Қазақ тілі сабағында электрондық оқулықты қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі


Қазақ тілі сабағында электрондық оқулықты қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі.
Абдумажитова Д. Т. филология
факультетінің 3-курс студенті.
Жетекшісі: Амиржаева А. Т.
«Тіл теориясы және оқыту әдістемесі»
кафедрасының оқытушысы.
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу ироцесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде. [1]
Қазіргі заман талабына сай оқушыларды оқытуда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады. [2]
Оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:
- оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу атериалын саналы жеткізуге игереді;
- абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудыңтиімділігін жетілдіреді;
- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
- мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады. [1]
Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылардың төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
- Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады. [1] Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т. б. [3]
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар :
- Жан-жақтылығы.
- Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
- Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
- Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
- Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
- Тұтынушыға бағдарлау. [3]
Қазақ тілі сабағында оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс-әрекеттердің бірі - шығармашылық тапсырмалар болып табылады. Шығармашылық тапсырмалардың өзін балалардың қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты диагностика талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі - тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады. [4] . Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Шығармашылық негізінен оқушыларды жақсы қалыптасуына, жақсы дамуына үлкен көмек береді. Себебі шығармашылық оқушыны сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Қазаіргі күнде электронды оқулықлар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда үлкен рөл атқарады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық -тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. [5] Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушы шығармашылығын дамыту үшін шығармашылық пен шығармашылық қабілет әрекеттін дамытуымыз керек. Шығармашылық қабілет әрекетіне оқушының:
- қызығушылығы - мәтінмен жұмыс істеулер
- танымдылығы - тіл дамыту жұмыстары
- ойлауы - өзіндік жұмыстары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz