Прекурсорлардың классификациясы және анықтау әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы:Прекурсорлардың классификациясы және оларды анықтау тәсілдері

Орындаған:Уәкілбек А. Н

Тексерген:Нурдаулет Ж.

Алматы 2020

Жоспары:

  1. Прекурсорларға жалпы анықтама
  2. Олардың тізімдері
  3. Анықтау тәсілдері
  4. Қорытынды

Прекурсор (лат. praecursor - бастамашы; жол салушы; негізін қалаушы) - белгілі мақсаттағы зат алу реакциясына қатысатын зат. Мысалы, биохимияда бұл сөз метаболикалы жолдың аралық мүшесіне қатысты қолданылады.

Атап айтқанда, прекурсорлар - Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде аталған есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бақылау жасалуға тиісті заттар.

Сондай-ақ, прекурсор - кез келген әдіс арқылы уытты химиялық заттардың кез келген өндіру сатысына қатысатын, ақырғы өнімнің уыттық қасиеттерін анықтауда маңызды рөл атқаратын және бинарлы немесе көп компонентті жүйедегі өзге химикаттармен жылдам әрекеттесетін химиялық реагент.

2007 жылдан бері термин есірткі, күшті әсер ететін немесе жарылғыш заттар өндірісіне байланысты заттарды белгілеу үшін қолданылады. Бұндай заттардың айналымына шектеу қойылғандықтан химиялық реактив саудасымен айналысатын көптеген фирмалар прекурсорлармен жұмыс жасаудан бас тартады.

  • Преурсорлардың шамаланған тізімі:
  • Антранил қышқылы
  • N-ацетилантранил қышқылы
  • Ацетон
  • Бензилпиперазин
  • Декстрометорфан, соның ішінде оның гидробромиді мен басқа да қосылыстары
  • Изосафрол
  • Калий перманганаты
  • Күкірт қышқылы, тұздары тізімге кірмейді
  • Лизергин қышқылы
  • N-метилэфедрин
  • 3, 4-метилендиоксифенил-2-пропанон
  • Метилэтилкетон (2-бутанон)
  • Метил спирті (метанол)
  • Натрий оксибутираты мен оксимайлы қышқылдың тұздары
  • Норпсевдоэфедрин
  • Пикрин қышқылы
  • Пиперональ (гелиотропин, пирокатех альдегиді)
  • Пиперидин
  • Псевдоэфедрин
  • Сафрол, қоспаларымен қоса оның құрамдастары
  • Сынап, металдық, өлшегіш құрылғыларындағысы тізімге кірмейді
  • Сірке қышқылының ангидриді
  • Толуол
  • Тұз қышқылы, тұздары тізімге кірмейді
  • Фенилсірке қышқылы, тұздары
  • Фенилпропаноламин (норэфедрин, соның ішінде құрамдас препараттары мен қоспалары, тұздары)
  • 1-фенил-2-пропанон (метилбензилкетон, бензилметилкетон, фенилацетон)
  • Фенфлурамин
  • Фосфор, сарысы, қызылы
  • Хлороформ (трихлорметан)
  • Хлорэтил (хлорлы этил)
  • Цианды калий, натрий, мыс және өзге де металдардың цианидтері
  • Эргометрин (эргоновин)
  • Эрготамин
  • Этил эфирі (күкіртті эфир, диэтил эфирі)
  • Эфедрин (соның ішінде құрамдас препараттары мен қоспалары)

Прекурсорлардың бар болуын екі тәсілмен анықтауға болады:

  1. Өндіруші мәлімдеген өнім құрамын зерттей отырып (бұл ақпарат әдетте орамада, пайдалану нұсқаулығында, қауіпсіздік паспортында болады) , кейбір жағдайларда өндіруші фирманың құрамы туралы хаты қажет болуы мүмкін) ;
  2. Аккредиттелген зертханада тауардың химиялық талдауын жасау барысында.

Маңызды! Препаратты бақылаудағы санатқа жатқызу үшін оның құрамындағы прекурсордың проценттік құрамын білу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнама
  2. Бұқаралық ақпарат құралдары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмірсулардың классификациясы және анықтау әдістерінің маңызы
Геодезиялық торлардың классификациясы және құру әдістері
Көпірлі крандардың классификациясы, негізгі механизмдері, өнімділігін анықтау және қауіпсіздік ережелері
Экономикалық-математикалық модельдеудің классификациясы мен әдістері
Сарқынды сулардың классификациясы және тазарту әдістері
Мұнаралы жүк көтеру крандарының классификациясы, негізгі механизмдері және эксплуатациялық өнімділігін анықтау
Геодезиялық торлардың классификациясы және негізгі геодезиялық әдістері
Өнімнің сапа көрсеткіштері: анықтау әдістерінің классификациясы, жіктелуі және атаулықтары
Психологиялық зерттеу әдістері және ұйымдастырушылық әдістердің классификациясы
Тоқыма өнеркәсібіндегі талшықтардың классификациясы және тоқу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz