-бір телімдегі тасымал орындалмаса, онда тасымал үшін
төленген барлық ақша қайтарылады;
• егер тасымал жартылай (бөлігі ғана) орындалса, онда тасымалдың қалған
орындалмаған бөлігінің құнына сәйкес келетін ақша әайтарылады.
Ұшудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда, ақша мына тәртіппен
қайтарылады:
• егер тасымалдау бірде-бір участокта орындалмаған болса, онда жолаушыға
жиынды ұстап, тасымал үшін төленген ақша қайтарылады;
• егер тасымал жарым-жартылай орындалған болса, онда барлық тасымал үшін
төленген ақша мен орындалған тасымал бөлігінің құнына сәйкес келетін
сумма арасындағы айырма, тасымалдың орындалған бөлігіне қатысты
тасымал жиындарын ұстап қалып қайтарылады.
Ақшаны қайтару алғашқы тасымал көлемі валютасымен, жолаушының өтініші
бойынша, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасымен төленеді. Ақшаны қайтару
алғашқыда Тасымалдаушы немесе оның агенттері берген билеттер, әртүрлі жиын
ордері және ақылы жүк түбіртектері бойынша төленеді. Ақшаны қайтару
Тасымалдаушы немесе оның агенті берген билеттер, әртүрлі жиын ордерлері мен
ақылы жүк түбіртектері бойынша, алғашқы билетті, әртүрлі жиындар ордері мен
ақылы жүктің түбіртегін берген елде немесе билет қайтарылатын елдегі
Тасымалдаушының өкілдігінде төленеді[5].
1.5. Жолаушыны тасмалдаудан бас тарту.
Тасымалдаушы мына жағдайларда жолаушыны әуеде тасымалдау келісімін бір
жақты тәртіппен тоқтатуға хақысы бар, егер:
• жолаушы жеке басын тексеруден, қол жүгі мен жүгін тексеруден бас тартса;
• жолаушы тасымалдаушы белгілеген ережелерді бұзса және өз әрекеттерімен
әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірсе;
• бұл үстінен әуе тасымалы жүзеге асырылатын немесе тасымалдауды жіберу
пункті, тоқтайтын жері немесе жету пункті орналасатын мемлекеттің заң
актілері ережелерін жою үшін қажет болса;
• жолаушының тәртібі, жасы, психикалық немесе физикалық жағдайын мынандай
қалыпта болғанда; Тасымалдаушының ерекше көмегін қажет етуі;
тәртіпсіздік, жайсыздық тудырады немесе басқа жолаушылар тарапынан ашу,
ыза тудырады; жолаушының өзіне, басқа адамдар немесе олардың мүліктері
үшін қауіп немесе қатер тудырады;
• жолаушы аталған Ережелерді орындаудан бас тартқан себепті;
• жолаушы тексеруден бас тартқан себепті;
• жолаушы ұшу кезінде үК командирінің бұйрығын орындаудан бас тартқан
себепті.
Егер жолаушыны тасымалдаудан бас тартқанда немесе ол осы Ережелердің
32 тармағында көрсетілген себептермен әуе кемесіне жіберілмесе немесе әуе
кемесінен түсіріліп тасталса, оның осы Ережелердің 83 тармақшасына сәйкес
пайдаланылмаған билет немесе оның бөлігі үшін ғана ақшасын қайтып алуына
хақысы бар.
Егер жолаушыны тасымалдаудан 32 тармақта баяндалған себептер бойынша
бас тартса, онда одан пайдаланылмаған билет пен оның бөлігі үшін ақшасын
қайтарғанда 83 тармаққа сәйкес, сондай-ақ тиісті ақшаларда ұсталады.
Егер әуе кемесіне мүмкін коммерциялық жүк тиеу бойынша шектеулер
шамадан тыс асып кетсе, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,
Тасымалдаушы өзінің шешуі бойынша қандай жүкті, багажды немесе жолаушыны
осы әуе кемесінде тасымалдауға болмайтындығына хақысы бар.
2. Багажды жүк тасмалдау.
2. Жолаушыларға тіркелмеген жүк ретінде шектелмеген мөлшерде және
Тасымалдаушының рұқсатымен мына заттарды алып өтуіне рұқсат беріледі:
• ұшу кезінде қажет болуы мүмкін гигиеналық және дәрігерлік заттар;
• тез бұзылатын заттарды орау және сақтау үшін қолданылатын құрғақ мұз;
• территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге
асырылатын кез келген елдің мемлекеттік органдарының заңдарымен,
қаулыларымен, ережелері және бұйрықтарымен рұқсат етілетін мөлшерден кем
емес көлемдегі алкогольді ішімдіктер;
• шегуге арналған темекі заттары мен қажетті бұйымдар, оның ішінде тек
сұйытылған сорғыш газдары бар оттықтар;
• медициналық мақсаттарда ғана қолданылатын оттегісі бар портативті
баллондар;
• . ортопедиялық жабдықтары үшін қолданылатын көміртегі тотығы бар
портативті баллондар.
Жоғарыда саналмаған заттардың жалпы салмағы әр жолаушы үшін 5 кг-нан
аспауға тиіс.
Қызметтік міндеттерін орындау жағдайындағы адамдар өзімен бірге қару
алып жүруді белгіленген тәртіппен берілген рұқсат бойынша ғана жүзеге
асырады және территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы
тасымал жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың тиісті заңдарын,
қаулыларын, ережелері мен бұйрықтарын орындағанда ғана рұқсат етіледі.
Тасымалдаушы жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде билетте тіркелген жүктің
орнын, санын және салмағын көрсетуге міндетті, бұл жолаушыға жүк түбіртегін
беру деп есептеледі. Сондай-ақ, Тасымалдаушы жолаушыға нөмірлі жүк
белгісінің үзбелі талонын беруге міндетті. әр орындағы жүктің салмағы 30 кг-
нан және өлшемі 50х50х100 см-ден аспауға тиіс, егер басқа жағдай
Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылмаса.
Багажды (жүкті) тіркегеннен кейін, оны сақтау жөніндегі міндеттер
Тасымалдаушыға жүктеледі. Тасымалдаушы, егер жүк қалыпты жағдайларда
қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін чемодандарға, қораптарға, сөмке
немесе басқа да орамдарға оралмаған болса, оны тіркелген жүк ретінде
қабылдамауына болады. Тез сынатын немесе бұзылатын заттарды, ақшаны, бағалы
заттарды, қымбат металдарды, ұқнды қағаздарды, акциялар мен басқа да
құндылықтарды, сондай-ақ қызмет барысындағы құжаттар немесе бұйымдар
үлгілерін жолаушы өзінің тіркелген жүгіне салуға болмайды, ал Тасымалдаушы
тіркелген жүк ретінде тасымалдаудан бас тартуына болады. Тіркелген жүк
жолаушы ұшатын әуе кемесімен тасымалданады. Егер олай тасымалдау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz