Қонақ үйлерді басқару ерекшеліктері


Қонақ үйлерді басқару ерекшеліктері
Қонақ үйлер мен мейрамханалар бөлімшелер және жеке қызметкерлер арасында басқару мақсаттарын және талаптарын реттеумен сипатталатын күрделі ұйымдастырушылық құрылымнан тұрады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы ретінде біз басқарушы және басқарылатын жүйелер арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және қатаң бір-біріне бағынатын басқарушы буындардың бірлесуін түсінеміз.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, ұйымның жеке жүйелерінің өзара байланысынан қалыптасады. Мұндай құрылымның жасалуы ең алдымен қонақ үйдің жеке бөлімшелері арасында өкілдіктер мен жауапкершіліктерді үлестіруге бағытталған.
Қонақ үйді басқару құрылымында келесі элементтер ерекшеленеді: буындар (бөлімдер), басқарудың және байланыстың деңгейлері (сатылары) - горизантальді және вертикальді.
Басқару буындарына құрылымдық бөлімшелер, сонымен бірге сәйкес басқару функцияларын немесе олардың бір бөлігін орындайтын жеке мамандар кіреді (мысалы, бірнеше құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетінің координациясын және реттелуін іске асыратын менеджерлер) .
Басқару буынының жасалуы негізінде бөлімнің басқарудың нақты функцияларын орындау міндеті жатыр. Бөлімдер арасындағы байланыстар горизантальді сипатқа ие.
Басқару деңгейі ретінде қонақүйді басқару жүйесінде нақты бір сатыға ие басқару буындарының бірлесуін айтамыз. Басқару сатылары вертикальді сипатта және бір біріне бағынады: жоғары сатыдағы менеджерлер шешім қабылдайды, ол шешімдер нақтыланады және төменгі буындарға жеткізіледі.
Қонақ үй индустриясының басқарушылық тәжірибесінде ұйымдастырушылық құрылымдардың келесі типтері кең тараған:
-сызықтық;
-функционалдық;
-сызықтық-функционалды.
Басқарудың сызықтық ұйымдастырушылық құрылымы
Қонақ үйдегі сызықтық байланыстар сызықтық менеджерден, яғни қонақүй қызметіне толық жауап беретін тұлғадан шығатын басқарушылық шешімдер мен ақпараттардың қозғалысын қамтып көрсетеді. Бұл басқарудың ең қарапайым ұйымдастырушылық құрылымдарының бірі болып табылады. Бұл әр құрылымдық бөлімшенің басында барлық өкілдігі бар және басқарудың барлық функцияларын іске асыратын жетекші бар екенін сипаттайды ( Қосымша И, Таблица 1) .
Сызықтық басқаруда әр буынның және әр қол астындағы жұмысының бір канал бойынша басқарудың барлық бұйрықтары өтетін бір жетекшісі болады. Бұл жағдайда басқарушы буындар өздері басқаратын обьектілердің барлық қызметінің нәтижелеріне жауап береді. Әңгіме әр жетекші берілген обьектіні басқарумен байланысты жұмыстың барлық түрін орындайтыны және шешімдерді өзі қабылдайтыны жөнінде болып тұр. Басқарудың сызықтық құрылымында шешімдер тізбектеле «жоғарыдан төмен» берілетіндіктен, ал төменгі буынның жетекшісі жоғарғы буынның жетекшісіне бағынатындықтан, нақты бір ұйымда жетекшілердің иерархиясы қалыптасады. Осы берілген жағдайда бір ғана басшы басқару принципі орнап тұр, яғни қол астындағылар тек бір ғана жетекшінің бұйрықтарын орындайды. Басқарудың жоғарыда тұрған органы кез келген орындаушыларға олардың тікелей жетешісінсіз бұйрықтар беруге құқығы жоқ.
Басқарудың сызықтық құрылымында әр жетекші толық билікке ие, бірақ арнайы білімді талап ететін және үлкен емес мәселелерді шешу мүмкіндігіне ие.
Басқарудың сызықтық ұйымдастырушылық құрылымының артықшылықтары:
-бұйрықтардың бірліктілігі және анықтылығы;
-атқарушылардың іс-әрекетінің үйлесімдігі;
-басқарудың қарапайымдылығы (байланыстың бір каналы) ;
-анық көрсетілген жауапкершілік;
-шешімдерді қабылдаудағы оперативтілік;
-жетекшінің өз бөлімшесінің қызметінің соңғы нәтижелеріне жеке жауапкершілігі.
Басқарудың барлық функцияларының тиімді жетекшілігін қамтамасыз ететін жан-жақты дайындалған болуы керек деген жетекшіге жоғары талаптар:
-шешімдерді жоспарлау және дайындау бойынша буындардың болмауы;
-ақпараттарды шамадан тыс болуы, яғни қол астындағылармен, жоғарыда отырғандармен және бір бірімен байланысты құрылымдармен шамадан көп контактілер;
-басқарушы төбеде биліктің шоғырлануы.
Басқарудың функционалды ұйымдастырушылық формасы.
Функционалды басқару басқарудың сызықтық жүйесінде шешімдерді қабылдауға керек жұмыстардың нақты түрлерінорындауға мамандандырылған бірнеше бөлімшелердің бірлесуімен жүзеге асырылады.
Мұндағы басты идея жеке функциялардың орындалуы мамандарға жүктелуінде. Ережеге сай, ұйымдағы бір профильдің мамандары құрылымдық бөлімшелерге (бөлімдерге) бірігеді, мысалы маркетинг бөлімі, қонақтарды қабылдау және орналастыру бөлімі, жоспарлау бөлімі және т. б. Осыған байланысты, ұйымды басқару орта буыннан бастап функционалды критерий бойынша бөлінеді. Осыдан келіп басқарудың функционалды құрылымы деген аталым шығып отыр.
Функционалды басқару сызықтықпен қатар жүзеге асады және бұл орындаушыларға екі есе бағынушылықты тудырады.
Басқарудың барлық функцияларын орындауға міндетті жан жақты менеджерлердің орнына өз саласында жоғары компетенцияға ие және нақты бір бағытқа жауап беретін (мысалы, жоспарлау және болжамдау) мамандар штаты пайда болады. Басқару аппаратының мұндай функционалды мамандануы қонақүй қызметінің табысын жоғарылатады.
Функционалды құрылымның артықшылықтары :
-нақты функциялардың жүзеге асуына жауап беретін мамандардың жоғары деңгейдегі компетенттілігі;
-сызықтық менеджерлердің кейбір арнайы сұрақтарды шешуден босатылуы;
-құбылыстар мен процесстердің бір үлгіге салынуы, қалыптасу және бағдарламалануы;
-басқарушылық функцияларды орындауда қосарланушылықты және жанаспалықты жою;
-жан жақты білімді мамандардың қажеттілігінің төмендеуі.
Функционалды құрылымның кемшіліктері:
-«өзінің» бөлімшелерінің мақсаттарын және талаптарын жүзеге асырудағы шамадан тыс қызығушылық;
-түрлі функционалды қызметер арасында әрдайым өзара байланыста болудағы қиыншылшықтар;
-шамадан тыс орталықтандыру тенденциясының пайда болуы;
-шешімдерді қабылдау процедураларының ұзақтығы;
-өзгерістерге баяу көңіл бөлетін қатып қалған ұйымдастырушылық форма.
Сызықтық, сонымен бірге функционалды құрылымдардың кешіліктері сызықтық-функционалды құрылымда шеттетіледі.
Қонақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы.
Мұндай басқару құрылымында биліктің барлығын анықталған бір ұжымды басқаратын сызықтық жетекші жүргізеді. Шешімдерді, бағдарламаларды, жоспарларды дайындауда және нақты сұрақтарды өңдеуде оған функционалды бөлімшелерден (басқармалардан, бөлімдерден, бюро және т. б. ) тұратын арнайы аппарат көмектеседі.
Бұл жағдайда бөлімшелердің функционалды құрылымдары бас сызықтық жетекшінің қол астында. Өз шешімдерін функционалды бөлімшелердің жетекшілері бас жетекші арқылы немесе тікелей атқарушы-қызметінің сәйкес жетекшілері арқылы жүзеге асырады.
Сонымен, сызықтық-функционалды құрылым өзіне сызықтық жетекшілері бар арнайы бөлімшелерді қосады.
.
Қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы оның тағайындалуымен, номерлік қорының болуымен, қонақтардың ерекшелігімен және басқа да факторлар ретімен анықталады.
Әрбір қонақүй кәсіпорны құрылымды өзінің мақсаттары мен талаптарына сай лайықтайды
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы оның квалификациясының және мүмкіндіктерінің өсуін есепке ала отырып персоналдың қызметтік міндеттемелерінің көлемінің өзгеруіне байланысты керек болған жағдайда қайта қаралып отыруы тиіс (жыл сайын немесе жиі) . Тиімді ұйымдастырушылық құрылым нарықта кәсіпорынның көп жыл жұмыс істеу тәжірибесінің нәтижесінде құрылады және динамикалық стратегияның маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қонақ үйді басқарудың типтік пирамидалық құрылымы Қосымша В көрсетілген.
Қонақ үйдің барлық жетекшілері басқарушылық функцияны орындағанымен, бізолар еңбек қызметінің бір түрімен айналысады деп түсінбеуіміз керек. Жеке жетекшілер басқа жетекшілердің жұмысын координациялауға уақыт бөледі, ал олар болса, өз кезегінде, төмен деңгейдегі менеджерлердің жұмысын координациялайды, осылайша басқарушылық емес персоналды - өнімді өндіретін және қызмет көрсететін адамдарды координациялайтын жетекшіге дейін болады. Қосымша В көрсетілген пирамиданың формасы басқарудың кезектегі әр деңгейі, төменгіден бастап, келесіге қарағанда аз адам бар екенін көрсетеді.
Қонақ үй кәсіпорнын басқарудың жоғарғы деңгей қонақүй қожасынан және бас директордан тұрады. Олар, өз кезегінде, стратегиялық сипаттағы жалпы шешімдерді қабылдайды. Мұнда қонақүй қожасы ретінде жеке тұлға немесе үлкен бір бірлестік болуы мүмкін.
Қонақ үй кәсіпорнының стратегиялық мақсатының мысалы ретінде оның қожасымен анықталатын нарықтың анықталған сегментіне көрсетілетін қызметке деген кәсіпорынның ориентациясы болуы мүмкін: топтық туристер немесе жеке туристер, мақсаты сауығу және демалу болып табылатын туристер, немесе конгресстердің және конференциялардың қатысушылары және т. б.
Стратегиялық мақсат ретінде қонақ үй қожасының қонақүй комплексінің құрамындағы мейрамхана тек өзінің ғана қонақтарына қызмет көрсетеді деп шешім қабылдағанын жатқызуымызға болады. Кәсіпорынның негізгі мақсатынан шығатын және бір мысал ретінде қонақүйге орналастыру бағаларының нақты деңгейінің орнатылуы болып табылады.
Мұндай шешімдер мен мақсаттар кәсіпорынның көлеміне және оның құрылысы үшін мекен-жайдың таңдалуына, сәулеті мен интерьерінің таңдалуына, жиһазының, құралдарының таңдалуына, персоналдың жиналуына өте зор әсер етеді.
Ірі қонақ үй кәсіпорындарының басқарушылық құрылымы бас директорге бағынатын 5-6 бөлім директорларының қызметі болуы мүмкін (Қосымша Г) . Бұл тамақтандыру жүйесінің директоры, орналастыру бойынша директор, қаржылық, техникалық, коммерциялық директорлар. Олар басқарудың орта деңгейі болып табылады және жоғарыдағы жетекшілікпен жасалған кәсіпорынның жұмыс істеу саясатының жүзеге асуын қамтамасыз етеді, бұрықтардың бөлімшелерге және бөлімдерге жеткізілуін және орындалуын қадағалайды. Бөлімдердің директорларының міндеттемелері көп және шешім қабылдау еркі бар. Олар сонымен бірге қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сұрақтарды шешеді.
Мысал ретінде, техникалық директор инженерлік-эксплуатациялық бөлімді басқарады. Түрлі кәсіпорындарда техникалық директордың қызметі әр түрлі болып аталады: бас инженер, эксплуатация бойынша директор, ғимараттың бас технигі. Оған ремонтты-эксплуатациялық қызметтің менеджері және инженерлік жүйелер және коммуникациялар қызметінің менеджері бағынады.
Барлық басқару деңгейлерінің жетекшілері, сонымен бірге, орындаушылық функциясын да атқарады. Атқарушылық функциялардың үлес салмағы басшылық деңгейінің жоғарылауымен төмендейді. Есептеулер мынаны көрсетіп отыр: жоғарғы деңгейде олардың үлесі 10% көлемінде, ал орта деңгейде - 50% және төменгі деңгейде - 70% жуық менеджерлердің уақытын алып отыр (Қосымша Л) .
Жалпы уақыттың мұндай үлестірілуі үш деңгейдің де менеджерлері бойынша тапсырмалар және мамандығы бойынша тапсырмалар. Бұл кез келген басқару деңгейінің жетекшісі уақыттың анықталған бір пайызын басқарушылық шешімдерді қабылдауға және анықталған бір пайызын мамандығы бойынша шешімдерді қабылдауға кетіретінін көрсетеді.
Басқару деңгейінің көтерілуімен мамандық бойынша тапсырмалардың үлес салмағы төмендейді, ал менеджмент бойынша өседі.
Ұйымның көлеміне және түріне байланысты, оның салалық және территориялық ерекшеліктеріне байланысты және де басқа да факторларға байланысты әр үш деңгейдегі менеджерлер функциясының құрамының сипаты өзгеріп отыруы мүмкін.
2. 2 Қонақ үй кәсіпорындарындағы басқару формалары
Халықырылақ тәжірибедегі кең тараған қонақ уй кәсіпорндарын басқару формаларына келесілер кіреді:
-келісім шартпен басқару;
-франчайзинг келісімі арқылы басқару;
-аренда.
Қонақ үй кәсіпорындарында мазмұнымен, қызметімен, құрылымымен және орталықтандырылған басқаруымен ерекшеленетін ұйымдастырушылық басқару формасы (акционерлік қоғам (АҚ) ), біріккен кәсіпорындар (БК), синдикаттар, консорциумдар және т. б. кең тараған.
1970 жылдардың басынан кең тараған қонақ үй кәсіпорындардағы негізгі басқару формаларының бірі, ол келісім шартпен басқару.
Келісім шартпен басқару дегеніміз, ол кәсіпорындар типтеріне сәйкес басқаруға мамандандырылған кәсіпорын (қонақ үй) иесі мен менеджер немесе компания арасында келісілген жазбаша келісім.
Осы уақытқа дейін қонақ үй менеджменті саласындағы мамандар қонақжайлық индустриясындағы басқару келісім шарты қай жерде және қай уақытта бекітілгені туралы бір ойға келмеген. Біреулері айтады, басқарудың бірінші келісім шартына ХХ-шы ғасырдың басында «Цезарь Риц Груп» компаниясы қол қойған. Басқалардың айтуы бойынша, бірінші басқару компаниясы «Трэдуэй Хотэл» компаниясы болды, ол АҚШ колледжінен басқаруға алынған орта қонақ үйде өз жұмысын бастады. Үшіншілердің айтуы бойынша, бірінші басқару компаниясы «Уэстин Хотэлз» компаниясы, ол өз қызметін 30-шы жылдардан бастады.
90-шы жылдардың басында қонақ үйлерді басқару бойынша ірі компанияларды бірі болған «Ричфил хоутел менеджмент», «Дкал-бтри хоутел», «Интерстейт хоутелз».
Басқару келісімінің мазмұнына жеті негізгі кезеңдер кіреді:
Компания басқарушысына (оператор) кәсіпорынды басқаруға құқық
беру. Сөйтіп, компания иесі басқару процессіне араласуға құқықтан айырылады.
Түрлі операциядан кеткен шығынды, сонымен қатар, өзінің құқықты
иелігінен шыққан барлық қаржы және оперативті тәуекелді компания иесіне жүктеу.
Операторды қандай да бір іс әрекетінің жауапкершілігінен босату
немесе қорғау, ал арам ниетпен немесе дөрекі абайсыздықтан жасалған іс ірекеттері жаупқа тартылады.
Қонақ үй кәсіпорнын басқару мерзімі, әдетте бес, он және жиырма
жылға келісім бекітіледі.
Таза табыстың немесе жалпы табыстың мөлшерінен басқарушылық
ақы анықталады. Әдетте ол жалпы табыстан 2-4, 5 % немесе таза табыстан. Кейбір келесім шарттар бірінші жылы 2%, екінші жылы - 2, 5%, үшінші жылы - 3, 5%.
Келісімді жаңарту жағдайы. Көбінесе осындай жағдайларда шешім
қабылдау құқығын басқарушы компанияға беріледі.
Қонақ үй кәсіпорындарының басқару формалары басқа түрлерден де тұрады, ол франчайзинг келісім шарты арқылы басқару. «Франчайзинг» термині француздан тараған «franchise» - артықшылық, жеңілдік деп түсінеді және қазіргі замаңғы түсінік бойынша ірі және кіші жеке кәсіпорындар арасындағы келісім шарт жүйесі, кәсіпорындар өз қызметтерін және тауар түрлерін ірі фирманың атымен және сауда маркасымен тауар өндіруге құқық алады.
Қазіргі замаңғы құқық теориясымен қатар, «франчайзинг» терминімен «франшизинг», «франшиза келісім шарты» және «франчайз» терминдері жүреді.
Франчайзинг анықтамасын халықаралық франчайзинг ұйымдарының ассоцияциясы береді. Ол кәсіпорындар қызметімен айналысуға заң тәртібі арқылы қорғау құқығын ұсынатын франчайзерлер (франшизоберушілер), және де осы ұйымның қызметін, оқытылуын жүзеге асыруына және франчайзидің (франшизоалушылар) басқарғанына ақы алуға көмек көрсетеді.
Бұл термин француздардан тараса да, франчайзинг келісім шарты ерекше түрі ретінде АҚШ-та пайда болған. Бұл жүйе 1907 жылы қонақ үй индустриясында қолдана бастады, Ritz Development Company нью-йорктік фирамсынан сатып алып Ritfe-Carlton деп аталуға құқық алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz