ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


ЖОСПАР
1. ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ2
2. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІ6
3. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ11
1. ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дебиторлық берешек деп көрсетілген қызмет, жабдықтаушыларға тауарлар және қызмет көрсетулері және т. б. үшін алдын ала төлем жүргізу нәтижесінде туындаған банк әріптестерінің қарызын айтады.
Күрделі қаржы жұмсалымы бойынша дебиторлық берешек есебі жөндеу-құрылыс материалдары, жабдықтар мен құрал-саймандар үшін жабдықтаушылармен есеп айырысу, сатып алу және күрделі жұмсалым мен күрделі жөндеу бойынша шығындар үшін есеп беретін адамдарға аванс нәтижесін көрсететін 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» баланстық шотында жүргізіледі.
Банк қызметкерлерімен есеп айырысу іс-сапар шығыны мен басқа да шығындар бойынша банк қызметкерлеріне берілген аванстық төлемдер сомасын көрсетіп 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» баланстық шотында жүргізіледі.
Басқа да дебиторлар мен кредиторлар есебі уақытша және кездейсоқ сипатқа ие банктің дебиторлық берешек сомасын, басқа баланстық шоттар бойынша түсу мезетінде анықталмаған тағайындау сомасын, сондай-ақ шаруашылық қызметі бойынша есеп айырысу сомаларын көрсететін 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.
Кепіл бойынша дебиторлық берешек есебі берілген кепілдік бойынша қарыз алушының берешегін көрсететін 1861 «Кепілдіктер бойынша дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.
Банкке көрсетілген қызметтер үшін алдын ала төлемдер (үй-жайды жалға алу, телекоммуникациялық қызметтер, телефон және ұялы байланыс қызметтері, пошта қызметі, телеграф қызметі, радио нүкте үшін абоненттік төлемдер, негізгі құралдарды жөндеу үшін алдын ала төлеу, күзет және дабылдама (сигнализация) бойынша қызметтер үшін алдын ала төлеу, коммуналдық қызметтер және т. с. с. үшін алдын ала төлеу) жабдықтаушылар ұсынатын шот-фактуралар негізінде келісімшартта келісілген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі.
Шарт келесілерден тұрады: шарттың мағынасы, мерзімі нысаны, тауарды жеткізу мерзімі мен тәртібі, тараптардың міндеттемелері, міндеттемені орындамаған үшін тараптардың жауапкершілік шаралары, шарттың қызмет мерзімі, тараптардың заңды мекен-жайлары, СТН, экономика секторының коды, резидент екенін дәлелдейтін белгі, тараптардың өкілетті өкілдерінің қолдары, мөр таңбасы. Шарттың бір данасы банктің дебиторлар мен кредиторлар есебі бөлімшесіне тіркеу, сақтау және бақылау үшін беріледі, ал екінші данасы жабдықтаушылар ұйымына беріледі.
Банк бюджет бабындағы келісімшарт негізінде келесі деректемелер бойынша жабдықтаушыға «Іс» папкасын ашады: шарт түрі, негіздеме, төлем ынтагері, шарт нөмірі, жабдықтаушының атауы, шарт сомасы, есеп айырысу шоты (төлем жүргізілетін дербестік шот), шот атауы, бағыты, төлем кестесі.
Түскен құжаттарды тексеріп болғаннан кейін жауапты орындаушы жинақталған және төлем құжаттарын растайды, содан кейін бөлімшеде шоттар бойынша сәйкес бухгалтерлік жазбалар жасалады.
Дебиторлар және кредиторлармен операциялардың шоттарда көрініс табу тәртібі
1. Алғашқы кезең шығындарын алдын ала төлеу (жалдау, жазылу, жарнама, пошта және т. б. ) :
Дт 1791 - «Өзге де алдын ала төлемдер»
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 - «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-қол ақша»
2211 - «Клиенттердің талап етуі бойынша салымдар».
2. Негізгі құралдарды, ғимараттарды ағымдағы жөндеу және т. б. қызметтер үшін алдын ала төлеу:
Дт 1860 - «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 2203 - «Кпиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1051 - «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспондентгік есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-қол ақша»
2211 - «Клиенттердің талап ету бойынша салымдары».
3. Негізгі құралдар, ғимараттарды күрделі жөндеу үшін алдын ала төлем:
Дт 1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1051 - «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспоңцентгік есепшоттары».
4. Алынған, бірақ төленбеген ТМҚ және НҚ кірістеу:
Дт 1851 - «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
1602 - «Өзге тауар-материалдық қорлар»
Кт 2856 - «Күрделі қаржы бойынша кредиторлар»
2860 - «Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар»
5. Үйлер мен ғимараттарды салу кезінде келісімшарт негізінде аванс сомасына:
Дт 1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
Кт 2203 - «Клиенттердің агамдағы есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-қол ақша»
1051 - «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоттары»
2010 - «Корреспонденттік есепшоттар».
- орындалған жұмыс үшін анықтама ұсынған кезде:
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар»
Кт 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар».
- монтаждауды талап ететін негізгі құралдарды алу кезінде:
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар»
Кт 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»;
- үйлер мен ғимараттарды және қондырғыларды пайдалануға беру кезінде:
Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдықтары»
1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар»
1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар»
Кт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар»
6. ТМҚ үшін төлем жүргізгенде:
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспоңценттік есепшоттары»
2010 «Корреспонденттік есепшоттар»
2020 «Басқа банктердің сыйақы есептелген талап ету бойынша салымдар»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»;
- ТМҚ қоймаға кірістелген кезде:
Дт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
1602 «Өзге тауар-материалдық қорлар»
Кт 1860 «Банк қызмет бойынша өзге дебиторлар»;
- Шаруашылық қажеттіліктер үшін аванс беру кезінде:
Дт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»
8. Аванстық есеп беруді ұсыну кезінде:
Дт 5 класс шоттары - бекітілген аванс сомасына
Кт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»;
9. Банк әр айдың соңында есептеу әдісіне сәйкес алынған қызметтер үшін шығындар сомасын есептейді:
Дт 5 класс шоттары
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».
10. Бұрынғы айдағы есептелген шығынды төлеу кезінде есептелген сомаға түзетпе жасау:
Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»
Кт 5 класс шоттары.
11. Мәжбүрлі шығынды есептеу кезінде:
Дт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
Кт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
12. Мәжбүрлі шығындар құрылған дебиторлық берешек сомасын өтеу кезінде:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
Кт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығыңцарға) ақша бөлу»
5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».
Дебиторлық берешек бойынша мәжбүрлі шығындар дебиторлық берешектің қайтарылмай қалу залалдарын жабу немесе олардың құнын азайту (банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша, күрделі салым бойынша, кепілдіктер бойынша, қаржылық фьючерс бойынша) үшін қажетті қаражаттар сомасы.
Банк бухгалтерлік есепте 1462, 1463, 1877, 1878 шоттарда мәжбүрлі шығынның барлық қажетті көлемін есептейді.
2. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІ
Несиелік операциялар сияқты дебиторлық берешектер де 2002 жылдың 16 қарашасында шыққан «Активтер және шартты міндеттемелер жіктемесінің және олар бойынша мәжбүрлі шығындар (резервтер) құру Ережесіне», Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есеп саясатына сәйкес жіктеледі. Жіктемеге (1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар») күрделі салымдарды қаржыландыруға байланысты операциялар бойынша дебиторлық берешек (1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар») банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі, сондай-ақ (1861 «Кепілдіктер бойынша дебиторлар») кепілдіктер бойынша дебиторлык берешек жатады.
Дебиторлық берешек дебиторлардың төлем мерзімдерін қадағалауына байланысты сапасы бойынша бөлек қарастырылады:
1) стандартты;
2) күмәнді, ол өз кезегінде 1-дәрежелі күмәнді - төлемді уақтылы және толық төлеген кезде; 2-дәрежелі күмәнді - телемді кідіртіп немесе толық емес көлемде төлеген кезде; 3-дәрежелі күмәнді - төлемді уақтылы және толық төлеген кезде; 4-дәрежелі күмәнді - төлемді кідіртіп немесе толық емес көлеңде төлеген кезде; 5-дәрежелі - күмәнді болып бөлінеді;
3) үмітсіз.
Банк бухгалтерлік есепте шығындар бойынша толық көлемде және 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) », 1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) », 1469 «Өзге де банктік кызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы, резервтер (мәжбүрлі шығындар) » мәжбүрлі шығындардың сәйкес шоттарында дебиторлық берешек бойынша мәжбүрлі шығындардың барлық көлемін есептеуге міндетті.
Жіктелетін дебиторлық берешек бойынша мәжбүрлі шығынның қажетті көлемі берешек сомадан пайыз ретінде есептеледі (1-кесте) .
1-кесте
- Стандартты
- Күмәнді:
- 1-дәрежелі күмәнді
- 2-дәрежелі күмәнді
- 3-дәрежелі күмәнді
- 4-дәрежелі күмәнді
- 5-дәрежелі күмәнді
- Үмітсіз
0
5
10
20
25
50
100
Дебиторлық берешек жіктемесі және мәжбүрлі шығындардың қажетті көлемін қайта қарастыру айдың соңғы жұмыс күніне дейінгі 5 жұмыс күніне дейін жүргізіледі.
Жалпы мәжбүрлі шығындарды қалыптастыру кезінде:
Дт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған
жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
Кт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) ». Арнайы мәжбүрлі шығындарды қалыптастыру (жоғары тәуекелді күмәнді және үмітсіз дебиторлық берешек бойынша мәжбүрлі шығындар) .
Дт 5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
Кт 1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) ».
Мәжбүрлі шығындардың артық сомасын қайтару кезінде келесі түзетпе өткізбе жасалады:
а) егер банк ағымдағы жылда мәжбүрлі шығындарды қалыптастыруды жүзеге асырса:
Дт 1462 «Банк қызмегіне байланысш дебиторлық берешек бойынша шыгыңцарды жабуга арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шыгындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
Кт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
ә) егер банк ағымдағы жылда дебиторлық берешек бойынша провизияны қалыптастыруды жүзеге асырмаса және:
- активтердің басқа түрлері бойынша мәжбүрлі шығындарды толық қалыптастыру қажет болса:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
Кт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
- активтердің басқа түрлері бойынша провизияларды толық қалыптастыру қажеттілігі болмаса:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
Кт 4941 «Төтенше кірістер».
3. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz