Мен – индивид, тұлға, жеке тұлға



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану кафедрасы

ЭССЕ
Тақырыбы: Мен - индивид, тұлға , жеке тұлға

Орындаған: Жаксыликова Ә.
Қабылдаған: Садирбекова Д.

Алматы, 2019 ж

Мен - индивид, тұлға , жеке тұлға
Жеке тұлга туралы тусінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген
Адам -- өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі -- оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға -- бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен -жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері -- оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым -- индивид. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз -- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адам
Адамға қатысты түсініктер: индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтар жайлы
Жеке тұлға құрылымы өмір жолының субъектісі ретінде
Индивид - биологиялық жеке тұлға
ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Тұлғаның әлеуметтену процесі
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Тұлға туралы теориялар
Пәндер