Бухгалтерлік есеп туралы мағлұматтар


Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп.
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
Мұнда «Бухгалтерлік есептің» теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы, шоттар мен екі жақты жазу жүйесі, құжаттама, бағалау мен калькуляциялау, сонымен қатар бухгалтерлік есеппен есеп бегуде қолданылып жүрген нысандар тереңдетіліп көрсетілген. Сонымен қатар бұл жұмыста жаңа Типтік шот жоспарына сәйкес негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлы материалды запастар, ақша қаражаттары есебі, есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі, есеп айырысу операцияларының есебі, еңбекақы бойынша есеп айырысу есептері корреспонденциялары келтірілген.
Материалдарды мұндай мазмұндау процесінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттармен жақындасуындағы негізгі бағыттарды қарауға қолайлы мүмкіндіктер жасалады.
Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.
Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
Қазақстан Республикасының 24. 06. 2002ж. №329-11«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» (өзгерістері енгізіліп және толықтырылу) заңына сәйкес:
- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың, жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау;
- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
- ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің басты міндеттерді болып табылады.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттері орындау үшін ол мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
- Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға, бақылауды жузеге асыруға және т. б. үшін қажет. Бұл талапты жүзеге асырған кезде есептік ақпаратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайдаланудың маңызы зор.
- Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдылығы белгілген көрсеткіштердің есеп байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің мерзімді бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
- Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
- Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
- Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолымен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік арттыруға мүмкіндік жасайды. Мұның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
- Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуіне, басқару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz