Менеджменттің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті

«Бизнес және құқық» факультеті

Баяндама

Пәні: Менеджмент

Тақырыбы: Менеджменттің түрлері

Орындаған: Мен- 19-1 тобының студенті Мизанғұл А.

Қабылдаған : Кирбасова Л.

Ақтау, 2020 ж.

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікеке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді. . Басқаша айтқанда, менеджмент - бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-тәжірибесі.

Менеджмент - нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме жжағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді.

Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады. :

  • Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамаларыбасқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
  • Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтары беріледі.
  • Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
  • Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
  • Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері: тапқырлық, байланысқа бейімділік, сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды.

Менеджментте бастысы - ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік және ағымдық) белгілейді.

Менеджмент- кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы. Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс-жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады. Менеджмент-нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент- бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал американдық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді.

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар:

Ішкі менеджмент - ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Ішкі менеджментті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады.

Ұйымдастыру менеджменті :1) тар мағынасында- басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі- ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптері мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.

Ұйымды біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж. ж. )

Тәжірибе менеджменті- менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар: 1-прагматикалық, 2-ғылыми.

Өндірістік менеджмент- менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы- басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.

Стратегиялық менеджмент -менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі- болжағыштық, мақсаткерлік, келешектігі, стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы менеджмент болады және басқалар.

Менеджмент - дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т. б. ) басталған мезетте пайда болды.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Менеджмент -нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

Көрнекті американ экономисі В. В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджмент - басқарудың жаңа әдісі
Әлеуметтік саладағы менеджер кім
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Қазақстан Республикасындағы менеджменттің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz