ЖИЕКТІ ТІГІСТІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАЙТЫН ҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАСАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 678. 053. 72. 002. 54

ЖИЕКТІ ТІГІСТІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАЙТЫН ҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАСАУ

Техн. ғыл. канд. С. Ж. Баубеков

ХАБАРЛАУ 1

Кіріспе

Қазіргі заманғы жеңіл өндірісінде негізінен жиекті тігісті орындауға жалпы тағайындалған тігін машиналарын қолданады. Мұнда технологиялық процесс оператордың қатысуымен орындалады. Жиекті тігісті орындау оператордан үлкен мұқияттылықты, шыдымды, шеберлікті, процестен қөзалмай үнемі қадағалауды талап етеді. Өйткені жиекті тігіс бұйымды біріктіріп қана қоймайды, ол бұйымның сапасын да анықтайды. Сәл технологиялық шарттан ауытқу, мысалы бұйым жиегінен 0, 1 мм ауытқу бұйымды жарамсыз етеді. Мұндай жұмыс адамды қажытады. Ұзақ уақыт жұмыс істеген адам кәсіби ауруға ұшырайды. Мұндай жұмыстан үлкен өнімділік талап ету мүмкіндігі жоқ.

Жеңіл өндірісінде бұл операция көптеп қолданылады, мысалы жинау тігісі 10 10 операцияда орындалады, оның 60% бұйымның жиегімен түседі [1] .

1. 1. Жиекті тігістерді орындау жолдарының зерттеп

логикалық талын жасау

Белгілі жиекті тігістердің орындалуы тәртіптерін зерттеп мынадай тұжырымға келуге болады [1], жалпы жиекті тігісті мүмкін орындау жолдарын логикалық бұталы тал түрінде келтіруге болады, сурет 1. Мұнда тал бұталары мүмкін болған жиекті тігістердің орындалу әдістерін, жиектің формаларын, бұйымның қозғалу сипатын көрсетеді. Талдың тамырынан жиекті тігістің профилі - бірінші рангты бұта шығады: L - түзу сызықты; R(ϕ) - доға кесінді; R(ϕ), L - кесінділер композициясы, ол түзу сызықты және доға кесінділерден тұрады; R(ϕ), L, γ- комбинациялы сынық жиектер; екінші рангаты бұталар қозғалыс жылдамдығын сипаттайды (ω 1 ω 2 ) ; үшінші рангтаға бұталар - жиекпен қозғаулу әдісін (V 1 V 2 ) ; төртінші рангты бұталар - бұйымды қозғау әдісін көрсетеді (А, Б, В) . Әр бұтаның төбесінде қай операцияда берілген өңдеу әдісін қолдануға болатындығы көрсетілген.

Көп технологиялық опенрациялардың арасында бұйымды жинау операцияларының орны ерекше, оларды автоматтандыру еңбек сапасы мен өнімділігін арттырары сөзсіз.

Бұл операциялардың күрделілігі сонда, ол жиектен 1, 0÷1, 5 мм [1] жерден өтуі тиіс, ал қателік мөлшері модельді аяқкиім үшін ± 0, 1 мм [2] .

Бұл операцияларды орындайтын көптеген құрылымдар белгілі. Бірақ олар жиекті тігісті арнайы даярлаған программа бойынша орындайды.

Арнайы әдебиеттердегі деректерді зерттеу барысында, бұл тақырып бойынша тігісті автоматты түрде орындау мақсатына қолданылатын құрылымдар құны 50-60 мың АҚШ доллары көлемінде екен. Бірақ олар бір тігіс түрінде ғана арналған. Егер тігіс түрі, бұйым өлшемі, фасоны өзгерсе прогораммаларды қайта жасау керек болады, бұл үлкен уақыт және қаржы шығынын талап етеді.

Сурет 1. Жиекті тігістерді орындау жолдарының логикалық талы.

Ал ізшіл жүйелерді қолданып, тігісті автоматты түрде орындайтын құрылымдар тиісті дәлдікпен жұмыс істемейді, өйткені олар инертті, дер кезінде тоқтай алмайды, тез бұрыла алмайды, сөйтіп тігіс қателігін тудырып, бұйым сапасыз болып шығады.

Техникада қатаң программа бойынша (жұдырықша, копир, шаблон т. б. ) жұмыс істейтін құрылымдар белгілі. Бұлар да тігіс түрі, өлшемі, бұйым фасоны өзгерсе қатаң программаны құрылымдарды қайта жасауды керек етеді, бұл қымбат жұмыс.

Тігісті автоматтандыру мәселесімен Қазақстанда басқа ғылыми орталықтар шұғылданбайды, тек М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жеңіл өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасының ғалым-мамандары ғана 1978 жылдан бері шұғылданады. Бұл тақырыпта ондаған өнертапқыштық құжаттар және 90-тен аса ғылыми статьялар жария етілген және шалғай шетелдерде ғылыми конференцияларда талқыланған. Халықаралық көрмелерде жаңа жасалған құрылымдары жүлделі болған. Оларда ТМД елдеріндегі көптеген фабрикаларға өндіріске ендірген.

ТМД елдерінде бұл мәселемен шұғылданатын Россия, Украина, Белоруссия, Молдова, Грузия, Әзербайжан т. б. елдерімен кафедраның тығыз байланысы бар. Ондағы ғалым-мамандармен ылғи творчествалық қарым-қатынасты үзген емес. Бірақ бұл елдерде және шалғай шетелдерде кедергі эффектісіне негізденген құрылымдарды зерттеу және жасау қолға алынбаған.

1. 2. Бұйымды жиекті тігіспен өңдеу әдісінің жазбасы

Бұл жұмыста ұсынылып отырған құрылым жаңа жасалған әдіске негізделген. Жаңа әдісті [3] қолдану жаңа құрылымдарды жасауға мүмкіндік береді [4] . Бұлар да тігу процессін автоматтандыруға көмектеседі.

Сурет 2. Бұйымды бағдарлау процесі.

Мұнда жиекті тігіс орындалатын бұйымды бағдарлап қозғалту көлденең тігіс бағытымен қозғалатын инемен В, сурет 2, түзу сызық 1-1, өзгермейтін мөлшерге υ В және қос роликті қозғағыш С, υ С, өзгергіш шамаға қозғайды. Мұнда υ В < υ С /егер жиек қисығы ішке қарай бағытталса/, немесе υ В > υ С /егер жиек қисығы сыртқа қарай бағытталса/. Осы қозғалыс әдісі, бұйымды лездік айналу орталығы (ЛАО) Р арқылы бұрады, да жиекті 2- 2 нормалында, В, С нүктелері арқылы жүргізілген горизонталь 3-3 сызығына қатысты, α бұрышымен орналасқан тірегіш А апарып түйістіреді. Осы әдіс бойынша кез келген жиекті бұйым бір циклда міндетті түрде тірегішке түйіседі. Оны роликті тасымалдағыштың жетекші механизмде орналасқан солқылдақ құрылымның комегімен іске асырады. Бұл құрылым жиегтің қисықтығына қарай, жоғарыда көрсетілген қозғалыс шамасының υ В , υ С айырмашылығын қамтамасыз етеді. Демек оның жұмысына жиектің қисықтығы программа болады.

Бұл әдіс бойынша көптеген жалпы тағайындалған өндірістік тігін машиналары автоматтандырылып, өндірістік байқаулардан өткен. Мәселен, 330, 550, 224, 597, 697, т. б. тігін машиналары.

1. 3. Автоматтандырылаған құрылымның структуралық схемасын негіздеу

Жоғарыда көрсетілген бағдарлап тасымалдау әдісін іске асыру үшін базалық 330 кл. машинасы негізінде жаңа құрамданған автоматтандырылған [1] машинасы жасалған. Ол: тігіс бағытымен қозғалатын инеден, қос роликті қозғағыш, бұйым шетін тежейтін тіректерден тұрады, сурет 3.

Төменгі қозғағыш ролик С 1 тігіс қадамын өзгеткіш қорап арқылы айналмалы қозғалысқа келеді. Білік 2 - де айналдырғыш дегене 3 фрикциялы муфта 4 арқылы жалғанған, бұл роликкі жұмыс кезінде жиектің қисықтығына қарай қажетінше қозғалыс жасау мүмкіндігін береді. Жоғарғы тасымалдағыш ролик С 2 қозғалысты білік 5 тісті дегенелер 6 және 4 муфта сияқты жұмыс істейтін солқылдақ буын 9 тұрады. Ине В тігіс бағытымен қозғалысты эксцентрикті рычагтар жүйесі арқылы алады, ауытқу мөлшері рычаг 11 сектор саңылауымен бұрып, гайка 16 - мен бекіту арқылы орындалады (сурет 3 ) .

  1. Автоматты машинаның жұмыс істеу реті

Бұйым Д қозғау роликтер С 1 , С 2 және ине В арқылы орындалады. Роликтермен қозғалту шамасы V C , инемен қозғалту мөлшерінен V B кем болғандықтан бұйым жиегі ЛАО (Р) арқылы бұрылып, А тірегіне келіп түйіседі де, Δ мөлшеріне жиек мыжылады. Жиектің тірегішке мыжылу күші, алдын ала материал түріне қарай солқылдақ құрылымның серіппесінің 4 және 7 (сурет 3) қысымын реттеу арқылы таңдалып қойылады. Ол С 1 и С 2 роликтерінің әртүрлі тайғанау мөлшеріндегі қозғалыс моментін қамтамасыз етеді. Осылардың арқасында жиектің артық мөлшерде мыжылмауы қамтамасыз етіледі.

Жиек тірегішке А түйіскен соң сызықты жылдамдықтар V C , V В өзара теңеседі. Бұйым теке қозғалады, ал жиек тірегіштен сәл (0, 1 мм) шамасына тірегіштен алшақтаса, солқылдақ құрылым қайтадан роликтер мен иненің қозғалыс шамаларының айырмашылығын тудырады, да бұйым қайта жиегімен тірегішке түйіседі. Осы түйістіру процессі - жиекті тірегішке

қатысты бағдарлау әр тасымалдау циклында қайталанады, сөйтіп үздіксіз бағдарлау әрекетінің арқасында жиекті тігістің орындалуы бұйым жиегіне эквидистантно - біркелкі болуы қамтамасыз етіледі.

Осы бағдарлау әдісін қолданып автоматы жиекті тігіс жасайтын машиналар жасалды. Оның бірін мына фотолардан көруге болады. Бұларды (сурет 4 қараңыз) көрсетілген операцияларда аяқ киім және тігін, тері галантереясы өндірістерінде қолдануға болады.

Осы операцияларды алғашқы 330 кл негізінде жасалған модель - үлгі автоматты машинамен өндірісте орындалуын мына суреттерден көруге болады (операциялар сурет 4 а, б, в) .

Сурет 3. Автоматтандырылған жиекті тігіс машинасы.

Сурет 4. Автоматты машина орындайтын операциялар.

Қорытынды

1. Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жеңіл өндірісіне жоғары технологияны ендіру мақсатында, өндірістегі технологиялық операциялардың сапасы мен өнімділігін көтеру мәселесі, оларды орындайтын автоматты құрылғылар мен машиналармен жабдықтауды талап етеді.

2. Осыған орай жұмыста жеңіл өндірісінің бұйымдарын жинауда жиі кездесетін жиекті тігісті автоматты орындау тәсілдері мен оны орындайтын құрылғылар мен автоматы машиналар жасалған:

- Бұйымды автоматты бағдарлау әдісі негізінде (А. С. 1333728) тігін машиналары негізінде 330-8, 597 кл. (патент РК №9530, № 11352/02) жиекті тігісті автоматты жасайтын құрылым жасалған;

  • әдіс (А. С. №1333728) негізінде (430 кл. ) машинасын қайта құрамдап, екі бұйымды жиекті тігіспен еріксіз жинау құрылымы жасалған.

3. Жасалған құрылымдар арзан, көп қаражатты талап етпейді. Мысалы: 420 и 438, 4 долларов 330-8 кл. машина үшін; 790 и 810, 4 долларов - 430 кл машина үшіншығынмен жай машинаны автоматты машинаға айналдыруға болады.

4. Өндірістік тексеруден өткен 330 кл машинасы тігіс сапасын көтеруге қол жеткізді. Тігіс дәлдігі 0, 1 мм артық болған жоқ. Бұл қолмен тіккеннен әлдеқайда дәл орындалған тігін тізбегін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көйлек үлгісіне сайкес лекалдарды дайындау
Гобелен тоқудың пайда болу тарихы
Машина инешаншым тігімдері
Киім тігу өнері
Жылытқыш, іштік және аралық материалдар
Қазақ ұлттық қолөнеріндегі тігіншіліктің тігіс түрлері
Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім
Бұрыштық жіктің қалыңдығы
Мектеп оқушыларын ұлттық қолөнер сырмақ сыру өнеріне баулу мүмкіндіктері
Кәсіптік оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz